БАЛАҒАТ СӨЗ жеті ұрпағыңыздың өмірін бүлдіреді

0
6 011

Балағат сөз өз тұқымын қарғағанмен тең дейді ғалымдар. Өйткені балағат сөздерде жыныс мүшелері аталады...


БАЛАҒАТ СӨЗ жеті ұрпағыңыздың өмірін бүлдіреді

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін алғашқы аптада ең көп айтылған сөз – дұға, тілектер болғанын бәрі мойындайтыны анық. Ал қазір ше?

Карантин жүйкелерді жұқартты ма, әлде «жұмысы жоқтық» адам баласын аздырып жатыр ма екен, соңғы кезде сөз арасын балағатпен былғап, ашулана қалса тіпті әлеуметтік желілерде пікірін былапыт сөзбен былш еткізе салатындар көбейді. Келісесіз бе?


Әрине жылына бір-екі рет балағат сөз айту басқа, ал күніне бірнеше рет боқтық сөзді қайталау бөлек. Бейәдеп сөзді қоспаса сөйлей алмайтындар да бар. Ең жаманы осы – күнде боқтық сөз айту. Өйткені...



Қай сөзді көп қайталайсыз – соған айналасыз!

Дұға, сүре, бата, тілектер мен алғыс, аффирмациялар арқылы адам өз өмірін, денсаулығын жақсартатынын білсеңіз керек. Сондай-ақ нәтижеге жылдам жету үшін аффирмацияны күнде қайталау керек. Аффирмацияны күнде қайталау арқылы адамның мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы, сонымен бірге денсаулығының күйі өзгереді. Өйткені сөз адамға физикалық тұрғыда ғана емес, психикалық та әсер етеді. Ағза аурудан сауығу үшін шипалық дұғаларды да кемінде 40 күн оқыған жөн.

Қайталау арқылы сөздің қуаты артып, әсері күшейеді. Бұл туралы жазылған ғылыми еңбек көп. Мұндай том-том кітаптардың мазмұнын бір ауыз сөзге сыйдырсақ, «Сіз қай сөзді көп қайталайсыз, өміріңіз соған айналады».



Сөз адам өміріне ҚАЛАЙ әсер етеді?

Ақпаратты ұзақ әрі жылдам қабылдап, сақтай алатын бірден-бір зат – су екені ғылымда дәлелден. Ал адам ағзасының 75-80 пайызы судан тұрады. Сөздің энергетикасын, оның адам ағзасына, ал ағзасы арқылы өміріне қалай әсер ететінін қарапайым тілмен түсіндіру үшін жапон ғалымдарының мына бір ғылыми тәжірибесін келтірейік.


Жапон ғалымдарының тәжірибесі

Екі ыдысқа бірдей мөлшерде бір құдықтан су құйылады. Бірінші ыдыстағы суға күнде жақсы сөздер, ал екінші ыдыстағы суға күнде балағат сөздер айтылады. Біраз күннен соң балағат сөздер айтылған су иістенеді, тағы да бірер күннен кейін түсі лайланып бұзылады. Сосын сасиды. Ал жақсы сөз айтылған су құдықтан алынған бастапқы таза, мөлдір күйінде өзгеріссіз қалады.

Сіздің де ағзаңыздың 75-80 пайызы судан тұрады. Ағзаңыз тәжірибедегі екі ыдыстың қайсысындағы суға ұқсайды?


Есте ұстаңыз:

Кімге арнап айтқаныңыз маңызды емес, ең көп айтатын сөзіңізді ағзаңыздағы су есте сақтайды және сол сөзге қарай жайлап молекулалық құрылымдарын өзгертеді.



Өсімдік тұқымы арқылы жүргізілген тәжірибе

Тәжірибелер негізінде пайда болған Г. Чеуринаның гипотезасы да сөздің су арқылы берілетін әсерінің күші ғаламат екенін растайды.

Ол екі тұқымды екі түбекке отырғызып, біреуіне жақсы сөздермен зарядталған су құяды, келесісін былапыт, боқтық сөздер зарядталған сумен суғарады.

Екінші түбекке отырғызылған өсімдік тұқымы әлсіз әрі аласа боп өседі, гүлдемейді. Ал бірінші түбектегі гүл жайқалып өседі, гүлдейді. Тағы бір таңқаларлығы, былапыт сөздермен зарядталған сумен өскен гүл көп ұзамай солып қалады.


