Өзінен кішкентай күйеуіне еден жудырған жайдарманшы сынға қалды (видео)

0
20 786

Өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке күйеуіне еден жудырып тағы да сынға ұшырады. Мерекенің жары Арсен төмендегі видеоны желіге жүктегені сол еді 1 тәуліккке жетпей 250 мыңнан аса адам көріп, мыңға жуық пікір жазылған. Бейне жазбада танымал жайдарманшы Мереке еден жуып отырады, күнде еден жуудан шаршаған келін күйеуін қол күреске шақырады. Келісім бойынша жеңілген адам еден жууы керек, нәтижесінде Мерекенің күйеуі Арсен еден жуады.


Өзінен кішкентай күйеуіне еден жудырған жайдарманшы сынға қалды (видео)

Өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке күйеуіне еден жудырып тағы да сынға ұшырады.

Мерекенің жары Арсен төмендегі видеоны желіге жүктегені сол еді, 1 тәуліккке жетпей 250 мыңнан аса адам көріп, мыңға жуық пікір жазылған. Бейне жазбада танымал жайдарманшы Мереке еден жуып отырады, күнде еден жуудан шаршаған келін күйеуін қол күреске шақырады. Келісім бойынша жеңілген адам еден жууы керек, нәтижесінде Мерекенің күйеуі Арсен жеңіледі.

Мұның әзіл екенін білсе де кейбір желі қолданушылары "Қазақтың қыздары келін болып түсіп жатыр әр үйге, бірақ сендей пол жуғанын салған келін көрмеппін! Бұл не бале, не талпиштік, не көргенсіздік, жараспайды бұл нәрсе қазақ келініне, осы ісіңмен бәрінің атына сөз келтіріп отырсың!", "Мереке сен тым үлкен көрінесің..." деген сынды пікірлерін жазуда.

Ал екі жұптың жанкүйерлері оларды мұндай дөрекі сөздерге мән бермеуге шақырып, алдағы уақытта да осындай қызық видеоларын жүктеп тұруды сұрады.


Фото-видео: @arsen.akiev

ERNUR.KZ