Өзіңізді және басқаларды тануға көмектесетін қызықты тест. Ол үшін үйдің суретін салу жеткілікті.
фото: tatarstan.ru
Адамды жылдам танығыңыз келсе, үйдің суретін салғызыңыз. Иә, ақ парақ пен қалам ұсыныңыз да «Кез келген бір үйдің суретін сал» деп тапсырма беріңіз.
Асықтырмаңыз. Ойлансын, қиялына ерік берсін. Суретті түрлі-түсті қаламдармен бояудың қажеті жоқ. Сондай-ақ үй айналасына салынған заттар да маңызды емес.
Бұл тест үлкендердің мінез-құлқындағы психологиялық жағдайларды анықтауға арналған. Сонымен, сурет дайын болды ма? Ондағы барлық детальдарға жақсылап мән беріңіз.
ҚАНДАЙ?
Үй – бұл отбасының және адамның тұлғалық көрінісі. Оның қандай нұсқада (көпқабатты, пішіні т.б.) салынғанына қарап, адамның отбасымен, өзімен қарым-қатынасын аңғаруға болады.
- Жаңа, әдемі үй: Жақсы.
- Ескі немесе қабырғасы қисайған үй: Адамның өз-өзімен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының аутоагрессиядан құралғанынан хабар береді.
- Үйдің көп бөлігін биік немесе адам суреті жауып тұрса: Автор ата-анасының, я болмаса басқа отбасы мүшелерінің қатаң бақылауында.
- Мөлдір қабырға: Егер үй ішіне жиһаздар салынса, ол сырт көзге көрініп тұрса, бұл автордың жеке өмірін басқаларға көрсетуге, мақтануға құмар екенін білдіреді.
ҚАЙДА?
Үй парақтың қай бөлігіне салынған? Көлемі қандай?
- Үй қағаздың ортасына, өте жақын салынса: Қонақжайлылық, көпшіл, жылулық сезімі;
- Үй алыста, яғни парақтың бір бұрышында, немесе кішкентай көлемде салынса: Суықтық, салқындық.
МАҢЫЗДЫ
Үйде мына төрт детальдың болуы маңызды:
- есік
- терезе
- төбесі
- мұржа
Егер осы төртеудің біреуі болмаса, онда сурет авторының жанында белгілі бір психологиялық жарақаттың, ал отбасы мүшелерімен арада үлкен түсініспеушіліктің бар болғаны.
1. Есік. Есік – әлеуметтік байланыстың белгісі.
- Егер есік салынбаса: Айналасындағы адамдармен, жақындарымен байланыстағы проблеманың бар екенінен хабар береді.
- Өте кішкентай есік: Ішкі әлеміне ешкімді кіргізгісі келмейді. Шешім қабылдауда қиналады. Тұйық.
- Өте үлкен есік: Айналасындағы адамдарға тәуелділік.
- Айқара ашық есік: Жылулыққа, мейір-махаббатқа мұқтаждық.
2. Терезе. Терезе – отбасы мүшелерімен жеке қарым-қатынасты білдіреді.
- Терезе саны: Отбасындағы жақсы қарым-қатынастағы адам саны. Терезенің көптігі – байланысқа ашықтық.
- Кішкентай терезе: Отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы нашар;
- Үлкен терезе: Өміріндегі қымбат жандармен ара қатынасы өте жақсы.
- Әр түрлі көлемдегі терезелер: Отбасы мүшелерінің кейбірімен сөзі жараспайды, жиі керіседі.
- Ашық терезе: тікмінезділік, эмоциясын басқара алмайды.
3. Үй төбесі. Үй төбесіне қарап, адамның қорғанысын анықтайды.
- Үй төбесі мен оның басқа бөліктері көлемі жағынан бір-бірімен сәйкес келмесе: тұлғалық болмысының әлсіздігі, өзіне деген сенімсіздік.
- Үй төбесінің жоғары бөлігін екі-үш қайтара сызу (қалың етіп): үлкен қорқынышы бар екенін білдіреді.
4. Мұржа. Мұржа жұбайлық қарым-қатынастың диагностикасы.
- Жоқ: Жарымен арада психологиялық жылулық жоқ.
- Бар: Жұбайлық ара қатынас бар, бірақ тым жақсы деп айтуға болмайды.
- Мұржадан түтін шығып тұрса: Тәтті, ыстық қарым-қатынас.
- Түтіні жоқ мұржа: Салқын қарым-қатынас.
- Бір шеті қисық немесе кетілген мұржа: Жұбайлық өмірдегі проблема.
Суреттегі осы белгілерді анықтай отырып, авторға сұрақ қойып, ол туралы кеңірек білуіңізге әбден болады дейді психологтар. Суретті тесті қолданып көріңіз.
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
Баланың оқу үлгерімін жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ жолы
Қиындық «тудырушы» мінезіңіз қайсы? (тест)