​«Үш бала туған»: Белсіз ұлының перзентті болғанын түсінбеген ана не істерін білмей жүр

0
4 095

Ол баласының перзент сүйе алмайтынын бұрыннан білген.


​«Үш бала туған»: Белсіз ұлының перзентті болғанын түсінбеген ана не істерін білмей жүр

Өмірде неше түрлі тағдыр бар. Әркімнің ішке жасырған құпиясы да жетерлік. Бірақ оны жасырып жүре беру де мүмкін емес.

Осындай құпияның бірін ақтарып айтып бергісі келген одан әрі жасыра алмайтынын, көпшілікпен бөлісіп жеңілдеп алғысы келіпті. ERNUR.KZ тілшісіне айтып берген оқиғасында ол келінінің басқа біреуден бала туып алғанына күдіктенетінін жеткізді.

- Ұлымды жалғыз өсірдім. Үш айлығында күйеуіммен ажырасып кетіп, содан қайта тұрмысқа шықпадым. Екеуміз ғана бір-бірімізге сүйеу болып өмір сүрдік.

Туғаннан ұлым аурушаң болып өте көп дәрі-дірмек ішті. Тым нәзік болған оның ер бала ретінде дұрыс дамымай жатқанын байқадым. Ол кезде ұлымның жасы 14-те болатын. Учаскелік дәрігер тағы бірнеше жерден тексеруден өткізді. Соын соңғы қорытындысы шыққанда, дәрігердің айтқанынан төбеме жай түскендей болды.

Ұлым ешқашан өз кіндігінен бала сүйе алмайды екен. Сенбедім, басқа бірнеше дәрігерге бардым. Ұрығы тым әлсіз дегенді алға тартты басқалары да. Жыладым, тағдырыма налыдым. Бірақ басқа не істей аламын?!, - дейді жалғызбасты ана.


Жалғыз ұлын ешкімге қаратпай бір өзі өсірген ана ұлының бойындағы кемшілігін жасырп қала берген. Сол кезде елдің алыс түкіпірінен қызмет табылып, ұлымен бірге көшіп кете барыпты.

- Айтпадым. Айта алмадым... Оның өтпелі кезеңінің тас-талқанын шығарғым келмеді. Өзіне бірдеңе істеп қоя ма, жаман жолға түсіп кетеме деп қорықтым. Ұлым келбетті жігіт боп ержетті. Тек көзінің көру қабілеті нашар болғандықтан оны әскер қатарына алмады. Қолынан бәрі келетін, маған қамқор болатын. Компьютердің алдынан шықпай, көрші-көлем таныстардың жұмысын істеп беріп оқуының ақысын да өзі тапты. Бірақ ұлым тым аңғал болды. Ақ, адал пейілімен қабылдайды кімді болса да. Әлі солай.

Осыдан жеті жыл бұрын ұлым үйленетінін айтты. Сол кезде алғаш рет жүрегім зырқ ете қалды. Үйленер-ау, бірақ балал болмайтынын білсе не етер еен деген уайып жеп қойды мені. Онда да айта алмадым. Болмай жатса дәрігерге барар, сол жақтан естісін деп үндемей қала бердім.

Сол ойдан соң маған да жеңл боп қалып еді. Келінім түскен соң бір айдан кейін жүкті болғанын естігенде алдымен жаратушыға шүкіршілік айттым. Менің жалғызымды аяп, мейірімін төккен екен ғой деп жұбаттым өзімді. Бірақ немерем жетінші айда дүниеге кеп қалды. Сол кезде бір күдіктеніп қалып едім...

Ананың айтуынша, немересі дүниеге сап-сау, толықтай жетіліп келген. Жеті айлыққа ұқсатпаған ол келінінен сұрағанда, ол кешірім сұрап, үйленгеннен бұрын жүкті боп қалғанын айтыпты. Бірақ немересінің өсе келе ұлына ұқсамайтыны күдігін тағы күшейте түсіпті.

