АҚША шақыратын СУПЕР техниканы қолданып көріңіз

0
12 119

​Бұл техниканы белгілі психолог Құралай Қалиева ұсынады. Нәтижесін 3 күннен соң-ақ көре бастайсыз.


АҚША шақыратын СУПЕР техниканы қолданып көріңіз

Тағы да бірер күннен соң елімізде төтенше жағдай аяқталуы мүмкін. ТЖ басталған соң барлық адамда тек бір ғана ой болды: коронавирусты жұқтырып алмау. Ал карантин аяқталған соң адамдар төленбеген несиесі, берешек қарыздары, екі айдан бері өтпей тұрған тауарлары туралы ойлай бастайды.


Ой... Ойлау... Бүкіл өміріміз ойларымызбен өріліп жатыр. Ал психологтар адам ойы арқылы ақшаға блок қойып және сол бөгеттерді өзі аша алатынын айтады.



АҚША БЛОКТАРЫН ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, бір қарапайым мысалды келтірейік. Бұл мысал психология және педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.С.Норбековтың «Опыт дурака» деп аталатын ғылыми зерттеу кітабында жазылған.


МЫСАЛ: «Қант диабетімен ауыратын екі-үш жасар бала палатаға кіргенімде:

Мені ата-анам неге бұл ауруханаға жатқызды? Мен аурумын ба? Ал аурудан сауығу үшін не істеуім керек? - деп сұрады.

– Сенің қаныңда қант көп. Қантты жемесең жазыласың! - дедім мен.

Келесі палатаға кірдім. Мұнда кішкентай қыз жатыр екен. Одан:

– Сен өзіңнің ауруың туралы білесің бе? - деп сұрадым.

– Иә! Менің ішімде қант өте көп, - деді ол.

– Ауруыңнан емделу үшін не істеу керектігін білесің бе?

– Ішімдегі қанттан құтылуым керек.

– Ол үшін не істеуің керек? - деп сұрадым.

Кішкентай қыз қолымнан жетектеп сыртқа алып шықты. Емдеу сауықтыру орталығының ауласында тұрған 70-тен астам түрлі түсті пластмасса ванналардың бірінің қасына келді де суға түсті. Су ішінде отырған кішкентай қыз «Мен қантпын, қантпын. Мен қантпын» деп қайталай бастады. Еріксіз езуіме күлкі үйірілді. Ол судан шыққанда:

– Неге «қантпын» деп айттың? - деп сұрадым. Ол маған таңдана қарады. Сосын:

– Шынымен білмейсіз бе? Қант суда ериді ғой, - деді.

Мен кішкентай қыздың жауабын тәрбиешілерге келіп айттым. Олар «Бәсе, балалар суға түскеннен соң бірнәрселерді айтып, ұзақ қайталайды. Сосын суды ауыстырмайынша оған қайтадан түспейді» деп жан-жағымнан шулап қоя берді.

Расында «Мен қантпын, қантпын» деп суда шомылған балалар қант диабетінен емделіп шықты».


М.Норбеков аталмыш кітабында балалардың сенімі, неліктен аурудан жылдам жазылатыны туралы көп мысал келтірген. Балалар ғылыми түсінікті, дәлелді қажет етпейді. Олардың ғажайыпқа сенеді. Сондықтан да балалар кез келген дерттен жылдам сауығады және олардың арманы да жылдам орындалады екен.

Ал үлкендер көп нәрсеге сенбейді. Үлкен адамды сендіру үшін том-том кітаптан дәйек келтіру керек. Профессор, психология ғылымдарының докторы М.Норбековтың ғылыми зерттеу кітабындағы осы мысалды «Ой – ғаламат күшке ие» деген тұжырымға дәлел ете отырып, мол ақша арнасын ашатын мына техниканы назарларыңызға ұсынамыз.



Есте ұстаңыз: табыс, бақыт, перзентті болу, ауру, сауығу бәрі-бәрінің құлпы – мида. Ал кілті – ойдың күші.




АҚША АРНАСЫН АШАТЫН ТЕХНИКА

Күніне неше рет тоңазытқыштың есігін ашасыз? Қазан мен шәугімнің қақпағын ше? Бұдан бөлек, үйдің есігін, әмиянды, су құбырын да күніне бірнеше рет ашып-жабасыз.


Осыларды күнде әр ашқан сайын «Мен ақша блоктарын ашып жатырмын», «Мен мол ақша арнасын аштым», «Мен ақшаға есік аштым», «Мен байлықтың келуіне жол аштым» деп айтыңыз. Тіпті, ұйқыдан тұрғанда көзіңізді ашқанда да, тамақтанып жатқанда аузыңызды ашқанда да «Мен ақшаға есік аштым» деп айтсаңыз да болады.


Егер «блок», «арна» деген сөздерді ұмытып қала берсеңіз, онда «Мен ақшаға есік аштым» деген сөзді ғана айтсаңыз да болады.



Нәтижесі

Техника авторы «Кайдзен» әйелдер тұлғасын дамыту орталығының президенті, психолог Құралай Қалиева. Оның айтуынша, нәтиже үш күннен соң-ақ байқалады:


  • Ақша сіз күткен және күтпеген деректерден келеді.

  • Ұзақ уақыттан бері ала алмай жүрген қарыздарыңыз қайтуы мүмкін. Жұмысыңыздан сыйақы алуыңыз мүмкін.

  • Жалақыңыз көбейеді немесе табысы мол жұмыс ұсынылуы мүмкін.

  • 42500 теңге екінші рет тағы да тағайындалуы мүмкін...

Ақша бұдан басқа да арналардан келуі мүмкін. Тек сіз М.Норбековтың кітабындағы «Мен қантпын, қантпын» деп суға күнде шомылып қант диабетінен айыққан кішкентай балалар секілді ғажайыпқа шынымен сенуіңіз керек. Я болмаса қазақтың "Жақсы сөз - жарым ырыс" деген нақылы бекерге айтылмағанына сеніңіз. Техника нәтижесі сеніміңізге байланысты болады.


Егер «ақаша шақыратын» осы техниканы бүгін бастасаңыз, 11 мамыр күні барлық блок-посттар ашылып жатқанда сіздің де түпсанаңыздағы ақша блоктары ашыла бастайды.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


"Вампир": КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗДЫ сорып алатын НЕ және КІМ?


Қиындықпен күрескен дұрыс па?