Дегеніңізге жету үшін өмірдің МЫНА бұлжымас 5 ЗАҢЫН білуіңіз керек

0
4 350

Бұл бес ережемен өмір сүретін болсаңыз, міндетті түрде БӘРІНЕ жетесіз.


Дегеніңізге жету үшін өмірдің МЫНА бұлжымас 5 ЗАҢЫН білуіңіз керек

Фото: yourfreedom.ru

Өмірдің заңдары өте қарапайым. Оны түсінген адамға өмір сүру оңайырақ, ал мақсатына жету жылдамырақ болады. Арнайы мамандардың тәжірибесінен алынған, әбден дәлелденген өмірдің мынандай ережелерін біліп алсаңыз, күйзелістен, адасудан, шағымданудан, өзгені кінәлаудан, реніштен аулақ боласыз.


БІРІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ

Не нәрсеге де қол жеткізу үшін қалау, тілек және ниетпен шектелу – оны тек арман күйінде қалдырады. Арман өздігінен орындалмайды. Біреу немесе өзіңіз орындайсыз. Екеуінде де сіздің тарапыңыздан нақты әрекеттер қажет.

Не істей аласыз? Қандай қадам жасайсыз? Осы секілді сұрақтарға жауап бере отырып, нақты шешім қабылдау маңызды. Ал шешім қабылдау мүмкіндіктерді көрсетеді. Мүмкіндіктерді қолдану, пайдалану – әрекет. Әрекет етпесеңіз, арман ешқашан орындалмайды.

Есте ұстаңыз: Әрекет, әрекет, тағы да әрекет қана арманыңызға жақындатады.



ЕКІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ

Тегін және оңай нәрсе мүлдем жоқ. Өмірде барлық нәрсеге «төлеу» керек. Төлем түрлері: ақша, бостандық, уақыт, күш-қуат, денсаулық, сабыр, еңбек т.б. Адам кез келген нәрсені иеленерде, қол жеткізерде аталған төлемнің бір түрін таңдаңдайды. Бірақ оны өзі байқамайды.

Есте ұстаңыз: Тегін және оңай жетем деп уақытыңызды босқа жоғалтпаңыз.



ҮШІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ

Жаңа іс, жұмыс ауыстыру, өмірін, стилін, өмір сүру салтын, материалдық жағдайы мен статусын, жалпы өзгерістерді бастарда қателесуден қорқатын адам ешқашан орнынан жылжымайды. Қорқынышы көп адамның өмірі «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалады.

Есте ұстаңыз: Қателесуден қорқып ешнәрсе істемеу – адам өміріндегі ең үлкен қателік.



ТӨРТІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ

Мәселені дер кезінде шешіп тастауға тырысыңыз. Оны шешпейінше, ешқашан құтылмайсыз. Қашарсыз, кейінге қалдырарсыз, басқа біреудің мойнына іліп қоярсыз, бірақ ол көп ұзамай өмірдің басқа кезеңдерінде бәрібір алдыңыздан шыға береді.

Есте ұстаңыз: Мәселе де банктегі қарыз сияқты, мерзімі ұзарған сайын көлемі өседі. Одан тек «шешу» арқылы құтыла аласыз.



БЕСІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ

Бақыт, махаббат, денсаулық, байлық, жетістік, татулық, абырой, ақыл сияқты қажетті құндылықтың бәрі барлық адамға теңдей берілген. Бірақ тек тұқымы берілген, оны егіп баптап өсіру, көбейту, нығайту әркімнің өз қолында. Егілген құндылықтарды көктемей жатып өлтіру, солдырып алу да – әркімнің өз әрекетіне байланысты.

Есте ұстаңыз: Аталған өмір құндылықтары кішкентай нәресте сияқты, тәй-тәй басқанша, одан кейін де, үнемі оған уақыт, көңіл және күш-қуатыңызды жұмсауыңыз керек.


Дайындаған: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БІР ғана суретпен КӨП нәрсе білуге болады (тест)

Баланың оқу үлгерімін жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ жолы