​«Өлген адамның ішкиіміне таласты»: шымкенттік әйел сұмдық жайтқа куә болғанын айтты

0
2 849

«Дамбалда береке бар» дейді екен...»


​«Өлген адамның ішкиіміне таласты»: шымкенттік әйел сұмдық жайтқа куә болғанын айтты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

«Әпкемнің қазасына қиналып отырғанда ауылдас, абысын-келіндері оның киіміне таласып жатқанда жағамды ұстадым. Мұндайға алғаш куә болып отырмын. Жүрегімнің ауырғаны-ай... Егер ақ өліммен 80нен асын қайтса түсінер едім, бірақ ауырып қайтыс болғанның киіміне таласу тек жабайылық болса керек...»


Өзін Айсұлу деп таныстырған шымкеттік әйел ERNUR.KZ тілшісіне айтып берген оқиғасында сұмдық жағдайға куә болғанын және көпшіліктің рухани тұрғыда тым кедейленіп бара жатқанын айтады.


- Үлкен әпкем ұзақ ауырды. Жасы 70-ті енді ғана алқымдаған еді, бірақ аты жаман ауру екі жылдан бері айналдырып ақыры алып кетті арамыздан. Ажалға айла жоқ деген осы екен, жағдайы мықты, дәулетті әулеттен бола тұра қарсы келген ажалға байлық та төтеп бере алмады. Екі жылдың ішінде қаншама жерге апарып емдетсе де, шетелден іздесе де дәру таппады.

Ең жаманы қолыңда жатып үзіліп бара жатқанын көре тұра ешбір айла ете алмауың жаныңды жеп қояды екен. Қайтеміз, ажалға қарсы тұрар шама бар ма, әпкеміз қыздарын ұзатып құтты орнына қондырып, енді кенже екі ұлын үйлендіріп солардың қызығын көрем бе деген шағында қайтпасқа аттанды. Екі ұлы жүріңкіреп барып 30-дан асқан шағында үйленіп еді, ұлдан екі немере ғана көрді. Ұлдары «білгенде ерте үйленіп, анама немеренің қызығын ертерек көрсетер едім ғой» деп жылағанда сай-сүйегіміз сырқырады. Қайтеміз, амалсыз жер қойнына тапсырдық, Алланың рақымына бөленін ана дүниеде.


Бірақ одан да бетер жанды ауыртқан бір жағдай болды.


Жеті күндік асында Құраннан соң қаза болған жанның киімін тарататын салт бар екенін білесіздер. Масқара осы кезде болды.

Рас, әпкеміз дәулетті тұрған соң оның бағалы, талғаммен киінетінін бәрі білетін. Әсіресе киімге ерекше назар аударып, ерекшеленіп жүргенді ұнатушы еді. Бірнеше құндыз тоны, таза жағалы пальтолары бар екенін абысын-келіндері, ауылдас-жегжаттары бәрі біледі екен.


«Шығарыңдар бәрін. Өлгеннің киімін сақтамайды» деп ортаға алдыртты да, таласып қалды. «Мен құдағимын, жолым үлкен, тонын беріңдер. Мен пәленшесімін, түгеншесімін, таза киімін, қымбат етігін беріңдер» деп талап қойып, жұлып-жұлып алып жатқанда әпкемнің аруағы үйдің бір бұрышында жылап тұрғандай көрінді маған.


Қыздары тәрбиелі, үлкеннің алдын кеспейтін өнегелі, ал келіндері әлі жас, ештеңеге егелік жасай алатын да емес. Оған туыс абысындары дес бермей, билеп-төстеп әкетіп барады. Бір кезде кезек әпкемнің алтындарына келді. Оны да пышақ үстінен бөлісіп алатындай екен, менің жеңгем, ағамның әйелі, қаза болған әпкемнің келіні сөзге араласып көпті тыйып тастады.


«Алтын бұйымына талауға ұялмайсыздар ма? Тақса қыздары, келіндері бар. Сіздерге не жоорық? Әлде оған тірі кезінде алтын тағып па едіңіздер?! Біреудің алтын бұйымын алып па еді? Мен білетін әпкем жұртқа бермесе, алмайтын еді. Не көрінді сонша? Әй, келін! Алтын бұйымдарының бәрін тығып қой. Анау қыздар бар, өздерің келісіп бөлісіп аласыңдар да көзіндей көріп жүресіңдер!» деп қаттырақ сөйлегенде барып аяқтарын тартты.


Ол ол ма, кезек ішкиіміне келгендегі таласты көріп жиіркеніп кеттім. «Әй, бай қатын еді ғой, жұғысты болады, ырым бұл. Берекені бәрі осы дамбалда!» деп өлік шыққан үйде күлісіп-қағысып ішкиімді бөліп алғанда ұстауға жаға таппай қалдық. Арғы бөлмеде естіп отырған қыздары, біз, бауырлары одан сайын егілдік. Тірідей жәукемдеп әпкемізді бөліп алып жатқандай әсер алдық.


Қара жамылып отырған перзенттеріне қатты тиеді-ау деп ойлаған бірі болмады. Таласып-тармасып, қолдарына іліккенін тартып алып, «әй, маған бер!» десіп алғандарын алып беттері бүлк етпестен «қайырлы болсын» айтып шығып кетіп бара жатты. Сол жерде оларға тоқтау айтатын, сабырға шақырып, қайғырып отырғандарға демеу боларлық сөз айтатын бір ел анасы болмады. Үлкен деп сыйлағандардың бәрі киімге таласып пендешілікке салынып кеткен соң не жорық?


Баяғыда жас күнімізде мұндай тек 100-ден асып қайтыс болған, ұзақ жасаған адамдардыкін «теберік» деп, «біз де ұзақ жасайық» деп бөлісіп алатынын көретінбіз. Бірақ ондайда ортаға ауылдың ең сөзі өткір, қабағынан бүткіл жас қаймығып, сыйлайтын кісі шығып «мынаған-мынаған бер» деп айтатын, ешкім таласпайтын.

Қазір ондай да әжелер қалмағанына көзім жетті. «Ақыл айтатын ақсақал жоқ» деуші еді, өнеге берер әжелеріміз де қалмай барады екен. Бұл да рухани кедейленіп, көзімізді дүние-байлық торлап жатақнынан болса керек. Өзіміз осылай етіп жатқанда «кейінгі жастар» деп сөйлеуге қақымыз бар ма?!

Осылай деген Айсұлу көпшілік жиында әр ісіміз бен сөзімізге берік болып, ұялтатын емес ұйытатын әрекет жасауға шақырды.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Отбасылы әйел менің күйеуіммен жүреді»: шымкенттік келіншек көпшіліктен ақыл сұрайды


«Күйеуіңнің ҰРЫҚТАРЫ «ұйықтап» жатыр дейді»: шымкенттік келіншек жан дертін айтты