Сізге қай ТҮС ұнайды? (тест)

0
10 758

1 минутта-ақ өзіңіз және өзге туралы көп мағлұмат біле аласыз.


Сізге қай ТҮС ұнайды? (тест)

Екі аптадан соң көптен күткен көктем де келіп жетеді. Бұл мезгілде табиғатпен бірге адамдардың киімдері де түрлі түске түрленеді. Ал адамның қандай түсті көбірек ұнататынына қарап, оның психологиялық портретін «салуға» болады дейді жантану мамандары.

Олай болса, 1 минуттық психологиялық тесттен өтіп көрейік. Суреттегі түстердің ішінен қайсысы жаныңызға жақын, қай түсті ұнатасыз?



ҚЫЗЫЛ

Қызыл түс – билікке, басқаруға, атақ-даңққа құмарлықты білдіреді. Бұл қанның, оттың, соғыстың, махаббаттың түсі. Сондықтан да көбіне эмоциональды, көптің жүрегі мен қалауын жаулап алуды көздейтін, батыл, ешнәрседен қорықпайтын, үнемі қозғалыстағы адамдарға ұнайтын түс.

Қызыл түске қараған кезде адамның қан қысымы жоғарылап, жүрек соғысы мен тыныс алуы да жылдамдайтыны, тіпті асқа тәбеттің артатыны да анықталған. Сондықтан да психологтар бұл түсті – қоздырғыш, құмарлық, құштарлық түсіне жатқызады.



ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ

Қызғылт сары – батып бара жатқан күннің, жемістердің және монахтардың киімінің түсі. Сондай-ақ ашық, ақжарқын, көңілді адамдардың түсі.

Олар белгілі бір қағидалар мен өмір заңдылықтарға сүйеніп өмір сүреді. Тәртіпке бағынады. Салауатты өмір салтын ұстанып, ұлтының салт-дәстүрлерін құрметтейді. Спортпен шұғылданып, темекі мен алкогольден өзін мейлінше алыс ұстауға тырысады.

Тәуекелге бара бермейді. Өйткені жайлылық аймағанынан шыққанды қаламайды. Жүйкесіне де, физикалық денесіне де артық күш салғанды ұнатпайды. Олар бәріне де майда қадам жасап, асықпай жетуге болады деген ұстанымда. Содан болар, кішкентай жетістікке де қуанып, болмашы нәрселерден бақыт таба білетін қанағатшыл, тәубешіл жандар.



САРЫ


Фото: srazu.pro

Сары түс – психологияда белсенділіктің, оптимизмнің, өмірге бейімділіктің, энтузиазмның, шалһар шабыттың белгісі саналады. Бұл түсті қиялы бай, креативті ойлай білетін адамдар жақсы көреді. Олар өзіне де, өзгеге де талапшыл, эмоциясын басқара білетіндер.

Сары – күннің, алтынның түсі. Психологтар үнемі сары түсті киім киетін, үйінің жиһаздарына сары түсті элементтер қосатын адамдар өзгелерден құрмет пен бағалауды қалайтындар дейді. Олар ісімен, мінезімен, сөзімен алтын сияқты бағалы болуға тырысады. Мұндай адамдар арасында өтірік сөйлейтіндер, сатқындыққа бар алатындар да бар екен. Сондықтан да кейде бұл тым ашық түс кей адамдардың көңілін көтерсе, кейбіреулерде тітіркену, ашу тудыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл түс туындыларымен, өнерімен көпті қуантқысы келетін шығармашыл адамдардың жанына жақын.



ЖАСЫЛ

Жасыл – өмірлік қуат, өміршеңдік, денсаулық, жастық, табиғат түсі. Психологияда бұл түсті үйлесімділік, көбею түсі деп атайды.

Бұны кез келген ортада, кез келген адаммен үйлесім тауып кете алатындар ғана емес, жұмысы, сымбаты, көңіл күйі бәрі-бәрі бір-біріне сай болуға ұмтылатындар артығырақ жақсы көреді. Олар адамдардан да, жағдайдан да жақсы жақтары мен пайдалы тұстарын жылдам көре біледі.

Өмірсүйгіш, позитивті көзқараста. Мұндай жандар айналасын мотивация беріп алға жетелейтін, интеллектуальдылық, эмоциональдылық және қаржылық тұрғысынан да дамытатын адамдармен қоршайды. Бұл түсті көбіне өзіне сенімді немесе «Менде бәрі бар» деген сенімді арттырғысы келетіндерден көруге болады.



КӨК және КӨГІЛДІР

Көк түстің бәрі де – тыныштықтан хабар береді. Ол – аспанның, теңіздің түсі. Бұл рухани даму, шығармашылық, сұлулық, демалыс, адалдық, эмоциональды жайлылық түсі деп те саналады.

Психологтардың зерттеуінше, шылымқорлар көк түсті ұнатпайды екен. Бұны мамандар олардың темекісіз демалыс жоқ деген түсінігімен, онсыз ойлана алмайтындығымен байланыстырады. Сондай-ақ қорқақ адамдар да көк түске жоламайтын көрінеді.

