​Бұл сөзді кез келген уақытта жиі қайталаңыз!

0
3 071

Өміріңіздегі, денсаулығыңыздағы оң өзгерісті көп ұзамай байқайсыз!


​Бұл сөзді кез келген уақытта жиі қайталаңыз!

Қазақта үлкендердің ризашылық ретінде жастарға ең көп айтатын тілегі – «Бақытты бол!» деген сөз. Ал психолог мамандар осымен мағыналас «Мен саған бақыт тілеймін» дегенді жасқа да, кәріге де жиі айту керек дейді. Неге?

Өзгеге шын пейілмен бақыт тілеу өмір жолыңыздағы кедергілерді жойып, жан-дүниеңізді кірден тазалайды екен. Сонымен қатар, ағзаңыздағы дерттердің өздігінен жазылуына да жәрдемдеседі.

Жалпы, бұл сөздің адам өміріне қалай әсер ететінін жантану мамандары зерттеу, тәжірибе жүргізіп анықтаған.


Белгілі психолог, көптеген адамға тренингтерімен жақсы таныс Олег Торсунов «Мен саған бақыт тілеймін» деген сөзді неғұрлым көбірек қайталауға тырысыңыз» дейді. Ол өзінің көпжылдық тәжірибесінде бұл бір-ақ ауыз сөздің кез келген дертті дер кезінде емдеп, ушыққан жағдайды «өшіретініне» өз тәжірибесінде көз жеткізген. Тіпті адамның ішкі жан-дүниесін нұрландырып, бақытты ететін көрінеді. Ал адамның сыртқы қанша көрікті, сәнді болғанымен ішкі күйі нұрланбаса, ол жан-жағына бақыт нұрын шаша да алмайды, өзгеге бақыт та сыйлай алмайды.

Бақытқа бөлейтін, жанды тазалайтын бұл техниканың бір жақсы жері – оны кез келген орындай аласыз. Бастысы, шын ниетпен «Мен саған бақыт тілеймін» деп айта білуіңіз керек. Әрине, бір-екі рет айтып қойғаннан оның әсері болмайды. Неғұрлым жиі қайталау қажет.

Жалпы психологтар күнде арнайы уақыт бөліп, 15 минут бойы осы сөзді қайталауға кеңес береді. Десек те, бұл техниканың ережесін білгеніңіз де жөн.



ТЕХНИКА

Орындыққа тік отырыңыз. Бүкіл денеңізді босаңсытыңыз. Кімді жаман көресіз? Немесе кімді кешіре алмай жүрсіз? Сол адамды көз алдыңызға елестетіңіз. Баяу дауыспен, әр сөзді нақты айтыңыз: «Мен саған бақыт тілеймін». Бастапқыда бұл жай сөз болуы мүмкін, кейін шын жүректен, ақ пейілмен оған бақыт тілей бастайсыз.

Ол үшін техниканы күнде 10-15 минут орындауыңыз керек. Ақ ниетпен бақыт тілеп жатқаныңызды өзіңіз аңғарасыз. Міне, бұл техниканы орындауды меңгергеніңізді білдіреді. Сосын келесі адамға бақыт тілеуді бастайсыз. Ұнамсыз адамдарыңыз таусылған соң «Мен барлық адамға бақыт тілеймін» деп айтып, техниканы орындауға көшесіз. Осылай әр күні қайталап отырып, барлық адамға бақыт тілеумен техниканы аяқтайсыз.

Техниканың тағы бір ережесі – сөзді дауыстап қайталағанда өз даусыңызды естіп отыруыңыз керек.



ӘСЕРІ

- Сіз бір адамға шын ниетпен бақыт тілегенде эмоциядағы бөгеттер алынады. Көп қайталағаннан кейін дискомфорт өздігінен жойылады.

- Жүрек қуаттанады. Оның белгісі – жан тыныштығы орнайды, өміріңізге деген қанағаттану сезімі туады.

- Ішкі күйіңізде бір қуаныш пайда болады.

- Жеңілдікті сезесіз, көп жылдан бері арқалап жүрген ауыр жүкті лақтырып тастағандай боласыз.

- Махаббат қуатында «қайнайналым» жүреді.

- Жан күйіңіздегі бұл сезімдер физикалық денеңізге әсер етіп, психикалық күйдің әсерінен бүлінген жасушалар қалпына келе бастайды.

- Біртіндеп тән аурулары да өздігінен емделеді.

- Күннен-күнге көңіл күйіңіз жақсарып, өзіңізді бақытты сезіне бастайсыз.


Психолог Олег Торсуновтың айтуынша, бұның бәрі адам осы бір ауыз сөзді дауыстап әрі бірнеше рет қайталағанда құдаймен байланысатынымен түсіндіреді. Ең бірінші бұл сөз адамды жаман, арам ойлардан арылтады да ол періште кейіпке түсетін көрінеді. Сөйтіп ғарыштың толқынына қосылып, таза күшпен арада байланыс орнайды. Адамның ойы бала сияқты пәк болған кезде ғана ол ғаламат күш арнасына түседі де, өзгеге тілеген бақыты еселеп қайта бастайды. Бейсаналы түрде қара қуаттан тазартады. Қара қуаттан тазарған соң жан мен тәнде бірдей ем процесі жүреді екен.

Егер нәтиже жылдамырақ болсын десеңіз, «мен саған бақыт тілеймін» деген сөзге «мен сені кешірдім» дегенді қоса айтыңыз.


Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӨЗГЕРіске бастайтын 12 ҚАДАМ


Жаңа жылдың алғашқы аптасын ҚАЛАЙ бастау керек?