- Немеремнің шашы бұйра, көзі көкшіл. Келінімнің «әкеме тартқан» дегеніне ұлым мәз. Ал менің ішім алай-дүлей болатын сол кезде. Мейлі, баланың кінәсі жоқ, сол үшін баламның бақытын бұзбайын деп үнсіз көндім. Бірақ келінім екінші рет жүкті болғанда тағы тілім байланып қалды. Ұлым оның дөңгеленіп келе жатқан құрсағын сипап, менен сүйінші сұраған сайын ішім қан жылай берді. Өзінен емес екенін сезбейтін аңғал ұлыма ашуым келіп, келінімді немереммен бірге жек көріп кеттім. Егер мен шындықты айтсам, ұлымның бар әлемі қирайтыны белгілі. Ал келін оны білетін секілді, менің көзіме тура қарамайды.

Сөйтіп жүргенде олар алыс қалаға жұмысқа кететін болып шешті. Онсыз да іштен тынып қабағым ашылмай кеткен мені жалғыз қалатын болған соң уайымдап жүр деп ойлаған ұлым немеремді тастап кететінін айтты. Не дейін, оған да көндім...

Содан кейін оның келінім қыз туды. Ол да не ұлыма, не келініме ұқсамады. Оны маған ұқсатып қояды ұлым. Онда да үнсіз қалдым. Бастысы, өздері бақытты ғой деп жұбатамын өзімді. Расында бақытты. Барған қаласынан екі бөлмелі пәтер алды. Екеуі де қызметке тұрды, көліктері бар. Ештеңеден мұқтаж емес. Одан бөлек қай жерге барса да бірге, ұрыс-керістері жоқ, қашан да көңілді жүреді. Сондай күйлерін қалай бұзайын?!

Анасы ұлына шындығын айтуға бата алмаған. Бірақ келіні де енесіне ештеңе демепті. Тек үшіншісіне аяғы ауырлағанда ол шыдамаған көрінеді.

- Ұлым «мама, тағы немереңіз болады» дегенде шыдамадым. Тез жиналып, үлкен қалаға аттандым. Алдымнан арсалаңдай шыққан ұлыма ештеңе сездіргім келмеді, тек келініммен сөйлесу үшін ғана бардым. Ішімнен өз-өзімді жегенше айтарымды айтып, оның да айтарын тыңдамасам жынданып кететінімді бідім.

«Мен балаңызбен кездесіп жүргенде білгенмін. Болашағымыз үшін тексеруден өттік. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу керек қой?! Ал анализді алғанда өзім барғанмын, дәрігер түсіндірді. Бірақ балаңызды шын сүйгенімнен оған білдірмедім. Ол бес баламыз болатынын айтып армандайтын. Сол арманынан қалай айырамын дедім. Бірақ басқамен көңіл қосқан жоқпын. Өз жатырыма ұрық салдырттым», - деген келінімнің сөзін әрі қарай естігім келмеді. Бұрылып шығып кеттім.

Рас-өтірігін де ажыратпадым, тек тыңдадым. Дұрыс-бұрыс та демедім, деуге де шамам жоқ еді. Ішім өртеніп кетті. Өзі әкесіз өскені аздай, кімнің ұрпағы екені белгісіз, соларға әке боп отыр. Бұған шүкір дерімді де, басқа дерімді де білмеймін, - дейді күйінген ана.


Өз баласының бақытына қуанарын да, мұңаярын да білмей дал болған ана бүгінде жалғыз өмір сүріп жатқанын айтады. Келінінің әрекеті сатқындық па әлде көзсіз батырлық па, онысын да ажырата алмай әрі-сәрі күй кешіп жүр. Тіпті, қалай сенерін де білмейді.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Тоқалға алдандым»: Шымкенттік келіншек күйеуінен қалай айырылып қалғанын айтып берді


«Аборт жасатты»: Астаналық келіншек ешқашан бала сүйе алмайтынына енесін кінәлайды