СЕМІЗ және ОТБАСЫ ЖОҚ адамдардың мұндай КЕҢЕСІН тыңдауға болмайды

0
5 478

Барлық адамның айналасында ақыл-кеңес беретіндер жетерлік. Оның бәрін тыңдау керек пе?


СЕМІЗ және ОТБАСЫ ЖОҚ адамдардың мұндай КЕҢЕСІН тыңдауға болмайды

Дұрыс әрі проблемасыз өмір сүрудің арнайы схемасы жоқ. Сондықтан да, бақыт пен отбасы жарасымдылығын, ақшаны, денсаулықты сақтау жөніндегі кеңестер әрбір адамға қажет-ақ. Әйтсе де, кімнің айтқан ақылы мен қандай кеңесті тыңдамау керектігін де білген жөн.


Өмір жолында әр түрлі жағдайға тап болып, оны шешудің жолын таппай басымызды тауға да, тасқа да ұрып жатамыз. Мұндайда біреуден кеңес сұраймыз, ал тағы біреу сұрамасақ та ақылын айтады. Құлақ асқан дұрыс па?


Қазақта ең жаман қарғыс бар: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген. Мәселеңізді шешуді өзіңіз білмейсіз бе, білетінді тыңдаңыз. Бір бастан екі бас жақсы.


Айналаңыздағы адамдардың ақыл-кеңесін тыңдаңыз, бірақ кез келген кеңесті алдымен саралап, ой таразысына салып көріңіз. Өйткені, әр адамның өмір жолы, отбасы тәрбиесі, ортасы, өмір сүру салты, түсінігі түрліше. Болған бір жағдайға екі адамның біреуі оптимистік көзқараспен қараса, екіншісі пессимистік көзқараста болады. Бұл – ақиқат!

Сондықтан да, айтылған әрбір кеңеске көз жұмып кірісіп кетуге асықпаңыз. Електен өткізіп барып, сосын ғана қажетіңізге жаратуды ойлаңыз. Ал, мынандай адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап уақыт шығындамай-ақ қойыңыз.


ОЛАР КІМДЕР?

Психолог мамандар мына адамдардың кеңесі адастырады, шатастырады дейді:

  • Қарызға батып жүрген адамның баюдың жолдары туралы кеңесі
  • Семіз адамның арықтау жөнінде кеңестерін, не жеу, не жемеу керек екенін айтқан ақылы, қалай арықтау туралы ұсынған диетасы
  • Темекі шегетін дәрігердің денсаулықты нығайту туралы кеңесі
  • Жолы болмаған, ешнәрсеге қол жеткізбеген адамның жетістікке жеткізетін кеңесі
  • Құранда неше сүре бар екенін, барлық сүренің атауын білмейтін дін қызметкерінің насихаты
  • Өзге туралы көп өсек айтатын адамның ақылы
  • Сөзіңізді соңына дейін тыңдамай өзі сөйлей беретін адамның айтқаны
  • Отбасы құрмаған адамның әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жөніндегі кеңесі
  • Баласы жоқ адамның бала тәрбиесі туралы ақылы
  • Күйеуі жоқ әйелдің еркекпен қалай дұрыс байланыс құру, қалай тұрмысқа шығу жайлы кеңесі...


Сонымен қатар, өзіңіз де біреуге ақыл айтарда осы критерийлерді назарда ұстағаныңыз абзал. Әрине, барлық адамға кеңес бере аласыз, бірақ сол кеңесті өмірде қолданатын ақыл-ойды оған бере алмайсыз.

Меніңше, егер, өзі сұрамаса ешкімге ақыл айтып, кеңес берудің қажеті жоқ. Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

(суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Досыңызды ешқашан ренжітпеу үшін 4 ЕРЕЖЕНІ есте ұстаңыз!

АШУДЫ ауыздықтайтын тиімді 3 ТӘСІЛ