​«Жынды екенімді біледі»: Ерке Есмахан күйеуінің жүрегін қалай жаулағанын айтып берді

0
4 748

«Алла бұйыртса тоқтамай туамын»


​«Жынды екенімді біледі»: Ерке Есмахан күйеуінің жүрегін қалай жаулағанын айтып берді


Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші күйеуі Раймның жүрегін қалай жаулағаны жайлы айтты.


Әнші өзінің «Инстаграм» парақшасына оқырмандарынан сауалнама сұрап, өзіне ұнағандарына жауап берді. Соның ішінде біреудің «Раймның жүрегін қалай жаулап алдыңыз?» деп сұраған. Әнші оған «Жаулайтындай дым істемедім. Керісінше, бар минустарымды, бар жаман мінезімді, стервалығымды көрсеттім. Сонда да жақсы көрем деп тұрып алды. Зато қазір майдай жұмсақпын. Бар жағдайын жасаймын. Қаттыыыы сүйем. Өтірік идеальная болуға тырыспаймын. Жынды екенімді біледі, өйткені. Қыздар, сондықтан қыз жігіттің емес, жігіт сіздің жүрегіңізді жауласын. Ұмытпаңыздар» деп жауап берді.


Оқырмандар арасынан жасы үлкен бір кісі «Айналайын, Ерке, Райымға перзент туып берші» деп өтініш айтқан. «Болды, апа, заказыңыз қабылданды. Алла бұйыртса тоқтамай туамын» деп жазды Ерке Есмахан.


Айта кетейік, Ерке әнші биыл бір баласымен тұрмысқа шыққан. Бұл жаңалық ел ішінде қызу талқыға түскен болатын. Таяуда ерлі-зайыптылар той көйлегімен түскен суреттерін көпшілікке жариялады. «Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен. Алла Бұйыртса жанұямыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз» деді әнші.