Мамыр айында СІЗГЕ неден құтылған дұрыс? (тест)

0
6 704

Суретке 5 секунд қараңыз. Нені (нелерді) көрдіңіз? Ең бірінші нені көргеніңізге емес, қайсысы ерекше әсер қалдырғанын, яғни қайсысына қайта-қайта орала бергеніңізді атаңыз. Ал, біз осы айда сізге неден құтылу керек екенін айтамыз.


Мамыр айында СІЗГЕ неден құтылған дұрыс? (тест)

Жалпы, СІЗ де, МЕН де, ОЛ да бәріміз – білгішпіз ғой. Құрбымыздың (досымыздың), сіңліміздің (ініміздің) үйіне қонақ боп бара қалсақ, әйтеуір ақыл айтпай шықпаймыз.

  • «Түкке жарамайтын, істен шыққан теледидарды шығарып тастамайсыңдар ма?»
  • «О-о, жаңа тоңазытқыш құтты болсын! Ескісі қайда? OLX арқылы сатып жібермейсіңдер ме, артық затты неғыласыңдар тар жерде...»
  • «6 жыл бұрын алған машинаңды әлі айдап жүрсің бе? Сатып, жаңасын алсай»
  • «Пәленшемен араласпай-ақ қойшы»
  • «Саған 3-4 кг салмақтан құтылу керек қой...»
Басқаға не істеу керек екенін, неден құтылу қажеттігін, кімнен аулақ жүру керектігін... бәрін-бәрін білеміз. Сондықтан да «Сырт көз – сыншы» деп бекерге айтпаса керек даналарымыз. Сырт көзге өзгенің кемшілігі де, оған не қажеттігі де байқалып тұратыны рас. Сондай-ақ, ешкім өзіне неден құтылу, не қажет екенін нақты біле бермейтіні де рас. Сонда бізге кім ақыл айтады дейсіз ғой?!


Дұрыс ақыл айтатын адамды таппасаңыз, онда психологиялық тестке жүгінген жөн. Мысалы, сізге не істеу керектігін анық айтып беретін психологиялық тесттің бірі мынау.

Суреттен ең бірінші нені анық көрдіңіз?



МЫСЫҚ

Сізге «токсинді» қарым-қатынастан құтылу керек. Ағзаны жылына бір рет токсиндерден, шлактардан тазартып тұрмаса не болатынын дәрігер айтып па еді?! Аралас-құралас адамдар арасындағы «токсиндерді» тауып, олармен байланысты үзбесеңіз, өміріңізде де ағзаңыздағыдай ауырлық, бұзылыс болады.

Жақын араласып жүрген адамдар арасында сіздің ақкөңілділігіңіз бен аңғалдығыңыңызды өз пайдасына қолданатын кім? Сіздің жанды жеріңізді (әркімнің жаралы жері болатыны белгілі) әрдайым әңгіме арасына қыстырып, тақырыпқа қосып, содан соң көзінің астымен сіздегі реакцияны бақылайтын кім? Мотивация емес, керісінше кежегеңізді кері тартуға көмектесіп, үнемі сізді төмендетіп отыратын кім? Мұндай адамдармен қарым-қатынасты осы мамыр айында үзіңіз.


КӨЗ

Сізге ұзақ ойланудан, жо-жоқ маңызды шешім қабылдауды кейінге шегере беру әдетінен құтылу керек. Ол үшін күдіктен арылған дұрыс.

Мейлі, сіз өте сақ адам шығарсыз, не нәрсені де «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» боларсыз, алайда бұрыс болса да шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қателесуден қорықпаңыз. Бастысы, өзге емес, өзіңіз шешім қабылдаңыз.

Мамыр айында осы бір кемшілікпен жұмыс істеп үйренсеңіз, бұдан былай жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алмассыз.



АҒАШ

Қажетсіз, түк пайдасы жоқ істерге уақыт шығындау әдетінен құтылыңыз. Ол үшін бір апта күнделік жүргізіп, күн тәртібіңізді саралаңыз.

Пайдасы өте аз, бірақ көп уақытыңыз бен күшіңізді «алатын» жұмыс қайсы? Жүйкеңізді жұқартатыны қайсы? Рахат сыйламайтын, қаншама жыл маңдай теріңізді төксеңіз де табысыңызды көбейтпеген жұмыс – жеміс салмаған ағашқа ұқсайды. Ол сізге керек пе? Мамыр айында ойланып, жұмысыңызды ауыстырыңыз немесе өзгеріс енгізіңіз.



ҚАС

Суреттен адам қасына ұзақ тоқталсаңыз, сізге мамыр айында жағымсыз ойлардан құтылу керек. Тұнжыратып, мұңайтатын ойлар санаңызды жиі жаулап ала ма? Ой сізді емес, сіз оны басқарып үйреніңіз.

Көңілсіздіктен, жаман көңіл күйден құтылу үшін, ең бірінші кеудеңізді тік ұстап жүруге дағдыланыңыз. Төмен емес, алдыңызға тік қарап жүруді де әдетке айналдыруға бір ай жеткілікті.

Көңіл күйіңіз түскенде, көңілсіз кезіңізді сырттай бақылаңызшы, басыңыз төмен салбырап отырасыз ба мұндайда? Көбіне оңаша қалғанда ма? Олай болса, бұдан былай оңашада жерге емес, аспанға көбірек қараңыз. Түнде жұлдыздарға бір қарап қойыңыз. Сондай-ақ, көңілсіздік жайлағанда аспанға қарап ой қаламымен «Мен бақыттымын» деп үлкен әріптермен төрт-бес рет жазыңыз. Бұл тәсіл санаңыздан жаман ойларды қуып, өміріңізге қуанышты жағдайларды шақырады.

(сурет ашық дереккөзден алынды)


Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


НЕГЕ ерте тұру МАҢЫЗДЫ?

"ПРЕЗИДЕНТ болуға кім ЛАЙЫҚТЫ" - Адамды танып-білуге арналған 5 сұрақ