​Біреуге не жетпейтінін білесіз... өзіңізге ше?

0
3 250

5 минуттық психологиялық тест арқылы дәл қазіргі сәтте өзіңізге ненің жетіспейтінін және не істеу керектігін біле аласыз. Ол үшін суретке қарап, бір ғана сұраққа жауап берсеңіз жеткілікті.


​Біреуге не жетпейтінін білесіз... өзіңізге ше?

(психологиялық тест)

Бәріміз басқаларға не жетіспейтінін, не керек екенін жақсы білеміз. Ал, өзіміздің жанымыз неге зәру екенін білеміз бе? Бұл туралы ойланып көрдіңіз бе?

5 минуттық психологиялық тест арқылы дәл қазіргі сәтте өзіңізге ненің жетіспейтінін және не істеу керектігін біле аласыз. Ол үшін суретке қарап, бір ғана сұраққа жауап берсеңіз жеткілікті.

Сұрақ: «Суреттен ең бірінші нені немесе кімді көрдіңіз?»

1. Дәрігер

2. Адамның беті

3. Стетоскоп

ДӘРІГЕР

Егер суреттен ең бірінші дәрігерді көрсеңіз, бұл денсаулығыңызға көңіл бөлу керектігін білдіреді. Маңызды шешім қабылдарда басқалардың емес, өзіңіздің ішкі даусыңызды тыңдай біліңіз.

Сізге позитив жетіспейді. Жаныңыз, тәніңіз қалайтын, өзіңізге ұнайтын сүйікті ісіңізбен айналысуға уақыт арнай біліңіз. Не болса содан тітіркеніп, жиіркеніп, күдіктеніп қарау әдетінен арылу қажет. Айналаңыздағы адамдарға кірпияздық танытуды доғарған жөн.

Сізді қоршаған адамдарға қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олар да дәл солай «жауап беретінін» есте ұстап, жылылық нұрын және сүйіспеншілік сыйлауды үйреніңіз.

СТЕТОСКОП

Егер, суреттен стетоскопты көрсеңіз, онда сіз басқаларға ұқсамайтын ерекше жансыз. Сіз кез келген жағдайға, мәселеге философиялық көзқараспен, басқа қырынан қарай білесіз. Өзгелердің көрмегенін «көресіз». Әрине, бұл дара қасиетпен мақтануыңызға болады, бірақ сіздің ойыңызды, сөзіңізді, қалауыңызды айналаңыздағылар түсіне бермейді.

Тұйықтала бермеңіз, ашық болыңыз. Алда жарқын болашақ күтеді, әйткенмен, өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз. Сізге сенімділік жетіспейді.

АДАМНЫҢ БЕТІ

Егер, суреттен ең бірінші адамның бетін көрсеңіз, онда сізге жан жылуы жетіспейді. Жақын, туыс адамдарыңыздан оңашалана бермей, құшағыңызды, жүрегіңізді ашыңыз. Сонда көптен бері күткен өзгеріс орын алады.

Анығырақ айтқанда, өміріңіз бір үлкен өзгерісті күтуде. Ол өзгеріс сіз жан жылулығын шынайы сезініп, жиі күліп, көңілді жүруге дағдыланғанда болады. Ол үшін ағайын-туыс, бауырларыңызбен ара қатынасыңызды түзеңіз, оларға барынша жақын, жылы болғаныңыз дұрыс.

Дайындаған: Жазира Смағұлова

ERNUR.KZ