​Жүректің ишемиялық ауруы туралы не білеміз?

0
5 467

Дерттің қауіптілігі – өлімге әкеледі.


​Жүректің ишемиялық ауруы туралы не білеміз?

фото: medaboutme.ru

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – жүрек артериялары жүрекке оттегіге бай қанды жеткілікті түрде жеткізе алмаған кезде дамитын жүрек ауруының бір түрі. Бұл бүкіл әлемде кең таралған. Дерттің қауіптілігі – өлімге әкеледі.


Аурудың белгілері:

Жүректің ишемиялық ауруын анықтау қиын емес. Кардиолог дәрігерге бармай-ақ мына белгілер арқылы дертіңізді біле аласыз. Мәселен, физикалық жүктеме кезінде қысылсаңыз, кеуде сүйегінің арты ауырса, қол-иық, жақ, тамақ немесе арқа ауырса да осы дерттің белгісі болуы мүмкін. Одан бөлек:

  • Мұздай тер шықса;
  • Басыңыз айналса;
  • Жүрек айныса;
  • Мойыныңыз ауырса;
  • Белсенді қимылдаған кезде ентігіп қалсаңыз;
  • Ұйқыңыз бұзылса;
  • Бойыңызды әлсіздік билеп, шаршай берсеңіз, онда кардиолог дәрігерге тексеріліңіз.

Негізінде әйелдерге қарағанда, ерлердің кеуде тұсы жиі ауырады.

фото: zdorovieinform.ru


Аурудың пайда болуының себеі:

Жүректің ишемиялық ауруының үш негізгі түрі бар: обструктивті, обструктивті емес және коронарлық микротамырлы ауру.

Біздің қоғамда көбінесе обструктивті және обструктивті емес түрлері кездеседі. Жүректің қан тамырларының жұмысындағы проблемалар жүректің ишемиялық ауруын тудыруы мүмкін. Мысалы, қан тамырлары жүрекке оттегіге бай қан қажет деген белгілерге жауап бермеуі мүмкін. Әдетте, адам физикалық белсенділікте немесе стресс жағдайында қан тамырлары көбірек қан ағымын қамтамасыз ету үшін кеңейеді. Егер сізде коронарлық артерия ауруы болса, бұл қан тамырларының мөлшері өзгермеуі мүмкін немесе қан тамырлары тіпті тарылуы мүмкін. Оған қоса:

  • Созылмалы қабыну, жоғары қан қысымы немесе қант диабеті нәтижесінде артериялардың немесе ұсақ қан тамырларының қабырғаларының зақымдануы;
  • Қалыпты қартаю процесінің бөлігі болып табылатын молекулалық өзгерістер. Молекулалық өзгерістер жасушаларда гендер мен ақуыздардың қалай басқарылатынына әсер етеді.

Жүректің обструктивті емес ишемиялық ауруы кезінде коронарлық артериялардың ішкі қабырғаларының зақымдануы олардың кенеттен қысылуын тудыруы мүмкін. Қысылу артериялардың уақытша тарылуына және жүрекке қан ағынын бөгеуге әкеледі.

Уақыт өте келе тамырларыңыздың қабырғалары майлы шөгінділермен жабылуы мүмкін. Бұл процесс атеросклероз деп аталады, ал майлы қабаттар атерома деп аталады. Атеросклерозға темекі шегу және алкогольді шамадан тыс ішу сияқты өмір салты факторлары себеп болуы мүмкін.


Ауруды анықтау

Жоғарыдағы белгілер сізді мазаласа, онда дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Егер сіздің дәрігеріңіз жүректің ишемиялық ауруы қаупі бар десе, толық медициналық тексеруден өтуіңіз керек. Оған қоса, отбасылық тарихыңыз мен өмір салтыңыз да маңызды. Қан сараптамасынан бөлек, қосымша сараптама жасатасыз. Нақтырақ айтқанда:

  • жүгіру жолы сынағы
  • радионуклидтерді сканерлеу
  • компьютер
  • томография
  • МРТ
  • коронарлық ангиография жасалынады.

фото: center-openheart.ru


Емделу жолдары

Дәрігер сараптамасының нәтижесіне қарай қажетті ем тағайындайды. Жүректің ишемиялық ауруын емдеуді салауатты өмір салтын өзгертуден бастаңыз. Одан бөлек, дәрі-дәрмекпен қоса, мына ем-шараларын жүргізесіз:

Артық салмақтан арылыңыз

Артық салмақ қандағы холестеринді көбейтеді, қант диабеті сияқты жүректің ишемиялық ауруын тудыратын дертті қоздырады. Ал одан арылу қан қысымының көрсеткіштерін де жақсартады.

Физикалық белсенді болыңыз

Тұрақты физикалық белсенділік жоғары қандағы холестерин, жоғары қан қысымы немесе артық салмақ пен семіздік сияқты жүректің ишемиялық ауруы үшін қауіп факторларын жоюға көмектеседі. Кез келген жаттығу бағдарламасын бастамас бұрын дәрігерден физикалық белсенділіктің қай деңгейі сізге сәйкес келетінін сұраңыз.

Диета ұстаңыз

Гипертонияны тоқтатуға арналған диеталық тәсілдерді негізге ала отырып тамақтану мәзіріңізді өзгертіңіз. Мейлінше жүрекке пайдалы тамақты тұтынасыз. Балғын жемістерді, көкөністерді және тұтас дәнді-дақылдарды жиі жеңіз. Ал қаныққан майды, тұзды, қантты және алкогольді тұтынуды шектеңіз.

Стресстен сақтаныңыз

Стресті басқаруды, демалуды және қиындықтармен күресуді үйрену эмоционалды және физикалық денсаулығыңызды жақсартады.

Шылым шегуді тастаңыз

Никотин мен хош иістендіргіштер жүрек пен өкпеге зиян тигізуі мүмкін деген ғылыми дәлелдер бар.

Ұйқыны жақсартыңыз

Жақсы әрі сапалы ұйқы денсаулығыңызды жақсартады. Ересектерге ұсынылатын ұйқы мөлшері күніне 7-ден 9 сағатқа дейін екенін ескеріңіз.


Дереккөз: moezdorovie.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз


Вирусты ИНФЕКЦИЯНЫ қалай ЕМДЕЙМІЗ?


ОҚУШЫНЫҢ ас мәзірінде БҰЛ ТАҒАМДАР міндетті түрде болуы керек (дәрігер жауабы)