СІЗге қай НӘРСЕге уақыт бөлу КЕРЕК? (тест)

0
11 345

Суреттен өзіңізге ұнаған бір жебені таңдаңыз. Жауабы не дейді? Оқыңыз.


СІЗге қай НӘРСЕге уақыт бөлу КЕРЕК? (тест)

Фото: avatars.mds.yandex.net

Адамның ойы – басты мақсатына қарай бағытталған жебе секілді дейді экзотерик мамандар. Егер әлдекімнің жағдайына байланысты айтқан өз ойыңызды, пікіріңізді саралайтын болсаңыз, онда өз мәселеңізге қажетті ақыл-кеңесті, мәліметті таба алады екенсіз.

Әйтсе де, ойы басқа, сөзі басқа адамдар оны аңғара бермейді. Сондықтан да өзіне не керек екенін білмей шатасып жатады. Не істеу керек?

Адамның тілі мен жүрегі бір-бірін «тыңдай» білсе, аяққа тұсау болған, мақсатқа жетуге кедергі боп тұрған негізгі мәселені «көре алады». Ал бұл мақсатқа жақындатады.


Сіз ше, не нәрсеге ұмтыласыз, бұны білесіз бе? Бұны анықтауға мынандай психологиялық суретті тест көмектеседі.

Суреттен өзіңізге ұнаған бір жебені таңдап, комментарияға жазыңыз.



№1 ЖЕБЕ

Бұл алтын жебе. Ойыңызды шырмап алған – қаржы мәселесі. Маңыздылығы аз, яғни күтуге болатын істеріңізді, мәселелеріңізді шетке ысыра тұрыңыз. Ең бірінші қаржымен қатысты мәселелеріңізді шешуге күш салу керек. Алты ай ешкімге қарыз бермеңіз, алмаңыз. Тіпті жаңа сат, бұйым сатып алуды тоқтатыңыз. Той-томалақ, отырыс, туған күн өткізуді де ұмыта тұрғаныңыз жөн.

Қаржы мәселесін неғұрлым ертерек шешсеңіз, бұл өміріңіздің өзгеруіне ықпал етеді. Рас, артынша-ақ ұзақ боп көрінген мақсаттарыңыз жақындай бастайды.


№2 ЖЕБЕ

Сіздің таңдаған жебеңіз – өз тұлғаңызға қарай бағыт алады. «Ретке келтір», «көңіл бөл», «өзіңді таны» дегенді білдіреді. Демек, өзіңіздің ойыңызбен, ішкі сезімдеріңізбен, я болмаса тәніңізбен жұмыс істеуіңіз қажет. Бұл артық салмақтан құтылу, денсаулығыңызды түзеу немесе айналаңызға аздап эгоизмді көрсету де болуы мүмкін. Сонымен қатар, көптен ойға алған нәрсені үйрену, дамыту, шыңдау, жетілдіру керек. Әрине, бұл тек өзіңізге аян. Қолға алыңыз, өзгеріңіз, сонда өміріңіз де жақсыға өзгереді.


№3 ЖЕБЕ

Үшінші жебе – махаббат жебесі. Ойға алған, көздеген мақсатыңызға жету үшін алдымен «қарым-қатынас» деген асудан өтесіз. Сондықтан дәл қазіргі уақыт өзіңізбен, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты жөндеуді талап етеді. Қарым-қатынасты түзеп, махаббатты арттырмайынша өзгеріс орын алуы мүмкін емес. Мүмкін бұл – ұзақ уақыт ренжіп жүрген адамнан кешірім сұрап татуласу немесе кешіру...

Қарым-қатынас мәселесі жоқ дерсіз. Сонда да таңдаған жебеңіз «айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынастағы сүйіспеншіліктің дозасын арттыра түсіңіз» дейді.


№4 ЖЕБЕ

Төртінші жебе – «тәуекел» деп аталады. Қорқынышты, күмәнді ойларды сілкіп тастап, тәуекел жасауыңыз керек.

Соңғы уақыттары не жайлы көп ойлап жүрсіз? Қай істе батыл қадам жасауға қорқып жүрсіз? Әрине бұны нақты білу үшін, өз ойларыңызды аралаңыз, таразыға салыңыз. Таптыңыз ба, ендеше тәуекелге бел буыңыз, ойлана бермей қадам жасаңыз, бастаңыз. «Тәуекел түбі – желқайық, өтесіз де кетесіз». Уақытта созбай, жақынарада жасаған тәуекеліңіз адастырмайды.


№5 ЖЕБЕ

Аспанға, көкке, биікке қарай бағытталған жебе. Бұл жаныңыздың еркіндікті, саяхатты, тыныштықты, бір сөзбен айтқанда демалысты қалайтынынан хабар береді.

Ауыр ойдан, мазалаған сұрақтардан, жүйкені езген жағдайлардан құтылу керек. Ол үшін 14 күн қарбалас жұмысты, күйбең тіршілікті бір сәт ұмытып, бәрінен алыстауыңыз керек-ақ.

Мүмкін табиғат аясына, ауылға жол аларсыз. Екі аптаға біреудің саяжайын жалға алсаңыз да болады. Қай орынды таңдасаңыз да ешкім сізді мазаламағаны дұрыс. Телефоныңызды сөндіріп, оңаша демалыңыз. Ешкімді, ешнәрсені ойламаңыз. Күш-қуат жинап келсеңіз, өмір сүру жеңілдейді.


Дайындаған: Т. Қалыбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КІМ екеніңізді БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? (тест)(тест)


Бұны БҮГІН істе! Неге?