17 жыл сөз бен адам санасы арасындағы байланысты зерттеген биология ғылымдарының докторы Иван Белявский «Жақсы сөз, тілек, алғыс басқаның ғана емес оны айтқан адамның да көңілін биіктетеді. Ол сөз қуаты адамның ағзасына терең еніп, жасушаларға дәл солай әсер етіп өмір жасын ұзартады. Жаман балағат сөз керісінше әсер етеді» дейді.



Былапыт сөз ҚАЙ ағзаны зақымдайды?

Балағат сөз өз тұқымын қарғағанмен тең дейді ғалымдар. Өйткені балағат сөздерде жыныс мүшелері аталады, айтылады. Бұл «атаулар» қай тілде аталса да, қандай түрде айтылса да түпсана оны сол күйінде қабылдап, айтылған адамның сол ағза жасушаларына лас, теріс энергия бағыттайды.

Сондықтан бейәдеп сөздің теріс энергиясы алдымен жыныс мүшелерінің жеңіл ауру түрлерімен көрініс береді екен. Боқтық сөз қайталанған сайын, ағза жасушасына енген лас энергияның қуаты да арта түсіп, енді ол ауыр кеселдерге айнала бастайды. Тым көп айтқан адамдарда ол бедеулік, белсіздік ауруларына асқынады.

Лас энергия бұнымен тоқтап қалмайды. Оны сіз күнде қуаттандырып отырсаңыз (балағат сөзді қайталап), біртіндеп сіздің тұқымыңыз – перзенттеріңіздің ағзасына өтеді. Өйткені лас энергияның қуаты артып, оның көлемі күннен-күнге ұлғайып жатыр. Сондықтан бірінші сіздің айналаңыздағы және қаныңыздан жаралған адамдарды ауруға орайды.

Әлі де балағаттауды доғармадыңыз ба, ол балаларыңыздың ағзасындағы өмірге келмеген жасуша түріндегі келешек ұрпақтарын зақымдайды. Сол ұрпақ кейін ержетіп, бойжетіп отбасы құрғанымен, сәби сүйе алмай қиналады. Кейбірі кемтар, сал, даун синдромымен өмірге ұрпақ әкеледі. Ал бұндай аурумен туған нәрестелердің өмірі қысқа болатыны белгілі.

Зерделеп ойласаңыз, осылай ұрпақ сабақтастығы үзілуге жақындайды. Егер перзенттеріңіз, немерелеріңіз сізден үйренген балағат сөздерді «мұра» етіп қабылдап, ары қарай қуаттандыратын болса онда ұрпағыңыз жойылады. Бұны ғылыми тілмен айтсақ, жаман энергиялы сөз ДНҚ құрылысын бұзып, ұрық жасушаларын мутациялық өзгеріске түсіріп, соңында жояды.

Сөзіміз дәлелді болсын, осы орайда белгілі ғалымның ғылыми еңбегінен үзінді келтірейік.



Балағат сөз ДНҚ құрылымын бұзады

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Оксфорд Академиялық Одағының және Еуропа медициналық қауымдастығының профессоры, академик Жасай Зекейұлы ғылыми еңбегінде:

«Балағат сөз қолданатын адамның ДНҚ­-сында күрделі мутациялық өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер тұқым қуалау үдерісінде жалғасын тауып, ұрпақтарына да беріледі. Гендердің бұзылуы түрлі аурулардың дамуына ықпал етіп, ДНҚ-­ның құрылымын сау күйден ауру күйге душар етеді. Өйткені балағат сөз радиациялық сәулелігі мың рентгенге тең келетін мутагендік әсер береді», - дейді.


Бұны биология ғылымдарының докторы, академик П. Горяевтың «хромосома ақуызы ақпарат тасымалдаушы. Ол бойындағы ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдап отырады» деген сөзі нақтылай түседі.


Ғалымдардың бұл дәлелдемелері мен тәжірибелерін «іріген сөздермен өзіңіздің және ұрпағыңыздың денсаулығын шірітпеңіз» деген ескерту деп қабылдаңыз. Ал біз атауының өзі жиіркенішті «боқтау» мен «боқтық» сөздерден ертерек жиреніңіз дейміз.

Жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге карантиндегі уақыт тиімді.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Коронавирус! КІМ кінәлі? НЕ болады?


Қашықтықтан оқытатын мұғалім үшін ең керек кеңес