Іш киімді мүсініңізге сай таңдаңыз!

0
5 463

Мүсініңізге көңіліңіз тола ма?


Іш киімді мүсініңізге сай таңдаңыз!

Дұрыс таңдалған іш киім әйелді сымбатты, әрі өзіне сенімді етеді. Ол сүйікті серігіңіз үшін ғана емес, өзіңізге де жағымды. Осы себептен де, мүсініңізге қандай іш киім мен төстарқыш дұрыс келетінін ескере жүріңіз.

Мінсіз мүсінді сұлулар

Айнаға қарағанда, өз мүсініңізге көңіліңіз толып, артық майлар үшін уайым кешпейтін болсаңыз кез келген үлгідегі төстарқыштар мен іш киімдерді кие беруге болады. Әсіресе іш киімнің диегі жұқа болғаны сымбатыңызды артырады. Бірақ, бұл үлгі көп қыздарға жараса бермейді!

Белі қылдай «балмұздақтар»

Кеудеңіз бен беліңіз арық, ал бөксеңіз баршылық болса... түрлі үлгіні байқап көрген боларсыз? Әрине, мұндай мүсінді қыздарға төстарқыш таңдау қиын емес, ал іш киімнің жиегінің қалыңдау болғаны дұрыс. Мүмкін болса, жиегі жұқа іш киімдерді кимеңіз.

Майды «беліне жинайтын» бикештер

Бір қарағанда сымбатты көрінеді, бірақ шоколад мен майлы тамақты артық жесе белі мен іші шығып кететін қыздарға іш киімді мұқият таңдау керек. Сәнгерлер оларға шорты сияқты іш киімдер киюге кеңес береді.

Кеудесі мен төсі үлкен қыздар

Кейбір нәзік жандылардың кеуде тұсы кең, ал бөксесі білінбей тұрады. Мұндай қыздарға тігісі бар, ішінде арнайы қалыңдатқан матасы бар төстарқыштар тақпаған дұрыс. Қарапайым торлы, кестелі бюстгальтер жарасымда болады.

«Белі жоқ» бикештер

Кейбір қыздардың мүсіні тік төртбұрыш болып келеді. Үзіліп тұрған беліңіз болмаса, жиегі жуан іш киім қажет емес. Орташа көлемді, бантик тағылған трусылар көрік қосады.


Толық келген ханымдар

Егер түн ортасында кітап оқып, тамақ жегенді жақсы көретін болсаңыз, жиегі қалың, дененің біраз бөлшегін жауып тұратын іш киімдерді киген жақсы.

Фото: ellegirl.ru

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