​«"Групповой" дейді»: алматылық келіншек күйеуі өзгеше жыныстық қатынас ұсынғаны үшін ажырасып кеткен

0
12 499

«Сасқанымнан «сонда қалай?» деппін»...


​«

иллюстрациялық сурет интернеттен алынды

ERNUR.KZ тілшісіне хабарласқан келіншек өзін алматылық деп таныстырды. Аты-жөнін атамауды және басқа да нақтылықтарды сұрамауды өтінген ол шаңырағының шайқалғанына туыстарының барлығы өзінен көріп жатқанына шыдай алмаған. Күйеуінің азғындық жолға түсе бастағанына шыдмаған көрінеді.

- Менің орнымда болса кез келген әйел солай етер еді деп ойлаймын. Ол үшін мен күйеуімді, балаларымның әкесін сотқа сүйрей алмаймын. Тек осылай ғана шерімді ақтарып, ақталғым келеді. Әйтпесе, туыстардың «құтырған, басқа біреуі бар» деп кінәлауы, оның барлығы менің үш балама дейін жетіп жатқаны жанымды ауыртып жүр, - дейді ол.


Үш балалы келіншектің айтуынша, сүйіп қосылған күйеуі бұрын ешқандай тосын мінез танытпаған.

- Неден басталғанын білмеймін, әлде кейінгі тапқан жолдастары, ортасы өзгерді ме, әйтеуір менің түйсігіме сыймайтын ұсыныстар жасай бастады. Көпшіліктің көзінше жаныма жолай беруге, қолымнан ұстауға ыңғайсызданатын күйеуімнің бұлайша өзгеруіне не себеп болғанын біле алмадым. Бірақ әрі қарай бірге тұруға шыдамым жетпеді.

Үшінші баламды туған соң бірде үйге фильмдер жазылған диск алып кетіпті. Балаларды ұйықтатып тастап, екеуміз отырып көрдік. Арасында эротикалық та кино бар екен. «Тәжірибе жинайсың» деп күлген оның мұнысын онша қабылдай алмасам да, бұдан кейін де бірнеше рет бірге көрдік. Жоқ демеймін, жұбайлық жақындығымыздың жақсаруына себеп болды. Бірақ күйеуіме одан да зоры керек бола бастаған сыңайлы екенін сездім.


Бірде әзіл-шынын араластырып «"групповой" деген қалай болады екен?» дегені. Басында түсінбей қалып кейіннен әзілдеп отырған болар дедім. Содан кейін де бірнеше рет қайталап қалды. Күмәнмен қарасам да ондай азғындыққа күйеуімді қимадым.


Сөйтіп жүргенде үлкен қызымыз ауруханаға түсіп қалды да, төсек жайында ойлауға шамамыз келмеді. Зыр жүгіріп жүріп үш ай дегенде сауығып, өзіміз де ес жинадық.


Баяғы жайбарақат күйімізге қайта келгенде күйеуім тағы да «сондай жұптар бар екен» деп ойын білдіре бастады. Сонда ғана жан-тәніммен түсініп оның ойынан шошып кеттім. Сасқанымнан «сонда қалай?» деппін. Ол мені көнді деп ойлап қалса керек, жалма-жан телефонын алып ондағы сұмдықты көрсетіп жатыр. Жерде екеу, кереуетте екеудің бір-біріне қарап қойып шаруаларын тындырып жатқанынан жиіркеніп кеттім.


Алғашқы ұрыс-керісіміз сол күні басталды. Басқалар жоқтан, жетіспеушіліктен ұрысса, бізде төсек үшін жанжал болды. Басқа жағдай болса құрбыңа, бауырыңа немесе абысыныңа айтып жылап аласың ғой, күйеуіңді жамандап. Мынадай сорақылықты айта да алмайды екенсің, масқара-ай.


Күйеуім сол қыңқылынан танбады. Тура бір жыл бойы реті келсе "групповойды" айтып қалып жүрді. Телефоны сондай бәлелерге толы, түнделетіп көретіні де сондай фильмдер. Мінезі де, жүріс-тұрысы да өзгере бастады. Кейде ұрыс-керістен соң әдемі киініп алып кетіп қалады да, бір-екі күннен соң көңілі көтеріңкі болып оралады. Маған сатқындық жасап жүргенін сездім, көз алдыма елестеп жаным жараланды. Бұрынғы сезімімнен дым қалмады, күн өткен сайын одан жирене бердім.


Ажырасуға соңғы нүктені қойған оның уатсап желісі арқылы сондай ниеттес біреулермен сөйлескен хабарламасы болды. «Бүгін келіңіз, үш жұп боламыз, өткендегіден де ыстық түн болады» деген сөздің артынан жалаңаш біреулердің арасында оның да бейнесін көріп жаным шығып кетті. Ол менің көз алдымда азғындады. Ажырасатынымды айтқанымда «бәріне сен кінәлісің, мен саған қанағаттанбаймын» дегені тіпті, ауыр соққы болды. Бұдан кейін онымен тұра алмайтынымды түсіндім де, соңғы шешімді қабылдадым.


Ол жаман әке, жаман отағасы болған жоқ. Ештеңеден тарықтырмады, көп еркектер сияқты масыл да болмады. Тіпті, оны төсекте жаман күйеу деп те айта алмаймын. Бірақ оның соңғы әрекеттері мен үшін азғындық, маған деген сатқындық. Сондықтан да онымен тұра алмайтынымды түсіндім.

Бірақ туыс-таныстың барлығы, тіпті, туған бауыр, анам да «есіргендіктен ажырасты» деп санады. Ал мен оларға себебін айта алмадым. Қазір енді мүмкіндік болса, мені кінәлаушылардың барлығанан алысқа, бөтен қалаға көшіп кеткім келіп жүр, - деген келіншек осы оқиғасын жариялауды өтініп сұрады.


«Сырттай кінәлаймыз ғой, бірақ анығында не болып жатқанын білмеуіміз мүмкін. Сондықтан ажырасқанның барлығының сыртынан тон пішуге болмайды... Кейде бақытсыз әйел көрсем күйеуі менің күйеуім сияқты болса ше деген жаман ой зу ете қалатын болыпты миымда. Қорқып кетемін... Төсегін, некелі жарын басқалармен бөлісіп, тек некелі жұптардың ортасында ғана болатын төсек ләззатын басқаларға көрсету және басқалардыкін тамашалау – азғындықтың белгісі. Мен оны кешіре алмаймын», - дейді ол.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«ЕНЕМ бөлмемізге рұқсатсыз кіреді»: түркістандық келіншек ренішін айтты


«Қатерлі ісік бар, көмектесіңіздерші»: алматылық азамат қалай алданғанын айтты