​2022 жылы сізді НЕ күтіп тұр? (тест)

0
4 414

Сіз таңдаған конвертте жылдың тосынсыйына ие болу үшін не істеу керектігі де жазылған. Оқыңыз!


​2022 жылы сізді НЕ күтіп тұр? (тест)

Жаңа жылға бірер апта қалды. Кішкентай балалар Аяз атадан сыйлық күтсе, ересектер тағдырынан өзгеріс күтетіні белгілі.

Ал психологтар сізге арналған хаты бар мынандай конверт дайындапты. Біреуін таңдаңыз да, 2022 жылы сізді не күтіп тұрғанын біліп алыңыз.



№1 Конверт

Жаны нәзік адамсыз: өте сезімтал, эмоциональды. 2022 жыл сізден сәл-пәл қатаюды, салқынқандылықты, пысықтықты қалайды.

Өткенді, босқа өткізіп алған қайран жастық шақты ойлап, «Енді бәрі кеш» деп, өзіңізді жазғыра беруден пайда жоқ. «Әрекетке – берекет» деген сөзді үнемі еске алып отырып, алға ұмтыла беріңіз. Әрекетіңізден міндетті түрде нәтиже шығып, армандарыңызға жақындай түсесіз.

Өз өміріңіздің жауапкершілігін қолыңызға алсаңыз, басты мәселеңіз Барыс жылы шешімін табады.



№2 Конверт

Басқару, өзгеге талап қойып орындата білу, үстемдік жасау – табиғаттан берілген дарын, қасиет. Бірақ Жаңа жыл сізден сәл жылылау, дос-жаран мен ағайын-туысқа мейірімділеу болуды күтеді.

Өзіңізді көпшілік ортадан шеттете бермеңіз, адамдарға жақындаңыз, жарқылдаңыз, шақырған жерден қалмаңыз. Сонда 2022 жылы сізді қызметте (немесе кәсіпте) өрлеу, жоғарылау, абырой-беделдің өсуі күтеді.



№3 Конверт

Қиындықтар ескі жылда қалады. Бірақ Барыс жылы сізден өткен қиындықтардан сабақ алуды талап етеді. Егер 2021 жылғы сынақ пен ауыр күндерден қорытынды шығара білсеңіз, бұл жылы рухани өсу, жан тыныштығы, жайлы өмір орнайды.

Тоқтамаңыз. Иә, өз-өзіңізді тануды, тәрбиелеуді, қателермен жұмыс жүргізуді, өзгеріске ұмтылысты жалғастыра беріңіз. Өйткені өміріңізде орын алатын үлкен өзгерістер сіздің рухани біліміңіз бен мінез-құлқыңызға тікелей байланысты.



№4 Конверт

Барыс жылы нақтылықты жақсы көреді. Сондықтан да сізден бір жылға, әр айға арналған жоспарды қалайды.

Қалауыңызға шек қоймай, бәрін қағазға түсіріңіз. Қорықпай ірі-ірі мақсат қойыңыз. Жоспар бойынша бір-екі қадам жасасаңыз болғаны, ары қарай даңғыл жол өзі-ақ сізді арманыңызға қарай жетелейді. Өйткені сіз жолы болғыш адамсыз. Тағдырыңыз әрдайым сізді қолдайтынына сеніп, ілгері баса беріңіз. Сонда алдағы жылы жаңа мүліктерге (жылжымайтын, жылжитын) ие боласыз.


Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


2022 жылға ЕҢ ҚАЖЕТ БОЛАТЫН 4 сабақ


2022 жылдан бастап мынау 4 нәрсеге бас қатыруды доғарыңыз!