ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?

0
27 909

ЕСІНЕГЕН кезде "ҰЙҚЫМ ҚАНБАДЫ" деп ЖАЙБАРАҚАТ отырмаңыз...


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?

фото: lockerdome.com

Есінеу – адам өздігінен игере алмайтын рефлекс. Бұл еріксіз кез келген уақытта болады. Есінеген кезде біздің миымыз салқындап, дем алып жатқанымызды білеміз. Ал кейде тыныс алуымыз нашарлап, дем жетіспеген кезде есінеп бастаймыз. Мұны жиі-жиі қайталағымыз келіп тұрады. Тап қазір осы мақаланы оқып отырған тұста да сіз есінеп отырған боларсыз. Адам баласы күніне 7 ден 25 ретке дейін есінейді екен. Мұны қалыпты жағдай дей алмаймыз. Егер ЕСІНЕУ ұзаққа созылса әрі жиі қайталанатын болса, онда МЫНА аурулардың белгісі деп білгеніңіз жөн.


СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАУ

Адам шаршаған кезде есіней бастайды. Қалжырап шаршауға ауыр жұмыс, ұйқысыздық пен зиянды тағамдар себеп болады. Бұл жайсыздықтан арылу үшін жақсы демалыс пен ұйқы жеткіліксіз болады. Созылмалы шаршау адамды екі айдан біраз жылдарға дейін мазалауы мүмкін. Мұның соңы жүйке ауруына алып келеді де, нәтижесінде адам үнемі абыржулы күй кешіп, ашу үстінде жүреді. Ағзада үнемі стресс орын алады. Міне, тап осы ауыртпалықтар есінеу арқылы көрініс береді.


ДЕМ ТОҚТАУ

Бұл ұйықтап жатқанда немесе қатты қорылдағанда пайда болады. Бейне бір дем тоқтап қалғандай сезіледі. Мұны өзіңіз емес, жаныңыздағы адам бірден байқайды. Ал кейде өзіңіз де байқайсыз. Бұл тұншығып жатқандай сезімде болады. Аталған ауыртпалықтан да тыныққан ұйқы алып шыға алмайды. Ұйқысы шала болған жан үнемі ашуланып, шаршап, селқос жүреді. Таңғы ұйқыдан аузы құрғап оянады. Міне, бұлар ағза ауаны дұрыс жұта алмағанын білдіреді. Ауаны қажетінше жұту үшін адам есіней бастайды.

фото: twitter.com

АРТЫҚ САЛМАҚ

Толық адамдар да көп есінейді. Бұл:

  • семіздіктің;
  • қалқанша без ауруының;
  • гормондық өзгерістің;
  • талығып шаршаудың;
  • ұйқышылдықтың белгісі.

Қиын тыныс алу өкпенің аса желдетілуінен болады. Көкіректің клеткалары май басады да, салдарынан тыныс алу қиындайды. Бұл кезде адам емін-еркін демалу үшін еріксіз есінейді.


ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ

Жүрек ауруына кезбе жүйкенің шаршауы себеп болады. Ол жүректі, ми мен асқазанды бір-бірімен тоғыстырады. Осы екі ағзаның жұмысы нашарлағанда қан қысымы төмендеп, жүрек соғысы бәсеңдейді. Бұл мазасыздықты сезінген адам есіней бастайды.


ИНСУЛЬТ

Жиі есінеу инсульттің алғашқы белгісі екенін ұмытпаңыз.

Ескеріңіз! Инсульт алатын адамның денесі мен миының қызуы көтеріліп кетеді. Осы кезде ағзаның қызуын түсіріп, бойыңызды салқындату үшін еріксіз есіней бастайсыз.

фото: vladtime.ru


СКЛЕРОЗ

Бұл қауіпті ауру. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұмытшақтық көпшілігіміз бой бермейтін жағдай. Десе де, мұның жүйке ауруларының алғашқы бастамасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұмытшақтық ауру да есінеу арқылы белгі береді.


МИДАҒЫ ІСІК

Есінеуге қатты шаршау мен қалжыраудан бөлек, мидағы ісік те себеп болады. Бұл көп жағдайда көрініс бермейді. Десе де, есінегенде ұйқым қамбады деп жылы жауып қоймай, арнайы дәрігердің кеңесін алғаныңыз жөн.


БАУЫР мен БҮЙРЕКүсті безінің ауруы

Бұл екі мүше ағзаны қажетті гормонмен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Егер мұнда ақау болса, онда гормондық жүйеде өзгерістер орын алады да, адам бойын әлсіздік билеп, есіней бастайды.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді



ТАМАҚ ауруын емдейтін ЖЕТІ әдіс



Өкшенің ЖАРЫЛУЫНА не СЕБЕП болады?