​Өзіңді СҮЮ арқылы өміріңді өзгерт

0
3 879

Қалай?


​Өзіңді СҮЮ арқылы өміріңді өзгерт

фото: ашық дереккөзден алынды

Өмірін өзгерткісі келген адам интернеттен психологиялық кітаптар іздеп, оқи бастайтыны белгілі. Одан бөлек, мотиватор мен коучтардың онлайн сабақтарын сатып алып қатысады.

Бірақ барлықдерлік психологиялық кітаптың да, тренингтердің де түйіні – «Өзіңді сүйіп үйрен» дегенмен аяқталады. Түйін осылай аяқталғанымен, адам өміріндегі, ойлау жүйесіндегі өзгерістер өзін сүюден басталады. Олай болса, том-том кітап оқымай-ақ, ешқандай тренингке қатыспай-ақ өзіңізді жақсы көруді бастаңыз.


Осы орайда «қалай?» деген сұрақтың туындайтыны анық. Өзіңді сүю қиын емес, қарапайым нәрселерден тұрады.


1. Өзіңді сүю – тәніңізді дәл сол қалпында қабылдау. Мүмкін қазіргі сымбатыңыз, салмағыңыз ұнамайтын болар. «Семізбін, киімдер жараспайды, қалай өзімді жақсы көрем?» деп ойлайтын да шығарсыз. Есте ұстаңыз, арықтау процесі де, басқа да жетістіктер өзіңізді кемшіліктеріңізбен бірге қабылдағаннан соң біртіндеп орын ала бастайды. Ал қабылдау – жақсы көру.


2. Өзіңді сүю – өз өміріңізді бірінші орынға қою. Ата-ана мен бауырлардың мәселесін шешуді өздеріне қалдырыңыз. «Әркім өміріне өзі жауапты» деген ұстанымды ұстаныңыз. Бұл сізді көп уайымнан, өзгелердің кінәлауынан сақтайды. Өзін сүйетін адам ешкіммен айқайласып ұрыспайды. Ал әркімнің өміріне араласа бермесеңіз, ұрыс-керіс те болмайды.


3. Өзіңді сүю – өзіңе күтім жасау. Шашыңызды қидырыңыз, бояңыз. Күнде ұйықтарда қолыңызға, бетіңізге крем жағыңыз. Өзіңізге ұнайтын иіс су сатып алыңыз. Тісі сынған тарақты қоқысқа тастаңыз.


4. Өзіңді сүю – жаңа, әдемі бокалмен шай ішу. Шеті кетілген немесе ескірген бокалды тастаңыз. Әбден тозған дастарханыңызды ауыстырыңыз. Бокал мен асүйдегі дастарханды жаңалауға көп болса 5 мың теңге жұмсарсыз. Есесіне көңіл күйіңіз өзгереді. Өзін жақсы көретін адам көңілді жүреді.


5. Өзіңді сүю – не болса соны жемеу. Балаларыңыздан қалған ботқаны, бәлішті обал болады деп жеп қоюды доғарыңыз. Өзін жақсы көретін адам не болса соны жегенше аш жүргенді дұрыс санайды.


6. Өзіңді сүю – таза бөлмеде тұру. Мейлі ол жалдамалы пәтер болса да тазалап отырыңыз. Терезе әйнектерін, кіреберісітегі кілемшені жуыңыз. Таза бөлмеде санаңыз да, ойыңыз да таза болады.


7. Өзіңді сүю – денсаулықты күту. Алкоголь мен темекіден арылыңыз. Зиянды газды тәтті суындарды шектеңіз. Түскен тісіңізді салдыртыңыз. Стоматологқа барып тісіңізді тазалатыңыз. Бұл да соншалықты көп ақшаны қажет етпейді.


Осылай тізіп жаза берсек, өзіңді сүюдің жолы көп. Байқасаңыз, қарапайым және ақшаны көп қажет етпейтін нәрселер. Өмірдегі үлкен өзгерістер қарапайым нәрселерден, майда қадамдардан басталады. Ендеше, өзіңді сүю қиын емес.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Мұндай ӘЙЕЛ еркектерге ұнамайды

СТРЕСТЕН осы 6 ӘДІС АРҚЫЛЫ арылыңыз