Табиғатта демалғанда мына ережелерді ҰМЫТПАҢЫЗ!

0
2 075

Ауа райы жайлы кезде көптеген адамдар табиғат аясында демалуға шығатынын білеміз. Бірақ табиғаттың тосын сыйына тап болғанда, мына кеңестерді есте сақтау қажет.


Табиғатта демалғанда мына ережелерді ҰМЫТПАҢЫЗ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Басты ережелер:

• Отты құмда немесе тасты жерге жағыңыз. Егер ондай орын таппасаңыз, топырақтың жоғарғы қабатын алып тастау керек.

• Алау жағатын болсаңыз, жанып тұрған отқа сұйық жанармай құюға болмайды. Денеңізді күйдіріп алуыңыз мүмкін. Керісінше, бірінші отыған жанармай құйып, артынан отты тұтату керек.

• Жиналмалы үстелді құмырсқа баспас үшін, оның аяқтарын суға батырып қойыңыз. Сондай-ақ, төсенішке жалбыз немесе қияр қабығын қоюға болады – құмырсқалар олардың иісіне жоламайды.

• Масаларды розмарин немесе шалфей өсімдіктерінің жапырағын отқа жағу арқылы қууға болады.

• Тез бұзылатын азық-түлкіті сол қалпында сақтау үшін термосумканы немесе қақпағы бар вакуумдық контейнерді пайдаланыңыз.

• Егер сіз өзен немесе көл жағасында демалсаңыз, су жағасына ыдыс жууға және жуынуға болмайды. Суды ластамай, құрғақ жерге жуыныңыз.


Кене жабысып қалса...

Кенені бірден алып тастамаңыз, процеске ұқыпты және мұқият болу маңызды:

1. Тістеген жерге өсімдік майын жағыңыз;

2. Жіппен кененің денесін қысып ұстап тартыңыз;

3. Жіпті баяу көтеріп, кенені алып тастаңыз. Сондай-ақ, жіптің орнына пинцетті қолдануға болады, гер бар болса;

4. Кенені тексерту үшін 2 күннің ішінде тірі күйінде апару қажет.


Тамақтан улансаңыз...

Денені удан тез тазалап, токсиндерді бейтараптандыру қажет. Әдеттегі марганец ерітіндісімен шаюдан және белсендірілген көмірді пайдаланудан басқа, мына әдістерді қолдануға болады:

• 2 сағат бойы ұнтақталған зімбір тамырын 600 мл таза суға қайнатып ішіңіз. Немесе күніне 50 мл жылы инфузия ішіп тұрыңыз.

Сонымен қатар, уланған кезде алкоголь ішпеңіз – оның ағзаға әсері сіздің жағдайыңызды нашарлатады.


Ара шағып алса...

Ара шаққан кезде теріде инесі қалып кетеді. Бірақ оны алып тастағаннан ештеңе өзгермейді. Сондықтан, ара шаққан жерді залалсыздандыру жұмыстарына кіріскен жөн. Алдымен тістеген жерге қандай да бір қызған металл басып, кейін кез келген антисептикпен тазалаған дұрыс.

Егер жараланып қалсаңыз...

Жарақат алу кезіндегі алғашқы көмек жағдайды бағамдаудан басталады. Жарақат және қан кету қаншалықты күшті. Ластану бар ма? Егер жарақат кішігірім болып, алайда антисептик жоқ болса: алдымен жара орнын жуып, оған жайдаланған қылқан жапырақтарды қойып, матамен таңып тастаңыз.

Егер қан кету немесе жарақат күшті болып, артерия зақымдалса, аяқты буып, тез арада ауруханаға барыңыз.


Жылан тістесе...

Егер сіз Жыланды байқасаңыз, қозғалмай, тыныш кетіп қалғанын күтіңіз. Әйтпесе, жылан өмірге қауіп төндіретін шабуыл жасайды.

Ал шағып алса, аяқ-қолдың қозғалысын толығымен тоқтату керек, өйткені қозғалыс қан айналымын тездетеді де, у қан тамырларыменмен ағзаға тез тарайды.

Сондай-ақ, жараны дезинфекциялап, орнын қысып таңыңыз да тезірек дәрігердің көмегіне жүгініңіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГОЛЛИВУДТЫ «Playboy-дың» негізін қалаушы сақтап қалған


ЭКСТРИМ: Тас пен көкке оранған тастанды ауыл