​«Енемнің қасында жатады»: Қызылордалық жас келіншек құрсақ көтере алмай жүргеніне күйеуін айыптайды

0
6 796

«Осындай да бола ма, айтыңыздаршы...»


​«Енемнің қасында жатады»: Қызылордалық жас келіншек құрсақ көтере алмай жүргеніне күйеуін айыптайды

Шаңырақ көтерген жастар үшін оңаша отаудың болуы маңызды. Бірақ отауы бола тұра бас қосқан жастардың төсекте тәні табыспаса, ол қалай?

Осындай да өзекті мәселе бар екенін ERNUR.KZ тілшісіне қызылордалық жас келіншек баяндап берді.

«Оны түсінбейтіндей енем кәрі емес. Кәрі болған күнде де жастарды оңаша қалдыру керек екенін атам заманнан біледі. Бірақ менің енем ондай емес. Баласын қасынан шығармайды. Түнде де... Осындай да бола ма, айтыңыздаршы», - деп күйінеді ол.


Келіншектің айтуынша, шаңырақ көтергелі екі жылдан асқан. Бірақ әлі перзент сүйіп үлгермепті.

- Қалай жүкті боламын, егер күйеуім күнде анасының қасында жатса?!

Үйіміз үш бөлмелі, бар жағдайы жасалған. Бір бөлмесі біздің жатны жайымыз, екіншісі қонақ әрі ас ішетін бөлме. Үшіншісі соның арасындағы ортаңғы бөлме. Енем сол жерде жатады. Үлкен үй тұрғызып алғанша деп соғылған уақытша үйіміздің қабырғасы да жұқа, ішіндегінің бәрі жөтелгенге дейін естіледі.

Келін боп түскенде атам тірі еді. Ескі үйді бұзып тастағанға дейін олар сонда жатып жүрді. Үш айдан соң атам қайтыс болды да, енем ортаңғы бөлмеде жататын болды. Күйеуімнің де қазадан қабырғасы қайысып жүрген соң оңаша қалу туралы ойламадық та. Атамның жылдық асын берген соң үйді тазалап, апамның төсегін қонақ бөлмеге жинадым. Енді біздің бөлменің алдында жатқаны ұят болар деп ойлағанмын. Бірақ шу шығып кетеді деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген.


Кешкісін апама жайлы етіп қалыңдап төсегін салдым. Бар жағдайын жасап қойғанымды көрген күйеуім үндемей түсінді менің ойымды. Бірақ апам шу шығарды. «Менен құтыла алмай жүрсеңдер, айтыңдар. Бұлай шығарып тастағанша далада қаңғып өлейін. Мені неге тастап кеттің, шал-ау?! Көрдің бе, жалғыз ұлыңның не істеп жатқанын?» деп айғай салып жыласын.


Қорқып кеттім, ондай ойым да жоқ. Тек күйеуіммен оңаша қалғанымыз дұрыс шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, апам басқа деп түсініпті. Қан қысымы көтеріліп кете ме деп қорқып тез арада төсегін қайтып орнына салдым. Аз болғандай ұрсып-ұрсып баласын да қасына алып жатып алды. «Менің қасымда жатасың, түнімен шошып шығып жүрмін» деген соң ол да амалсыз көнді.


Қазір міне, жыл болды. Әлі күнге күйеуім анасының қасында жатып ұйықтайды. Күнде бір сылтау. Бір күні шошиды, екінші күні аяғы ұйып қалады, үшінші күні қолы сіресіп қалады. Әйтеуір, атам қайтыс болғалы баласынан қасынан шығарғысы келмейді.


Түсінемін, жалғыз ұлы. Үлкен әпкеміз бен арасындағы екі баласы жастай шетінеп кеткен. Тастап кетеді деп ойлай ма әлде менен ұлын қызғана ма, түсінбеймін. Атамыз кеткен соң осылай болып қалды.

Менің уайымым басқа. Келін болып түскеніме екі жылдан асса да әлі құрсақ көтере алмай жүрмін. Ұят болса да айтайын, қалай жүкті боламын?! Егер бізде ойдағыдай төсек қатынасы болмаса?! Күйеуім кейде жұмыстан шаршап ұйықтап қалады, кей күні анасынан тығылып қасыма келім кетеді. Онда да естіп-сезіп қоймасын деп... Асығыс-үсігіс...

Қалай бала болады мұндайдан?! Білмеймін, енді енеммен келісіп аламын-ау. «Төрт күн сіздің, үш күн менің қасымда жатсыншы» деп. Әзілім ғой, бірақ кейле расында солай айтқым келеді.

Жақында «неге көтермей жүрсің?» деп өзіме кінә таққандай болды. Айтуға оқталдым, бірақ ұялдым. Жеке қалғанда сұраса айтар едім, сол үйде әпкем қонаққа кеп отырған. Күйеуіме «түсіндіріп айтып көр» десем, ол да ұялады. «Өзі бір күні түсінер» дейді. Білмеймін, енді не істерімді.

Жұрттың бәрі бала туралы, жүктілік жайында сұрағанда күйініп кетемін, - дейді келіншек.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Ұл туасың» деп жегізген: шымкенттік келіншек ырымнан соң ұшынып қатты ауырып қалған


«"Групповой" дейді»: алматылық келіншек күйеуі өзгеше жыныстық қатынас ұсынғаны үшін ажырасып кеткен