​Қан ҚЫСЫМЫН түсіретін ТОҒЫЗ әдіс

0
11 446

Қан қысымының көтерілгені де, түсіп кеткені де адам өмірі үшін қауіпті


​Қан ҚЫСЫМЫН түсіретін ТОҒЫЗ әдіс

фото: moskva.bezformata.com

Қан қысымы кенеттен пайда болатын қауіпті дерт. Жас таңдамайтын дерттің құрығына ілініп жатқандар бүгінде өте көп. Тіпті, ажалының қан қысымынан келгенін білмей де қалып жатқандар бар. Әр адамдар әр түрлі деңгейді көрсететін қан қысымы секунд сайын өзгеріп тұрады. Оның көтерілгені де, түсіп кеткені де адам өмірі үшін қауіпті.

Қан қысымының өзгеруіне нақты себеп жоқ. Өмір сүру салтымыз, жеген тамағымыз, көңіл-күйіміз, қабылдаған жаңалығымыз да әсер етеді.


Қан қысымы көтерілгендер көп жағдайда сезбей қалады. Егер таңертең сіздің:

  • басыңыз ауырса;
  • құлағыңыз шыңылдаса;
  • басыңыз айналса;
  • мұрныңыздан қан ақса;
  • жүрек соғысы өзгерсе;
  • көру қабілетіңіз төмендесе дереу қан қысымыңызды өлшетіп, дәрігерге тексеріліңіз. Кардиолог сіздің жағдайыңызға қарап, нақты диагноз қойып, қажетті ем-шараларын жүргізеді.

фото: sovet.boltai.com

Қан қысымын қалыпты ұстауға ықпал ететін әдістер:


СЕРУЕНДЕУ мен СПОРТ

Физикалық салмақ қан қысымын түсіреді. Өзіңізді қатты шынықтырудан сақтаныңыз. Күніне 30 минут жеңіл жаттығу жасаңыз және 6-7 шақырым жаяу жүріңіз. Сонымен қатар, велосипед айдау, жүзу, билеу және фитнеске бару да қан қысымын өз қалпына түсіруге оң ықпал етеді.


ТҰЗ

Дені сау адамға тәулігіне 9-12 грамм ғана тұз қолдану керек. Ал қан қысымы өзгеріп жүретіндерге 5 гр. тұз жеткілікті екен. Өйткені тұз да қан қысымының көтерілуіне себепші болады. Мейлінше тамаққа тұзды өте аз мөлшерде қосыңыз.


КАЛИЙ элементі

Бұл минерал ағзадағы артық тұзды сыртқа шығарады. Сонда қан қысымы түсіп, қан жолдары тазаланады.

Мейлінше құрамында калий элементі бар балғын азықтарды тұтыныңыз. Көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз. Әсіресе, салат жапырағын, қызанақты, картопты, қауынды, бананды, авокадоны, апельсин мен өрікті үзбеуге тырысыңыз.

Сүт өнімдерінен сүт пен йогурт жеуге әдеттеніңіз. Дастарханыңыздан жаңғақ пен шекілдеуікті үзбеңіз. Ал бұршақты тағамдар мен балықты жиі жеңіз.

фото: prodavlenie.com


ЖИДЕК

Біріншіден, жидек өте дәмді әрі пайдалы азық. Екіншіден, құрамындағы полифенол заты жүректің саулығы үшін өте қажет зат. Ол инсульттің, жүрек және диабет ауруының алдын алады. Оған қоса, қан қысымын қалпында ұстайды.


СТРЕСС

Бұл қан қысымының көтерілуіне себепші болатын ең маңызды жағдай. Стресс жан мен тәніңізді жаулайды. Салдарынан тамыр соғысы жиілеп, тарыла бастайды. Ал егер стресс алған кезде ішімдік ішіп қойсаңыз, онда жүрек ауруына шалдығып, қан қысымының көтерілуінен өміріңізге қауіп төнеді.

Стрестен арылудың ең тиімді әдісі – баяу ырғақты музыка тыңдау. Көңіліңіз қалаған іспен айналысу. Таза ауада серуендеу. Әзіл-әңгімелер тыңдау. Көңілді бағдарлама қарау екенін ескеріңіз.


ТЕРЕҢ ТЫНЫС АЛЫҢЫЗ

Бұл жүйке жүйесіне пайдалы. Жүйке тыныш болса, тәніңіз де рахаттанады. Тән мен жанның тыныштығы қан қысымын қалыпты ұстауға ықпал етеді. Ендеше, терең тыныс алып, дұрыс демалуға әдеттеніңіз.


МАГНИЙ және КАЛЬЦИЙ

Егер ағзада магний элементі аз мөлшерде азайса да жүректің жұмысына кері әсер етеді. Сондықтан да үнемі ағзаны магний элементімен толықтырып отырыңыз. Кальций де маңызды рөл ойнайды. Сондықтан да құрамы аталған екі минералға бай тағамдарды үзбеуге тырысыңыз. Тамақтану мәзіріңізден сүт өнімдері, бұршақты тағамдар, тауық еті мен жаңғақ үзілмесін. Бұл азықтар өз кезегінде саулығыңызды жақсартып, жүректің жұмысына оң әсер етеді.


ҰЙҚЫ

Ұйқы тыныш болмаса да қан қысымының көтерілуіне ықпал етеді. Сондықтан да ғалымдар қалыпты деп дәлілдеген 8 сағаттық ұйқының нормасын орындаңыз. Ұйқыға жатардан алдын тоя тамақ жемеңіз, су ішпеңіз, жаман ойлардан арылып, терең әрі тәтті ұйқыға еніңіз. Дұрыс ұйықтай алмасаңыз, жүйке, жүрек, көз және бас ауруына шалдығатыныңыз сөзсіз.

Ұйқының бұзылуы салмақтың артуына да себепші болады. Ендеше, өзіңізге ұанамайтын, саулығыңызға кері әсер ететін жағдайлардан арылғыңыз келсе, ұйқыны реттеңіз.


Ғалымдар:

  • 18-64 жастағыларға 7-9 сағат ұйқы;
  • 64 жастан асқандарға 7-8 сағат ұйқы жеткілікті дегенді айтады. Ендеше, саулығыңызды, сымбатыңызды жақсартқыңыз келсе, бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта оянуға дағдыланыңыз.


КОФЕИН

Қан қысымы көтерілген кезде 1 шыны қою демделген шай немесе кофе ішіңіз. Егер бұл сусындарды үзбей ішетін болсаңыз, саулығыңызға кері әсер етеді. Жүректің жұмысын өзгертеді, қан қысымын көтереді.

Ал кардиолог мамандар күніне 3 шыны кофе ішуге рұқсат дейді. Тіпті оның пайдасы мол екенін де алға тартады.

Егер қанша дәрі ішсеңіз де қан қысымы көтерілетін болса онда ми, жүрек және бүйректің саулығын тексертіңіз.


Қан қысымы көтеріліп кететіндерге:

Алкоголді ішімдік ішуге, темекі шегуге, семіруге үзілді-кесілді тыйым салынады. Себебі бұл үшеуі жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысына кері әсер етеді.

Ендеше, өміріңізге балта шабатын қан қысымын қалыпты ұстауға әдеттеніңіз.


Дереккөз: style.rbc.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ІШІ қатса БАЛ қосылған СҮТ ішкізіңіз


Бұл БЕЛГІЛЕР ағзаның ШЛАКҚА толғанын білдіреді


Қолтықтың ТЕРЛЕУІ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?