​«Жәрдемақымызды жараттық»: Алтынай Жорабаева қызының атынан ауызашар өткізді

0
430

«Нағашыларына қыдырып барады»


​«Жәрдемақымызды жараттық»: Алтынай Жорабаева қызының атынан ауызашар өткізді

Әнші Алтынай Жорабаева қызының мемлекеттен берілетін жәрдемақысы түскен бойда Шағбан айының құрметіне орай медресеге барып, қари балаларға ауызашар беруді жөн көрген. Бұл туралы әнші «Инстаграм» парақшасында айтты.


«Аминамыздың алғашқы жәрдемақысы түсіп, медресеге шағбан айында ауыз бекіткен хафиз, қари шәкірттерге ауызашар бердік», - деп жазды өнер иесі.


Эстрада жұлдызы медреседен кейін қызымен бірге Шымкентке, төркініне бет алды.


«Қызымыз нағашыларына шықты. Әкесі қатты уайымдап жатыр. «Жауратып алмаңдар! Әңгіме айтып отырып, бір жерде қалдырып кетпеңдер» деп тапсырып жатыр. Енді олай етпейтін шығармыз. Жол болсын!», – деп әзілдеді әнші.