Әлемдегі ЕҢ ЕРЕКШЕ қонақүйлер Сізді тәнті етеді!

0
2 493

Сіз кәдімгі жерде, түрме камерасында немесе кереуеттен басқа ештеңе жоқ айнадан жасалған бөлмеде, тіпті готикалық стильде безендірілген бөлмені алып, табытта түнегіңіз келе ме, барлығы осы жерде бар!


Әлемдегі ЕҢ ЕРЕКШЕ қонақүйлер Сізді тәнті етеді!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Саяхатқа шыққан әрбір адам ерекше сезімдерді бастан кешіріп, ұмытылмас сапар болады деп үміттенеді. Бақытымызға орай, бұл үмітіміздің ақталуына мүмкіндік өте көп. Сондай-ақ, кез келген турист үшін ең маңызды нәрсе – тұрақтайтын қонақүйінің жайлы әрі жағымды болуы. Қазіргі таңда аты әлемге әйгілі қонақүйлер бар. Олай танымал болуының себебі, әлбетте өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады.

Ұлыбританияда талай туристі тәнті еткен "Crazy Bear" (аудармасы – қорқынышты аю) деп аталатын өте ерекше қонақ үй бар. Ғимараттың дизайны итальяндық стильде жасалған, бірақ түсі өте ерекше. Қонақ үйде ағаштан, шыныдан және болаттан жасалған композициялар, сонымен қатар жаныңызды сергітетін жалбыз бөлмесі де бар. Оған қоса, ваннасы төсек орынның жанында орналасқан нөмірлерге тапсырыс бере аласыз.

Егер Сіз АҚШ-қа аттансаңыз және танымал адамдарды ұнататын болсаңыз, онда "Crown Plaza Hotel and Conference Center" қонақ үйінде тоқтауға болады. Бірақ бұл жай ғана қонақ үй емес – бұл поезд қонақ үй! Ол Индианаполис қаласының орталығында орналасқан және нөмірлері Уинстон Черчилль, Чарли Чаплин, Джин Харлоу және Коул Портер стильдерінде жасалған. Сондай-ақ, бөлмеде естілетін пойыз дөңгелегінің дауысы ерекше әсер қалдырады.

Жануарларды, әсіресе иттерді жақсы көретін туристер АҚШ-тағы "Dog Bark Park Inn" қонақ үйіне тұрақтаса, тамаша шешім болары анық. Өйткені қонақ үйдің иесі Денис Салливан Сізді "ит қонақ үйінде" қуана-қуана қабылдайды. Онда итке ғана емес, басқа да қызықты жануарға ұқсайтын көптеген бөлшектер бар. Бірақ мынаны ескеріңіз – сіз иттің ішінде ұйықтайсыз, демалу және оқу бөлмесі-басында, ал кірер есігі "артында" орналасқан.

Егер, табиғатқа жақын болғыңыз келсе, онда Үндістандағы "Creek n Crag' s " қонақ үйі таптырмас таңдау. Бұл қонақ үй жабайы орманның ортасындағы ескі кофе плантациясында орналасқан. Ол жерден 16 метр биіктікте орналасқан және табиғи материалдардан жасалған. Қонақ үйде жергілікті маймылдар тыныш демала алатын үлкен дәліз бен екі бөлме бар. Терезеден жабайы аңдар күн сайын су іздеп келетін сарқырама көрінеді. Сондай-ақ, жабайы табиғаттағы ойын-сауық бағдарламасына тапсырыс бере аласыз!

Ал Нью-Мехикоға барып, ерекше қонақүйге орналасқыңыз келсе Сізді "Kokopelli' s Cave" қонақ үйі күтеді. Ол 100 метр тереңдіктегі үлкен үңгірде орналасқан. Сондықтан, ауыр чемодандарды жердің бетінде қадырып кеткен дұрыс. Сондай-ақ, аталған нысанның ішінде душ, суық және ыстық су, тіпті электрлі құралдармен жабдықталған ас үй бар. Тіпті ыстық ваннаға шомылуға болады.

Сіз ерекше нәрсені қалайсыз, бірақ дәл не екенін білмейсіз. Мұндай жағдайда Берлиндегі "Propeller Island City Lodge" қонақ үйіне тұрақтауға болады. Дизайнер Ларс Строшеннің ең керемет туындысы 45 бөлмеден тұрады және ір бөлме ерекше өнер туындысы! Мысалы, Сіз кәдімгі жерде, түрме камерасында немесе кереуеттен басқа ештеңе жоқ айнадан жасалған бөлмеде, тіпті готикалық стильде безендірілген бөлмені алып, табытта түнегіңіз келе ме, барлығы осы жерде бар!

"Queen Mary" қонақ үйі – 75 жыл бойы Лонг Бич портында қызмет етіп келе жатқан, Атлант мұхитында мыңдаған рейс жасап, суға кеткен мыңдаған теңізшілер, соғыс кезінде қаза тапқан адамдар, борт сыртында қалып қаза болған балалар рухымен байланысып тұрғандай сезімге бөлейтін лайнер. Оның ішінен нөмір алып, демалысты қорқынышты әрі қызықты етіп өткізе аласыз.


Ал тоқылдақты жақсы көретіндер және олардың өміріне әрдайым қызығушылық танытып, дауысынан жаны рахаттанатындарға Стокгольм маңындағы Вастерс саябағында орналасқан "Woodpecker" қонақ үйі өте ыңғайлы. Бр қызығы ол жердегі кішігірім үйлер ағашта орналасқан. Ішінде шағын дәліз, асүй, бір төсек орны және дәретхана бар. Мұнда келушілер ағаш баспалдақпен көтеріледі, ал тамақ себетке салынып жіппен жіберіледі.

Дегенмен демалыстың қалай өтетіні ең алдымен Сіздің көңіл-күйіңізге және бірге болатын адамдарға байланысты екенін ұмытпаңыз. Ал, бұл қонақүйлер Сізге ұмытылмас әсер қалдыруы үшін ғана жасалған.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:

ЭКСТРИМ: Тас пен көкке оранған тастанды ауыл

Табиғатта демалғанда мына ережелерді ҰМЫТПАҢЫЗ!