​Шынайы ҚАЛАУыңызды ТАБЫҢЫЗ

0
1 623

Жаныңыз нені қалайды?


​Шынайы ҚАЛАУыңызды ТАБЫҢЫЗ

фото: artnow.ru

-Ештеңе істегім келмейді;
-Ешқандай қызығушылығым жоқ;
-Ұйықтай бергім келеді;
-Күнім босқа өтіп жатқандай;


Осы жағдайлар сізге таныс па?

Ендеше сіз өз қалауларыңызды әлі де таба алмай жүрсіз деген сөз. Кез келген адам мұнымен келіседі. «Шынайы нені қалайтынымды қалай табамын?», «өзімді қалай қабылдаймын?» деген сұрақ мазалай ма? Сіздің өзіңізге деген құрмет пен махаббатыңыз артқан сайын айналаңыз да сізді солай қабылдайды. Сізге тек қана осыны түсіну маңызды.
Дәл қазір бір сәт тоқтап, өзіңіз үшін не маңызды екендігін ойланып, өзіңізге сұрақ қойыңызшы.
Ішкі сезіміңіз не деп жауап берді? Маңызды деп санағаныңыз ақталды ма?
Өзіңізге рұқсат берген сәттен бастап, өміріңіздің әрбір сәтінен ләззат ала бастайсыз. Ал ол өзіңіздің қалауыңызды тану, өзіңізді сүю дегенді білдіреді.


Таңертең күн қалай басталса, көп жағдайда кешке дейін сол көңіл күй сақталатынын өзіңіз де байқаған шығарсыз? Ұйқыңыз қанбағанына ашулансаңыз немесе әлденеге көңіл-күйіңіз түсіп, қабағыңызды түйіп, бұлқан-талқан боп жүрсеңіз, сол күнгі өміріңізге ол тікелей әсер етеді. Көңіл-күй барлығынан маңызды, егер осылай мазасыз жүрсеңіз, күні бойы жолыңыз болмауы мүмкін. Керісінше, күнмен бірге күліп оянып, іштей тілектеріңізді қайталасаңыз, айыңыз оңынан туып, алдыңыздан барлық есік айқара ашылады.


Көтеріңкі көңіл-күй тек қана өзіңізге ғана емес, айналаңыздағы басқа адамдарға да айтарлықтай әсер етеді. Өзгелер де сізге қарап көңілдері көтеріледі.


Әрине, көңілді жүрудің арнайы схемасы жоқ, еріксіз жабырқайтын сәттер де адамның басында болып тұрады. Соған қарамастан, адам өз өзін қолға алса, тырысса жағдайды мейлінше жақсартуға болады. Ал жағымсыздықпен басталған күнді қалай өзгертуге болады?


фото: hotgeo.ru


Алдымен мақсатыңызды айқындап алыңыз

Таңертең ұйқыңыздан оянғанда күндік жоспарыңызды түзесіз ғой, аса маңызды шаруаларыңыз бен бүгіннен қалмауға тиіс іс-әрекеттеріңізді саралап алыңыз.

Өйткені, алдыңызға қойған мақсатыңызға жеткеннен кейінгі көңіл күйіңіз маңызды. Күні бойы көңіл-күйіңіздің көтеріңкі жүруіне МЫНА алғышарттар міндетті түрде көмектеседі:


*Жаныңыздың тазаруы үшін, тәніңізді тазартуды қолға алыңыз. Тәніңіз рахаттанса, жаныңызға да әсер етпей қоймайды. Душ қабылдаңыз. Жылы су, хош иіс, тазалық, судың сылдыры-жаныңыздың емі бола алады. Барлығын бір сәт ұмытып, рахаттанасыз. Тәніңізбен бірге жаныңыз да тазарады.


* Жаныңыз тыныштыққа бөленетін тағы бір орта ол - үйіміз. Үй жинаңыз. Міндетті түрде бір күнде барлығын реттеп тастамасаңыз да, өзіңізге ауыр тимейтін, шаршатпайтындай етіп, этап-этаппен үйде жинап шығыңыз. Киім-кешегіңіз тұратын сөренің реттілігіне назар аударыңыз. Қаласаңыз, барлығын шашып тастап, қайта реттеңіз. Кітап немесе басқа да сувенирлерге арналған сөрені тазалап, басы артық заттардан арылыңыз. Ең керекті деген заттарыңыз ғана сөреде тұрса, үйіңіз кеңейіп, тынысыңыз ашылғандай сезімде боласыз.

Тым құрығанда жұмыс үстеліңізді реттеңіз. Көңіл-күй болмағанда немесе шаршап тұрған кезіңізде ақылға қонымсыз көрінер, бірақ іс біткен соң рахатын сезінетініңізді елестетсеңіз, қазір-ақ кірісіп кетуге болады. Оның үстіне бұл әрекет миға да реттілік сыйлайды.


*Бөлмеңізді желдетіңіз. Ауа райы қандай болмасын, таңертең кемінде 5 минут терезені ашыңыз, таңғы таза ауаның көңіл-күйге әсері мол. Таза ауа мен табиғаттың әдемі көрінісі шабытты шақыруға, жаңа істің жаршысы болуға септігін тигізетіні тәжірибе жүзінде дәлелденген. Одан бөлек, бөлмені желдету ұйқыны, тәбетті және көңіл күйді реттейді.


* Киім ауыстырыңыз. Таза киім кигенде көңіл-күйдің көтерілгенін байқайсыз. Мүмкіндігіңіз болса, киім кию стиліңізді де өзгертіп, жаңа киім сатып алыңыз. Көңіл күйіңіз қалай көтерілгенін де байқамай қаласыз.


* Жеңіл жаттығуларды міндетті түрде әр таңда жасаңыз. Отырып-тұрып, иіліп-бүгіліп жаттығу жасаңыз, билеңіз.


* Жаныңыз қалаған тағамды жеңіз. Бірақ ол денсаулыққа пайдалы болуына да ден қойыңыз. Көкөністер мен жеміс-жидектер жеңіз. Жеміс-жидекті балғын күйінде жегіңіз келмесе, оны турап, езіп, смузи жасаңыз.


* Күнделікті жұмысыңыз бөлме ішінде болса, немесе күніңіздің басым бөлігін бөлме ішінде өткізетін болсаңыз, орын ауыстырыңыз. Немесе үстеліңізді басқа орынға жылжытыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, көшеге шығып, серуендеп келіңіз.


* Су ішіңіз. Бір стақан су ішіп, жаныңызға тағы бір стақан суды әкеліп қойыңыз. Өйткені, су ішу керектігін жатқа білсеңіз де, орындамайтын қағида.


Қандай жағдай болса да берілмеңіз. Мұндай күй барлығының да басында болады. Көңіл-күйіңіз түсіп, жабырқап жүрсеңіз, осы қағидаларды есте сақтаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Үнемі ШАРШАП жүрсеңіз, энергияңызды орынсыз жұмсайсыз


Жасөспірім ұл-қызыңызбен тіл табысудың 7 қағидасы