Әлемдегі ең қорқынышы туристік орындар

0
4 317

Көптеген адамдар демалысын теңіздегі құмды жағажайда, керемет әдемі таулар мен сарқырамаларда немесе шаңғы тебу орталықтарында өткізіп жатады. Сондай-ақ, саяхат кезінде қорқыныш сезімін бастан өткізгісі келетін туристер да бар, олардың көбісі өмірдің құндылығын түсіну немесе қиындықтардан қорықпауды үйрену үшін қорқынышты орындарда демалуды қалайды екен.


Әлемдегі ең қорқынышы туристік орындар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сондай адамдар үшін арнайы «хоррор-туризм» құрылған, яғни әлемдегі ең қорқынышты орындарға саяхаттауды «хоррор-турлар» деп атайды және олар туристік компаниялардағы ең көп сұраныстардың бірі болып тұр.


1. Винчестер үйі (Сан Хосе, АҚШ)


Сан-Хоседе салынған Винчестерлердің үлкен үйінде 160 бөлме және 40 баспалдақ бар. Бұл үйде бұрын күйеуі миллионер болған Сара Винчестер 40 жыл бойы тұрған.


Бір күні түнде Сараға қайтыс болған күйеуінің елесі келеді және оған жағымсыз хабар айтып: «Адамның күнәлары сүйектеріне жазылатындықтан, менің рухымнан қиянат жасаған жандардың елесі кек алады. Олар тек үлкен ғибадат үйінің құрылысын бастағаннан кейін ғана тынышталады. Ал, олай болмаса қазіргі үйдің иесі өледі», - дейді. Содан кейін Сара Винчестер бірден осы үйдің құрылысын бастаған.


Жесір әйел Сан-Хоседен мықты құрылысшыларды жалдап, жұмысты жылдамдатады. Үйге жаңа бөлмелер, верандалар, балкондар, дәліздер және жасырын өту жолдары салынады. Сонымен қатар, үйге қорқынышты үлгідегі терезелер орнатылған. Үйдің құрылысы күн өткен сайын тез жүрген және тоқтаусыз жұмыс 38 жылдан астам уақытқа созылған.


Тағы бір таң қаларлығы – үйдің кейбір дәліздеріндегі еденге терезе орнатылған.

Бүгінде Винчестерлердің елес толы үйі танымал туристік орынға айналған.


2. Мдиндегі «азаптау» мұражайы (Мальта)


Мұражай Мдин қаласында, ежелгі Мальтаның астанасында орналасқан. Қазіргі уақытта қала өмірі қатып қалған және көшелерінде адамдар жоқ.


Барлық мұражай экспонаттары орта ғасырларда жасалған. Ал мұражай кейіпкерлері балауыздан жасалған, бірақ өте табиғи көрінеді.



Мұражайдың жертөлесі бірден туристердің назарын аударады, себебі онда көзден ілгіш сымдар, бас сүйекті қысуға арналған құралдар, тырнағы және басы жоқ адамдар бар. Сондай-ақ, келушілер көз ауруы бар адамдарды, тамаққа қызған май құю кезін, тілді үзу көріністерін көре алады.


3. Манчак батпағы (АҚШ, Луизиана штаты)

Әлемдегі ең қорқынышты туристік орындардың бірі – Манчак батпағы. Ондағы туристік экскурсиялар түнде өтеді. Саяхатшылар үнділік каноэде қайықтарымен ғана батпаққа бара алады және жол көру үшін тек алауды ғана пайдалана алады. Сондай-ақ, батпақтың жергілікті тұрғындары бар, олар – үлкен қолтырауындар.


Жергілікті аңыз бойынша, «rougarou» қорқынышты аймағына жататын батпақтан кейде ыстық сұйықтық атқылап тұрады екен. Сонымен қатар, Манчак батпағын «елестер батпағы» деп те атайды.


Аңыз бойынша, Манчак батпағында XX ғасырдың басында тұтқынға алынған Вудтың патшайымы болған. Ал, батпақ астында жүздеген адамдар мен үй жануарларының мәйіттері бар, олар мерзімді түрде жер бетіне шығып тұрады. Мәйіттер жергілікті қолтырауындардың тамағы болады, сонымен қатар олар қайықпен жүрген туристерді де мұқият қадағалап жүреді.


Қазір бұл батпаққа қызығатын туристер көп және батпақтың түбінде кез келген тілекті орындайтын жұмбақ бұрыш бар деген аңыз бар.


4. Припять (Украина)



Чернобыль апатынан кейін Припять нағыз қорқынышты қалаға айналды. Қаланың орталық даңғылдарынан 1986 жылы жарық көрген газеттердің қалдығын кездестіруге болады, сондай-ақ, ауруханалардың, балабақшалардың және мектептердің терезелерінен гуілдеп, жел соғып тұрады.


Припяти мектептерінің біріндегі спорт зал



Қараусыз қалған балабақша



Қалалық саябақтан үлкен шолу дөңгелегін, өртті өшіріп үлгермеген өрт сөндіру көліктерін көруге болады.



Сондай-ақ, Чернобыль АЭС су арнасында үлкен мутант балықтар бар.



Осындай қорқынышты қаладағы жансыз пейзажға, қараусыз қалған үйлер мен жоғары радиациялық жағдайға қарамастан, бүкіл әлемнің туристері осы қатып қалған қаланы өз көзімен көргісі келеді.


5. Париждегі жерасты мұражайлары



Париждегі бұл үңгірлер әлемдегі ең жұмбақ және қорқынышты орындардың бірі.


Лабиринттің ұзындығы 300 километрге жуық.


Мұнда жобалық есептеулер бойынша 6 миллион адамның сүйектері жерленген.



Әрине, әлемдегі ең қорқынышты туристік орындар бұлар ғана емес. Келесі мақаламыздан жалғасын оқи аласыз!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тоқтап тұрған көлік өздігінен көтерілетін тау немесе тартылыс күшіне бағынбайтын орындар бар (видео)


Жердегі жұмбақ: Салмағы 300 келіден асатын тастар өздігінен жылжып жатыр (видео)