Отбасын БИЛЕГІСІ келген ӘЙЕЛДЕ жыныс АУРУЛАРЫ пайда болады (психосоматика)

0
3 960

​Кез келген аурудың психологиялық себебін білсеңіз, оны дәрігерсіз емдей аласыз.


Отбасын БИЛЕГІСІ келген ӘЙЕЛДЕ жыныс АУРУЛАРЫ пайда болады (психосоматика)

Кез келген аурудың қалай, не себептен пайда болатынын зерттеп жүрген мамандар көп. Соның бірі белгілі рухани ұстаз, рух пен тәннің саулығы жөніндегі кітаптарымен оқырманға жақсы таныс Әсет Мұқашбеков. Ол дерттің пайда болуның психологиялық себебін білсеңіз, оны емдеу де оңай дейді.



БІЗ АУРУДЫ ӨЗІМІЗ «ЖАСАЙМЫЗ»

Ә. Мұқашбеков зерттеу еңбектерінде «Тәніміз біздің көзқарасымыздың, ойлау жүйеміздің сыртқы керінісі немесе ішкі жан-дүниеміздің айнадағы сияқты шағылысы» дейді. Ол әйел жыныс ауруларының пайда болу себептерін беске бөледі.

  1. Әйел өзінің қылықтарын, сыртқы түр-тұрпатын ұнатпаса, қабылдағысы келмесе
  2. Өзін әйел ретінде сезіне алмаса немесе сезінгісі келмесе;
  3. Біреудің аяулысы, сүйіктісі бола алмаса;
  4. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, отбасында басшы болуға ұмтылса;
  5. Еркекті жек көрсе.

Біліп қойыңыз, егер, отбасыңыз бола тұра басқа еркекті сүйсеңіз де жатыр, қынап сырқаттары пайда болады екен.

Сіздің тәніңіз бен жаныңыз бір-бірімен бірігіп байланысқан. Сондықтан да өмір заңдылықтарына қарама-қарсы психологиялық жағдайлардың салдары тәніңізде ауру түрінде көрініс табады. Бұл әбден зерттелген.

Түсінікті болу үшін әйел жыныс ауруларының бірқатарына тоқталып, психосоматикасымен таныстырайық.



Қынап мойнының таттануы

Себебі: Қынап мойнының таттануы – әйелдің намысын аяққа таптағандықтың бейнесі. Өзіңіздің ар-намысыңызды әйел ретінде біреудің таптағанына сенімдісіз. Сіз өзіңізді әйел ретінде қалай ұстау керектігін білмейсіз.

Есеп бойынша жатыры ісік ауруына шалдыққан әйелдердің 90 пайызы алдымен қынап мойнының таттануына шалдыққандар екен.

Емі: Өзіңіздің тәртібіңіз бен қылығыңызға, ойыңыз бен еркеккіндіктілерге көзқарасыңызды өзгертіңіз.



Жатыр ісігі

Себебі: Егер күйеуіңізден немесе басқа бір еркектен жәбір көрсеңіз, бірақ оны кешіре алмасаңыз, жүрегіңізде осы шер шерменде болып қатып қалса, онда сақ болыңыз! Жатырдың ісуі – еркеккіндіктілерге деген реніш. Кінәлаулардың қорланып қалған шоғыры және осыны үнемі есте ұстауыңыздың салдары.

Әйелдік нәзіктігіңізге үнемі соққы жасалып жүр деген ойда болсаңыз да аталмыш дертке шалдығасыз. Есте ұстаңыз, операция жасағанда аурудың себебі құрып кетпейді.

Емі: ренжіткен, азап шектірген, сіз кінәлі деп санайтын еркектерді кешіру.


Жыныс мүшесінің қабынуы

Жыныс мүшесінің қабынуы – өзінің әйелдік, нәзіктік болмысына сенімді болмау, үрейлену, өзгеден кеммін-ау деп санау, көштен қалып қойдым ғой деген қорқыныштың нәтижесі. Жалпы, өзін өзгелерден төмен санайтын әйелдердің жыныс мүшесінің ағзалары үнемі қабынып жүреді.

Емі: Өзіңізге сенімділікті арттырыңыз. Табиғаттың ерекше, ешкімге ұқсамайтын жаратылысыз. Ешкімнен кем емес екеніңізге сеніңіз, өзіңізді жақсы көріңіз.



Етеккір айналымының бұзылысы

Етеккірдің келмеуі және айналымының бұзылуы – әйел болудан бас тартуды, өзіне жексұрындықпен қарауды білдіреді. Мынау оқиға осыған дәлел.

Бір жас қыздың айлық етеккір айналымы бұзылады. Оның себебін анықтау үшін қыз өзінің бала кезін еске алды. Кішкентай кезінде анасы: «қыз емес, ұл күтіп едім», - деп зарлай берген. Оның үстіне үйінде ұл бауырына қатты көңіл бөлінген. Уақыт өте келе бәрі ұмытылады. Бірақ қыздың түпсанасында сақталған келеңсіздік қалып, кейіннен әйелдігіне кері әсерін тигізген.

Өзінің әйелдігіне күмәндану, еркектерге деген өшпенділікпен тығыз байланысты. Бұны қыз бала анасынан қабылдайды. Оның жыныстық жетілуіне кері әсерін тигізеді.

Емі: жыныстық қатынасқа қорқынышпен қарау, өзін кінәлі сезіну, жыныс мүшелеріне қатысы істерді күнә деп санау ойларынан арылу.


Тәндегі осындай аурулардан құтылғыңыз келсе, оның себептерін жойыңыз. Дерттің психологиялық себептерін жою үшін дәрі де, дәрігер де керек емес. Ойыңызды өзгертсеңіз болғаны.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТАҒДЫР сізге қажеттіні қайда ЖАСЫРҒАН?


АДАМды қанша уақытта толық ТАНУға болады?