Омырауыңыздың өлшемі кішкентай болса...

0
2 761

​Қыз сымбатын айшықтайтын оның төсі екені рас. Ал егер ол кішкентай болса не істеу керек? ​


Омырауыңыздың өлшемі кішкентай болса...

Қыз сымбатын айшықтайтын оның төсі екені рас. Ал егер ол кішкентай болса не істеу керек?
- Дұрыс киім таңдау керек!

Төсіңіздің кішкентай екенін жасырғыңыз келсе, біз ұсынатын алты кеңесті жадыңызға сақтап алыңыз.

1. Көкірегіңіз кіші болса мамандар сауық кештеріне киетін киіміңіздің мойыны V-образды болғаны дұрыс дейді. Көйлек, жейде, комбинезон, топ... қайсысы болмасын мойыныңызға акцент беріп, V-образды келсін.
2. Көйлек пен жейденің вертикаль өрнектермен болуы да төсіңіздің дәл өлшемін жасыруға көмектеседі.


3. Ал төсіңіздің тұсын айшықтап тұратын белдіктері мен әшекейлері бар киімдерден бас тартқаныңыз дұрыс.
4. Киіміңіздің қатпарлы болуы да сіздің мүсініңізді мінсіз етуге көмектеседі. Тек мұндай көйлектермен беліңізге белбеу тағыңыз. Беліңізге ерекше назар аудартқанда, қатпарлы киім төсіңіздің үлкен етіп көрсетеді.
5. Тағы бір амалы киімнің көкірек тұсына көлемді өрнек тіктіру немесе әшекей тағу.
6. Ең оңай жолы ақ түсті киім киіңіз. Ақ реңк қашанда өлшемді үлкейтіп көрсетеді.

Фото: fitness-live.ru

ERNUR.KZ.