Бір айда жүкті болуға жәрдемдесетін ЕКІ СУПЕР-әдіс

0
8 106

Жатыры бар және климаксы басталмаған барлық әйел бала табуға қабілетті.


Бір айда жүкті болуға жәрдемдесетін ЕКІ СУПЕР-әдіс

Дәрігер денсаулығыңыздан кінәрат таппады, бірақ, балалы болу бақыты ұзақ күттіріп жатыр ма? Немесе «бедеу» деген диагноз қойылғалы өміріңізде мән-мағына қалмағандай күй кешіп жүрсіз бе?

Тоқтатыңыз түнеруді. Психотерапевт мамандары «Жатыры бар және климаксы басталмаған барлық әйел бала табуға қабілетті» дейді. Басқа диагноздар жүктілікке кедергі бола алмайды.


Мамандардың айтуынша, жатырдың ментальды қабатын арнайы жаттығулармен тазартқанда психологиялық блоктар жойылады екен. Мұндай жаттығулардың ішінде кең тарағаны – «Жатырмен тыныс алу». Жаттығу уақыты 5-10 минут.


1. Ешкім мазаламайтын оңаша бөлмеге кіріп, телефоныңыздағы жағымды әуеннің бірін қосыңыз. Интернеттен «музыка для медитации» деп іздесеңіз табасыз.

Өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Немесе шалқаңыздан жатыңыз. Көзіңізді жұмып, барлық мәселені бір сәт ұмыта тұрыңыз. Кеудеңізбен бірқалыпты тыныс ала отырып, бүкіл денеңізді босансытыңыз. Бетіңіз, мойныңыз, иықтарыңыз өте жұмсақ, бал сияқты балқып тұр деп елестетіңіз. Осылай әр мүшеңізге кезек-кезек ой шоғырландырып, аяқтарыңыздың ұшына дейін босаңсытыңыз. Табандарыңыз да өте жұмсақ.

2. Енді барлық ойыңызды тынысыңызға аударыңыз. Кеудеңізбен терең-терең тыныс алып, төмен қарай түсіңіз. Құрсағыңызбен, содан соң жатырмен тыныс алыңыз.

3. Ойыңыз жатырда. Жатырмен тыныс алғанда оның күйін сезінуге тырысыңыз. Екі қолыңызды кіндік тұсына апарып қоюға да болады. Ол көңілді ме, жылап жатыр ма? Ол жерде атмосфера қандай? Жылы ма, салқын ба?

3. Жатырыңызбен ойша сөйлесіңіз. Оның қорыққанын сезсеңіз, «Мен сенімен біргемін, қорықпа» деп айтыңыз. Салқындықты сезсеңіз, тыныс алғанда жылы ауаны жатыр арқылы жұтып, оның жылығанын сезініңіз. Жылы ауа жатырдағы реніш, ашу-ызаны жойып, жағымсыз эмоциялардың сыртқа шығып жатқанын елестетіңіз.

Осы уақытқа дейін оған көңіл бөлмегеніңіз үшін, онымен сөйлесуге уақыт таба алмағаныңыз үшін, оның сіздің тәніңізде бар екенін ұмытып кеткеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Жылағыңыз келсе ерік беріңіз.

4. Жатырмен тап-таза ауа жұтып, ал ауаны сыртқа шығарарда іштегі қорқыныш, реніштер лас, кір ауа көрінісінде шығып, жерге сіңіп ғайып болып жатқанын елестетіңіз. Осылай 10-15 рет тыныс алыңыз.

5. Тазарған жатырыңызды енді махаббатыңызбен толтырыңыз. Махаббатыңызды жарқырап тұрған жылы шағын шарға ұқсатыңыз. Жарық шар кеудеңіздің тұсынан шығып кіндігіңіз арқылы ішке еніп, құрсағыңызды, жатырыңызды махаббатқа толтырып жатыр деп ойлаңыз.

6. Жатырыңызды әдемі, нәзік, қуатқа толы деп елестетіңіз. Оның сізде бар болғаны үшін алғыс айтыңыз. Жақсы көретініңізді айтыңыз. Терең тыныс ала отырып, назарыңызды жоғары көтеріңіз. Құрсақпен, содан соң кеудеңізбен тыныс алыңыз. Көзіңізді ашыңыз.


Жаттығудан соң «айлық белгіңіз» мерзімінен ерте келуі мүмкін, ауырсыну сезілсе қорықпаңыз. Бұл тазарудың белгісі.


