Жұлдызай Дүйсенбиева киносына ең көп билет алған көрерменіне бриллиант сыйлады (Видео)

0
1 017


Жұлдызай Дүйсенбиева киносына ең көп билет алған көрерменіне бриллиант сыйлады (Видео)

Көпшіліктің сүйікті, ерке атрисасы Жұлдызай Дүйсенбиева үлкен экранға "Вайн емес Кино" атты фильмін шығарған еді. Қазір өзі әр қаладағы көрермендерімен кездесіп, бірге кино тамашалауға шақырып жүр.

Кеше өзінің жерлестерімен кездескен актриса ең көп билет алған көрерменге бриллиант жүзік сыйлады. Ол мұнысын "Мен киноға адам тарту үшін сыйлап жатырмын. Қазақ тіліндегі кинолардың рейтингі жоғары болсын" деп өзгелерді де отандық фильмдерді тамашалауда белсенділік танытуға шақырды.


Актриса осы кезге дейінгі қалаларда да көрерменіне жүзік сыйлаған болатын. Халық оның дебютын жоғары бағалап, табандылығы мен еңбекқорлығына тәнті болуда. Көрермендердің айтуынша, "ол тума актриса".

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада біз Жұлдызай Дүйсенбиевамен болған сұқбатты жариялаған едік. Сол кезде актриса өзінің кино түсіруіне не себеп болғанын айтқан еді.