Сіз неден ЗАРЯД аласыз? (тест)

0
7 781

Бұны білсеңіз, шаршап, әлсіреуден жылдам құтыла аласыз.


Сіз неден ЗАРЯД аласыз? (тест)

Фото: sun9-44.userapi.com

Көңілді отырыстан біреу зарядталса, біреу шаршайды. Біреу сөйлеген сайын қуаттанса, тағы біреу көп сөйлегеннен әлсіреп қалады. Ал сіз неден қуат аласыз?

Білмейсіз бе? Онда қысқаша тест жүргізейік. Суретке қараңыз, ең бірінші көзіңізге не түсті?


  • Өгіз
  • Мұртты еркек
  • Әйел
  • Бала



ӨГІЗ

Табиғатыңыздан өте қуатты адамсыз. Сіз еңбектен табыс қана емес, мол қуат та табасыз. Бұндай адамдар күйбең тірліктен, қалың уайым мен көп ойдан шаршағанда, физикалық дене жаттығуларын жасағаны дұрыс дейді психологтар. Тер шықса, жан дерті де, ой салмағы да жеңілдейді екен.

Үнемі ойыңыз да, бойыңыз да қуатты болсын десеңіз, спортты серік етіңіз. Күн тәртібіне дене жаттығуларын енгізіңіз.

Өгіз ет жемесе де ең күшті жануардың бірі. Олай болса, ет өнімдерінен гөрі көкөніс пен дәнді дақылдарды көбірек пайдаланыңыз.


ЕРКЕК

Суреттен бірінші сұсты, мұртты еркекті көрдіңіз бе? Онда қаталдау, суық, батыл адамсыз. Жантану мамандарының айтуынша, мұндай адамдар көбіне жұмыстан емес, жылы сөз бен сүйіспеншіліктің, еркіндіктің жетіспеуінен қуатын жоғалтып алады екен.

Өзіңізді жайсыз, әлсіз сезінсеңіз, бір сәт қатып қалған қағидалар мен тәртіптен өзіңізді босатып, босаңсытыңыз. Оңашада айқайлаңыз, жылаңыз, билеңіз, жалпы эмоцияңызға ауық-ауық еркіндік беріп тұрғаныңыз жөн.

Өмір – күліп түскенде ғана сәтті, әдемі шығатын фотография сияқты екенін де есіңізден шығармаңыз. Өмірлік, отбасылық мәселелер шаршатқанда, комедиялық фильмдер көріп, көңілді ән тыңдаңыз. Сізді шынайы күлу – қуаттандырады.

Еркек – түздің адамы. Суреттен бірінші ер адамды көруіңіз, сіз үшін қуат көзі – табиғат аясында, саябақта, аулада серуендеу екенін де білдіреді.



ӘЙЕЛ

Оңайлықпен шаршамайтын, болмашыға қажымайтын адамсыз. Қиналғанда, шаршағанда көмекті де, қуатты да өзіңізден таба алатыныңызды әрдайым есте ұстаңыз.

Сондай-ақ сіздің қуат көзіңіз – үйде, жақын адамдарыңызда. Қаумалаған ойдан құтылып, таусылмайтын мәселелерден тынығу үшін үй шаруасымен айналысыңыз. Мысалы, дәмді ас әзірлеңіз, торт пісіріңіз, газ плитаны тазалаңыз, кір жуыңыз, гүлдерге су құйыңыз т.б.

Баланың, ата-ананың күтімін жасау, басқаларға көмектесу де сізге қуат береді. Әсіресе өзіңізге күтім жасап, айна алдында ұзақ отыру тез зарядтайды.



БАЛА

Кішкентай баланың айтқанын, қалауын ата-анасы қалай орындаса, сіз де сол бала сияқты арман-тілегі жылдам орындалатын жолы болғыш адамсыз. Әйтсе де қуаты сарқылмайтын адам жоқ.

Сіз қуатты жақын адамдардың мақтау сөзінен, құшағынан табасыз. Адамдарды жиі құшақтаңыз. Немесе өзіңізді өзіңіз құшақтасаңыз да болады.

Жаныңыз жабырқағанда өзіңізді еркелетіңіз. Көңіл күйіңіз болмағанда балмұздақ, тәтті жеңіз. Сүтті ботқалар да сізді қуаттандырады.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Сіз ҚАЙ салада ТАБЫСТЫ бола аласыз? (тест)

Мамандық ТАҢДАУдың супер тәсілі