Қысқы маусым: Жасартатын сырт киім үлгілері

0
4 879

Қысқы сырт киімдер біздің жасымызды едәуір үлкейтіп көрсететіні рас. Бірақ -30 градуста да он жасқа жасарып жүруге болады екен.


Қысқы маусым: Жасартатын сырт киім үлгілері

Түрлі-түсті тон

Осы жылы түрлі-түсті ішіктердің сәнде болатынын айтқан едік. Ол киімдер жасара түсесіз, әрі трендте боласыз! Жарқыраған киімдер адамды жасартатыны белгілі ғой, тек оны дұрыс таңдап үйреніңіз. Егер, таңдау кезінде қиналсаңыз, шарф немесе бас киіміңіздің түсіне үйлесетінін алыңыз!


Пальто-халат

Бұл киім өзінің жасын ғана емес, мүсіні жасырғысы келетін әйелдер үшін ең жақсы таңдау. Пальтоның да ашық түсін таңдасаңыз, өкінбейсіз! Ол образды сәніңізді аша түсетін аксессурлармен толықтырыңыз!


Оверсайз күртеше

Ыңғайлы әрі сәнді күртешелер соңғы жылдары трендтен түспеді. Кез келген жастағы әйелге жарасымды бұл күртешемен нағыз «сәнқойға» айналуға болады. Сондай-ақ шалбармен де, белдемшемен де үйлеседі.


Парка

Күртеше сияқты жылы әрі ыңғайлы парканың жағасы ішіктен болғаны жақсы. Сол кезде ол бағалы және сәнді көрінеді.



Фото ашық дереккөздерден алынды

ERNUR.KZ