Жатырды жылдар бойы жиналған жағымсыз эмоциялардан тазарту үшін бір апта, бір ай жеткіліксіз. Күнде 5-10 минут уақытыңызды жаттығуға арнап, көңіліңізде жеңілдікті сезінгенше жасай беріңіз.

Жаттығу тек жүкті болуға ғана емес, сымбатыңызды сұлуландырады, әйелдік нәзіктігіңіз бен сексуалдық қуатыңызды арттырады, өзіңізге деген сенімділігіңіз жоғарылайды, жеке өмірдегі көптеген мәселелер жойылады. Тіпті кейбір аурулар өздігінен емделеді.



"ТҮЙМЕДАҚ ГҮЛІ" ЖАТТЫҒУЫ

Жатырды түрлі жағымсыз эмоциялардан тазартып, онда тіршілікті жаңартуға, махаббат сезімін «тірілтуге» жәрдемдесетін нәтижелі медитациялық жаттығулардың тағы бірі – «Түймедақ гүлі» деп аталады. Жаттығу уақыты 5-10 минут.


1. Өзіңізге ыңғайлы қалыпты таңдаңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Бүкіл деңеңізді, ойыңызды босаңсытыңыз. Басыңыздан аяғыңызға дейін әр мүшеңізді ойша «көріп» шығыңыз. Бұл босаңсуға көмектеседі.

Өкпемен тыныстап, біртіндеп құрсаққа, одан соң жатырға қарай ойша түсіп, тыныс алыңыз. Одан кейін сандарыңызбен, тізеңізбен тыныс алыңыз.

2. Енді табанды сезініңіз. Табаныңыздың көзі, мұрны бар деп елестетіңіз. Табан астындағы жерде көгал, онда өсіп тұрған түймедақ гүлдерін табандағы көздеріңізбен көріп тамсаныңыз. Табандағы мұрынмен түймедақ гүлінің жұпар иісін жұтыңыз.

3. Шығыс мифологияларында бұл гүл қайта өмірге келудің, трансформацияның белгісі саналған. Ендеше түймедақ гүлінің иісі аяқтарыңыз арқылы жоғары көтеріліп, жатырды толтырып жатыр деп елестетіңіз.

4. Терең-терең тыныс алыңыз. Күнге ұқсайтын түймедақ гүлін ертеректе махаббаттың, аналық пен ұрпақ өрбітудің символына теңеген. Ал славян халқы оны 6 киелі өсімдіктің қатарына қосқан. Феншуй бойынша ол тазалау мен сауықтыру гүлі. Сіз осындай қасиеттерге ие гүлді беліңізде, кіндік айналасында, құрсағыңызда қаптап өсіп тұр деп ойлаңыз.

5. Назарыңызды екі саныңызға аударыңыз. Сан – жатырдың айнасы. Сіз сан арқылы жатырыңыздың ішін көре аласыз. Сандарыңызға қараңыз да, онда түймедақ гүлдерін, биік тау мен әдемі табиғат көрінісін көріңіз. Тіршілік. Түймедақ гүлдері жайқалып өсіп тұр, жылы әрі жарық. Жатырыңыздағы тіршілікке жан бітірген түймедақ гүлдеріне алғыс айтыңыз.

6. Назарыңызды сандарыңыздан жоғары көтеріңіз. Беліңізде түймедақ гүлдері өсіп тұр. Олардың жұпар иісін сезіне отырып, кеудеңізге оралыңыз. Кеудеңізбен үш рет терең тыныс алып, көздеріңізді ашыңыз.


«Түймедақ гүлі» медитациялық жаттығуын күнде түнде ұйықтар алдында жасаңыз. Мүмкіндік болса, таңертең табиғат аясында жасасаңыз нәтижесі жылдамдайды.


Психологиялық практикаларында осы екі жаттығуды қатысушыларға ұсынатын психологтар бір ай бойы күнде бір рет жасаған әйелдердің көбісінде келесі айда-ақ жүктілік байқалғанын айтады. Ал кейбірі жүкті болу бақытына алты айдан соң жеткен.

Сіз де жүкті бола аласыз. Тек екі жаттығуға күнде 10 минут уақытыңызды арнаңыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Неліктен әр күнді жоспарлау керек?


Үй ішінде ОТЫР ма, сыртында ма? (психологиялық тест)