​«Көйлегіме мысық орап көмген»: Қазақстандық келіншек қорқынышты оқиғаның куәсі болғанын айтып берді

0
3 843

«Дуалау деген осы ма?»


​«Көйлегіме мысық орап көмген»: Қазақстандық келіншек қорқынышты оқиғаның куәсі болғанын айтып берді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«Көйлегімді, тағы басқа кимейтін киімдерімді қосып ауылға беріп жібергенмін... Бұдан кейін біреуге киім беруге де қорқып қалдым...» деп ERNUR.KZ тілшісіне хабарласқан Айдана есімді келіншек өзінің қорқынышты жағдайды басынан кешіргенін айтып берді.


- Дуа, дуалау дегеннің бар екеніне бұрын сенбейтінмін. Ал мына жағдайда ойыма басқа ештеңе келер емес. Кімге ұнамай, кімнің алдын кестім екен? Ешкімге зияным жоқ, өз бетімше өмір сүріп жатқан жанмын, - деген ол қорқып қалғанын айтады.


- Үйде артық киім сақтамайтын, қажет дегендерге бере салатын әдетім бар еді. Киілмей тұрғанша деп алыс-жақындарыма беріп жіберемін. Балалардың да киімін солай ететінмін. Ең алдымен жақын туыстарға, сосын басқаларға ұзатамын. Кейде сіңлілерім мен қайынсіңлі, келіндер «әпке, киіміңіз бар кимей жүрген» деп қалап әкетеді.

Бірақ өткен жылғы болған оқиға маған қатты ой салды. Тіпті, қазір біреуге затымды беруге де қорқамын. Өйткені...

Өткен жылы үйдің сыртын, ауланы ретке келтіріп, жақсы жөндеу жүргіздік. Ескі ағаштарды қазып тастап, орнына жаңасын егіп, жарылып кеткен бетонды қопардық. Мен гүлдердің орнын ауыстырғым келіп көмектесіп жүрдім.


Бір кезде күйеуім шақырып «көйлегіңді неге жерге көміп тастағансың» деді. Қазылған кәрі алма ағашының түбінен менің жас күнімде киген шифон көйлегімнің етегі шығып тұр. Менің көйлегім екенін өзімнен бұрын күйеуім де танып тұр ғой. Ондай киім көметін әдетім жоқ, мұнда неғып жатқанын түсінбей далмын. Әрі қарай қаза бердік.


Сенесіз бе, көйлегім өте ұқыпты оралған, сыртынан тағы бір мата ақпталыпты, онысы шіри бастапты. Ал көйлектің ішінен кішкентай жануардың қаңқасы шыққанда денем мұздап кетті. Бойым дірілдеп, жерге отырып қалдым. Балам жүгіріп су әкеліп, өзімді әрең бастым. «Мысықтың қаңқасы ғой» деген күйеуім оны май құйып өртеп жіберді.


«Біраз жыл жатқан ңой мына жерде, шіри бастапты» деді күйеуім.


Түкке түсінбедім, көйлекті жақсы танып тұрмын. Келін болып түскеннен кейін дүкеннен сатып алынған қымбат көйлек. Кейін үш балалы болған соң өлшемі де, сәні де жасыма жараспайтын болған соң беріп жібергенмін. Бірақ кімге бергенім мүлде есімде жоқ.

Балалардың біреуі мысық орап көмді дейін десем, кішкентайларынан мысықтан қорқады, жоламайды. Оның үстіне мынау баланың істегені емес, өте ұқыпты жасалған. Суретке түсіріп алып біраз күн қарап жүрдім де, қатты әсер ете берген соң күйеуім ұрсып, өшіріп тастады. Сонда да ойымнан кетер емес.


Үлкендерден сұрасам, «дуа жасалған шығар» дейді. Үлкен әпкем әбден ұрысты. «Дуа деген бар, біреудің тыныш өмірін күндейтіндер көп. Кім болса соған тарата бересің киіміңді. Көрдің бе? Қайбір жылы екі өлімнен қалып едің» деп осыдан 4-5 жыл бұрын бір жылда көлік апатына түскенімді, одан оңала бергенде асқазанымнан ісік табылып, пышаққа түскенімді еске салды. Тіпті, сол екі-үш жылда үйімізден береке кетіп, бірімізден соң біріміз ауырып қатты әбіржіп кетіп едік.


Алла кешірсін, шынында біреу жамандық жасады ма деп ойлаймын.

Содан бері біреуге киім, зат беруді тоқтаттым. Одан да ошаққа салып өртеп жіберетін болдым осы күні. Балалырма да киімдерін біреумен ауыспауын, ешкімге бермеуін қадағалап отырамын, - деген ол көпті де солай етуге кеңес берді.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Сені әке демеймін»: 23 жылдан соң табылған баласы тараздық азаматты ренжітіп кеткен


«Әке-шешеме зейнетақысын бермейді»: түркістандық әйел ата-анасының аянышты жағдайын айтты