«ЖОҚ» нәрсеге НЕГЕ қуану керек?

0
3 133

Психологиялық кеңесті оқымас бұрын жоқ нәрселеріңіздің тізімін жасаңыз.


«ЖОҚ» нәрсеге НЕГЕ қуану керек?

Сіз де кейбіреулер сияқты «Менде анау жоқ», «Менде мынау жоқ» дегенді жиі айтасыз ба? Бұдан не өзгеріп жатыр?


1) «Жоқ» деген сөзді айтқанда, ойыңыз бен бойыңызды автоматты түрде көңілсіздік жаулап алады. Күні бойы мұңайып, ашуланып жүруіңіздің бір себебі осында.

2) Өзгедегі «барды» көргенде сол адамның өміріне қызығып, өз өміріңізді сүруді тоқтатасыз.

3) Жоқты ойлай беру алға қадам жасауға, мақсаттарға ұмтылуға кедергі келтіреді.

4) Ең жаманы, шүкір айтуды доғарасыз. Ал бұл бардың бағасын, қадірін білуді ұмыттырады. Отбасындағы ұрыс-керістің көбісі жоқ нәрселерден туындайды.


Жоқты айта берудің зиянын даналарымыз бір ауыз сөзбен «Жоқ деген жоғалады» деп түсіндірген. Әрине сіз емес, отбасындағы тыныштық, қадірлеу, сабыр, қуаныш, ұмтылыс, ерік жігер, өмірге құштарлық, күш қуат және өзіңізге деген сенімділік жоғалады. Қорқыныштысы, үміттің жоғалуы.



НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Жоқты айтуды доғару керек. Көп жылдан бері айтып келе жатқан бұл жаттанды сөзді сөздік қордан өшіріп тастау қиын деп ойлайтын шығарсыз. Маза бермей жүрген бұл сөзді айтуды тоқтатудың ең оңай жолы бар. Ол үшін өзіңізде жоқтың бәрін тізіп жазуыңыз керек.

Фото: mashvisor.com

Сізде не жоқ? Жоқ нәрселерді жазбас бұрын мына мысалды оқып шығыңыз.


МЫСАЛ: Бір әйел психологқа келіп өзінде жоқ нәрселерді тізіп айтып, мұңаяды, жоқшылықпен өтіп жатқан тағдырына налиды. Әйел көп айта келіп:
- Менде шынайы дос та жоқ. Әкем жоқ. Тым болмаса інім де жоқ. Жоғары жалақым жоқ. Көлік жоқ. Сағынып еске алатын қызықты жастық шағым да жоқ, - деп сөзін аяқтайды.

Көп «жоқты» тыңдап отырған психолог:

- Неге тоқтап қалдыңыз? Сіздегі бұл «жоқтың» тізімін ары қарай да жалғастыра беруге болады. Тағы да көп нәрсе жоқ қой. Неге оларды айтпай отырсыз? - дейді.

- Бәрін айттым. Мен сізге келерден бұрын жоқ нәрселерімнің бәрін жазып алғанмын. Мынау қағазда тізім, - деген әйелге психолог:

- Ендеше, тізімді жалғастырыңыз. Сізде емделмейтін қатерлі ауру жоқ. Банкке қарызыңыз жоқ. Халық алдында жауапкершілік жоқ. Мүгедек деген қағазыңыз жоқ. Әкем жоқ дейсіз, олай болса әке алдында перзенттік борышыңыз жоқ. Ініңіз жоқ па, онда ол тудыратын мәселе де жоқ қой сізде. Тіпті қабіріңіз де жоқ, - дейді.

Осы сәтте әйел күліп жібереді. Сосын:

- Бұған мән бермеген екенмін. Бірақ сіз айтқан нәрселердің жоқ болғанына шүкір. Ауруы құрсын, он екі мүшемнің түгел болғанына шүкір, - деп, әлгінде ғана шағымданып отырған ол дереу шүкір айта бастапты.


Жоқ нәрселер тек түнертпейді, қуанта да алады. Психологтардың зерттеуінше, жоқ нәрселерге қуану «жоқ» деген сөзді айтуды тоқтадады екен. Ал жоқты айтып шағымдануды доғару өмірге көзқарасыңызды, көңіл күйіңізді аз уақытта-ақ өзгертетіп, ақшаға сатып алуға болатын жоқ нәрселерге ұмтылуға күш береді екен.


Олай болса, бұл әдісті дәл қазір қолданып көруіңізге болады. Комментарийге өзіңізде жоқ нәрселерді жазып қалдырыңыз.


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ешнәрсеге ҮЛГЕРМЕЙ, уақыт жеткізе алмай ЖҮРСІЗ БЕ?


Отбасын БИЛЕГІСІ келген ӘЙЕЛДЕ жыныс АУРУЛАРЫ пайда болады (психосоматика)