Көк түстерді ішкі және сыртқы күйдің балансын ұстай білетіндер, шыншыл, әділ адамдар ұнатады. Олар ең бірінші ешкімнің ала жібін аттамауды, ешнәрсеге зиянын тигізбеуді ойлайды және өзіне басқалардан да соны талап етеді.



КҮЛГІН

Күлгін – тартымдылық, кішіпейілділік, жанашырлық, сиқырлылық, романтика, мистика, сезім тұрақсыздығы, ең жоғары сана, ғарыш, құрбандық белгісі. Табиғатта, жануарларда көп кездесе бермейтін бұл түсті кейбір мамандар гомосексуализммен және феминизммен байланыстырады. Сондықтан да ол жалғыздықты мипаттайтын түс те боп табылады.

Күлгін түсті заттарды, киімдер мен аксесуарларды көбіне жаны нәзік, өте сезімтал, рухани байлықты жоғары қоятындардан кездестіруге болады екен. Олар өмірге шағымданғанды жек көреді. Тіпті басына қиын іс түссе де көп ойланып, қорытып содан соң ғана жақын адамдарына айтуы мүмкін. Әркез көмектесуге дайын адамдар. Олар жұмыстарын қайырымдылықпен, қоғамдық пайдалы істермен байланыстырады.



АЛ ҚЫЗЫЛ


Фото: psycho4you.ru

Ал қызыл – психологияда тәттілік, таңқалдыру, сезім, сыпайылық, жетілуді білдіреді. Қорқынышты жояды, ұйқыны тыныштандырады деп, көбіне бұл түсті балалар бөлмесін безендіру үшін қолданады екен.

Психологтар ал қызыл түс – ағзаны тыныштандырады, қалпына келтіреді, жанды жылытады, психологиялық кедергілерді жояды дейді. Бұл түсті олар жаны жас бала сияқты пәк, көңілі таза, жылылыққа, сүйіспеншілікке, қауіпсіздікке зәру адамдардың түсіне жатқызады.



ҚОҢЫР

Қоңыр – тұрақтылықтың, қалыптасу процесінің, күштің, күздің, ағаштың, жайлылықтың және жердің, нанның түсі. Бұл сонымен бірге жауапкершілік, табандылық, борыш пен парыз белгісі.

Көңілге қоңыржайлылық сыйлайтын бұл түске өзіне сенімді, аяғына нық тұрған, қарапайым, қиындықтан оңай жол тауып шыға алатындар құмар келеді. Олар үшін комфорт, тәуелсіздік, ағайын-туыс пен ет жақын адамдары, жауаптылық бірінші орында. Мұндай адамдар шынайылықты, еңбекқорлықты, табиғилықты жақсы көреді.



АҚ

Ақ – қардың, сүттің, қалыңдық көйлегінің түсі. Жаңа өмірдің бастауын, тазалық пен жетілуді, еркіндікті білдіреді. Бұл түс адам жанына сенім ұялатады, сондықтан ауруханаларда жиһаздар мен төсек жаймалары да, медицина қызметкерлерінің халаты да ақ түсті боп келеді.

Ақ түсті көпшіл, әлеуметтік салада белсенді, талғамы жоғары, ұстамды, ұқыпты адамдар ұнатады. Олар көбіне өзін-өзі тануға, жаңаны үйренуге, ізденіске көп уақытын арнайды. Кез келген іске, мәселеге жан-жақты сараптама жасай алады, ең ұтымды жолды іздеп татындар да ақ түсті ұнататындар. Бұл өміріне өзгеріс енгізуге құштар, жаңалыққа, жаңаға құмар, бастамашыл жандардың сүйікті түсі.



СҰР


Фото: vplate.ru

Сұр – қарапайымдылық, кәрілік, құлып пен кілттердің түсі. Сұр түсті заттарды жақсы көретіндердің шекарасынан кіру қиын. Олар сыры мен мінезін құпия ұстайды. Өміріне өзгелердің араласқанын, ұстанымдары мен әдеттерін өзгерткісі келетіндерді ұнатпайды. Бұл адамдар нәпсісін барлық нәрседен тыйып ұстайды. Көпшілік орталарда өзін жоғалтып алғандай сезінетіндіктен әрқашан оңаша, жалғыз жүреді. Шешім қабылдауда, жаңа зат сатып аларда көп ойланады. Қателесуден қорқады.



ҚАРА

Қара – түннің, мұңның, қарама-қарсылық пен қаталдықтың және құпиялық, сонымен бірге элеганттылық түсі.

Қара түсті күшіне сенетін, өз тағдырын өзгерткісі келетін, ішкі ойларымен үнемі алысып жүретін және бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын қайсар адамдар таңдайды екен. Олар өмірдің қиындықтарына шыдамды, төзімді келеді. Жағымпаздануға, өзгеге ұнау үшін өзгеруге, екіжүзділікке жаны қас.

Сондай-ақ қара түсті жақсы көретін адамдардың мінезі қиындау боп келеді дейді психолгтар. Өйткені олар турашыл, суық, мінезі қатты. Сондықтан олардың достары аз болатын көрінеді.


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Өкінбес үшін ҚАЙ уақытта ҚАНДАЙ іске, КІМГЕ көңіл бөлу керек?

Сіз неден ЗАРЯД аласыз? (тест)