Галстук байлауды білесіз бе?

0
6 196

Галстук байлаудың оңай тәсілдері бар.


Галстук байлауды білесіз бе?

Ер азаматтың сымбатын арттыратын атрибуттардың бірі - галстук. Оны байлауды көбі біле бермейді, бірақ үйрену де аса қиын емес.

Алдымен талғамды қажет ететін галстук таңдауға тоқтала кетсек

  • Ең бірінші галстуктің сапасына, яғни матасына мән берген жөн. Сапалы галстуктер жібектен, зығырдан, кашемирден, тоқыма матадан өндіріледі. Галстук қолыңызбен ұстаған кезде нәзік болғаны дұрыс.
  • Екіншіден, оның тігісіне назар аударыңыз. Қолдан тігілген галстуктер жұмсақ, сапалы саналады. Бірақ көптеген өндірушілер тігін машинасымен тігуді дұрыс көреді, бірақ ондай галстуктер қатты болып келеді.
  • Үшіншіден, галстуктің астары маңызды. Егер астар галстуктің матасымен бірдей болса, оны ойланбай таға беруге болады. Ал екі түрлі матадан тігілсе сапасы жоғары деп айта алмаймыз.
  • Төртіншіден, пішіні дұрыс болсын. Этикаға сай галстуктер симметриялы болып келеді. Олардың артық ені, тігісі болмайды.


Галстук байлаудың тәсілі

Ең алдымен мойынға таққан галстуктің жалпақ бөлігін екіншісінен 25 см-дей ұзынырақ етіп алыңыз;

Одан кейін бірінші суреттегідей жалпақ бөлігін жіңішке бөліктен асырып, айналдырасыз;

Енді тағы да жалпақ бөлігін жіңішкесінің үстінен айналдырасыз;

Жалпақ бөлігін көйлек пен галстук арасынан өткізесіп, ілмекті байлайсыз. Галстугіңіз байланды.


Галстукты жейдемен үйлестіру

Галстук тағатын жігіттерге арналған бірінші кеңес, жейденің түсі галстуктен ашық болсын. Киім алуға жалғыз барғанда осы ережені еске түсіріңіз.

Одан бөлек, гардеробыңызда жолақ түсті матадан тігілген галстук болсын, оны күнделікті джинс шалбарлар мен ашық түсті жейделермен кие бересіз.

Тор өрнегі бар галстуктерді сұр, боз өңді жейделермен ойланбай кие беруге болады.

Бірақ жейде мен галстук бірдей өрнектелген болмасын, ол келбетіңіздің көркін қашырып жібереді. Керісінше, бір түсті жейде болса өрнегі бар галстук, ал өрнегі бар жейдеге торлы голстуктерді таңдаңыз.

Тағы бір ескеретін дүние галстуктің қалыңдығы костюмнің жиегімен бірдей болуы керек.


Фото ашық дереккөзден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