​Аяқ-қолдың жиі ісуі қауіпті дерттерге шалдықтырады

0
49 758

Аяқ-қолыңыз ісінуін қатарынан 1 апта байқасаңыз, аз уақытта алдын алып емдеуге болады


​Аяқ-қолдың жиі ісуі қауіпті дерттерге шалдықтырады

Күні бойына аяқта тік тұрып жұмыс істеу, таңнан кешке дейін орындықта отыруды қажет ететін жұмыс орны... Одан бөлек үйде болсаңыз да аяқ-қолыңыздаң немесе таңертең кешкісінісініп кететіндігін байқайсыз ба?

Аяқ-қолдың ең ауыр «жұмыстарды» атқаратынын білсек те оны уақытында күту керектігін ұдайы естен шығаратынымыз жасырын емес. Жүйке жүйесінің соңғы «аялдамалары» орналасқан осынау аяқ пен қолдың ісінуінің өзі белгілі бір қауіптен белгі беретіндігін естен шығармау қажет.

Ісіну – лимфостаз әсерінен болуы мүмкін


Жалпы, лимфостаз – лимфаның іркілуі. Мұндай жағдай адамда ағзадағы жұмсақ ұлпаға сұйықтық жиналып, лимфа тамырлары жарақаттанғанда орын алады. Ауыр жағдайда ол айналасындағы ұлпалардың бәрін жарақаттауы мүмкін.

Аяқ-қолдың ісінуін емдемес бұрын лимфа дегеннің не екенін біліп алу аса қажет.

Лимфа – ағзадағы артық заттар мен бактерияларды, қоқыстарды шайып алып шығатын мөлдір сұйықтық. Осы сұйықтық ағзада артып кеткенде ісіну пайда болады.

Лимфостаз екенін қала білуге болады?

Негізгі белгілері:

  • Аяқ-қолдың ісінуі;
  • Аяқ-қолдың ауырлауы, бірден толысып кеткендей сезіну;
  • Терінің тартылуы;
  • Аяқ-қол буындарының қозғалысы қиындау;
  • Терінің қатаюы немесе қалыңдауы (сүйел немесе су толы түйіртпектердің пайда болуы);
  • Киімге сыймауды сезіну (аяқкиім, білезік немесе сақина, әдетте жайлы болған киімдердің қысатынын сезіну);
  • Аяқ саусақтарының қышынуы, теріне қышуды сезіну;
  • Ұйқының бұзылуы;
  • Шаштың түсуі.

Тоқтату және емдеу жолдары қалай?

Кім де болса қандай да бір жағдайға тап болғанда оның себебі мен құтылу жолдарын іздейді. Аяқтың ісінуінен арылу үшін оның неден пайда боланын анықтап алса, құтылу жолы да оңай болады.

Аяқтың ісінуін болдырмайтын бірнеше жолдар бар. Әрине, оның басында дәрігермен кеңесу және емделу жолдары тұр.

Егер сіз аяқ-қолдың күтімін жасап, ұдайы ылғалдандыратын кремдер мен лосьондарды қолданып жүретін болсаңыз, лимфостаздың алдын алуға бірінші қадам жасадыңыз деген сөз.

Лимфостазды емдеуде лимфа түйіндерін жарақаттап алмауды басты назарда ұстаған дұрыс болмақ.

Ағзада артық сұйықтықтың жиналмауын қадағалаңыз

Ісінуді болдырмас үшін ағзадағы сұйықтықтың мөлшері мен оның ағымын (шығуын) реттеп отырған дұрыс. Ол үшін бірнеше кеңесті назарда ұстаңыз:

  1. Орындықта отырып күн өткізетін болсаңыз (мәселен, жұмыста) аяқты айқастырып отырудан аулақ болыңыз;
  2. Отырысыңызды әр екі сағат сайын өзгертіп отыру да жақсы нәтиже береді;
  3. Денеге жабысып тұратын (балтырды қысатын, білекті сығымдайтын) тар киім де ісінудің алғашқы себептерінің бірі;
  4. Киімнің материалы да маңызды рөл ойнайды, сол себепті, ауа өткізгіштігі жоғары матадан тігілгендерін таңдаған жөн;
  5. Сөмкені қолға немесе білекке ілгенде лимфа түйіндерінен алыс ұстауды кеңес етеміз;
  6. Резеңкесі қатты болатын шұлықтарды таңдауға құмартпаған жөн, сол сияқты басқа да киімдердің лимфа түйіндері мен тамырларын қысып, жұмысына кедергі келтіретіндігін есте сақтаңыз.

Мүмкіндік болғанда, аяқ-қолды жүрек тұсынан жоғары ұстау қажет


Аяқ-қолдың ісінуі байқала бастағанда демалыс уақыттарында мүмкін болғанша жүрек тұсынан жоғары ұстап жатуға жағдай жасап алыңыз. Сонымен қатар, тек көтері қана жатпай әрі-бері сермеп бірнеше секндтің қана жаттығу жасап көп нәтиже береді. Яғни, аяқ-қолды көтеріп қана жатудың көп пайдасы жоқ.

Сол сияқты, демалғанда аяқ-қолды жылытуды да қоя тұрыңыз. Ондай жағдайда барлық лимфаның тездетіп ағып кетуі қиын болады.

Спорт, спорт және тағы да спорт!

Бүкіл әлем мамандары неге спортпен шұғылдану керектігін айтып дабыл қаға береді деп ойлайсыз? Әлбетте, адамдардың денсаулығына орасан пайдасы болғандықтан.

Жеңіл жаттығудан бастап күн сайын болмаса да күн аралата аэробика, билеу, суда жүзумен айналысатын болсаңыз, лимфа түйіндерінде сұйықтықтың жиналып қалуын болдырмайды. Яғни, аяқ-қолдың ісінуінен алыс боласыз.

Аяқ-қолдың таңертең немесе кешкілік уақытта ісіп кетуі қатарынан 10 күн бойына байқалса, демек сізде лимфостаз дерті басталып келеді деген сөз. Емделу керек, «жәй ғана ісіну» деп қарасаңыз, соңы жақсылыққа апармайды. Лимфостаз асқынғанда ісіктің қайтпауы, фиброз, киста сияқты ауыр дерттерге шалдықтыруы мүкін.

Дереккөз: krasotaimedicina.ru, medmanual.ru және т.б.

Дайындаған: Айна Ерман,

ERNUR.KZ