Тоқтап тұрған көлік өздігінен көтерілетін тау немесе тартылыс күшіне бағынбайтын орындар бар (видео)

0
4 587

Ұлы ғалым Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс күші туралы заңды қалай ашқанын біреулер білсе, біреулердің есінен шығып кетуі мүмкін. Есінен шығарып алғандар үшін: Ньютон ағаш астында отырған, кенеттен оның басына алма құлайды және бұл оның басына тартылыс заңы туралы ойды әкеледі. Дегенмен, Жерде бұл заңға бағынбайтын орындар бар екен!


Тоқтап тұрған көлік өздігінен көтерілетін тау немесе тартылыс күшіне бағынбайтын орындар бар (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сіз үшін бұл қиял-ғажайып ертегі сияқты болып елестеуі мүмкін. Бірақ, мұндай орындар біздің ғаламшарымызда шын мәнінде бар. Осы мақалада сол тартылыс заңы жоқ 5 орын туралы айтылады.


1. Жоғарыға ағатын сарқырама

Чили Республикасында ерекше құбылысқа ие орын бар. Сарқырамадан түсетін су төмен емес, жоғарыға ағады және бұл физика заңдарына қайшы келеді. Бірақ, бұл жерде ешқандай сиқыр жоқ. Барлық нәрсе күшті ауа ағынында, ол ағып жатқан суды жоғарыға итереді. Сонымен қатар, бұл әлемдегі жоғары қарай ағатын жалғыз сарқырама емес. Бірнеше жыл бұрын осыған ұқсас орындар Үндістан мен Австралияда тіркелген.


2. Санта-Круздағы жұмбақ орын

Джордж Слейзер есімді саяхатшы 1939 жылы серуендеп жүрген кезінде өте қатты бас айналуын сезінген және компасының көрсеткіш тілшесі тоқтаусыз айнала бастағанын байқаған. Содан кейін, бұл орын бірден оның назарын аударады да, осы жерді сатып алады. Сатып алғаннан кейін, бұл жердің соншалықты ерекше екенін көрсету үшін үй соғып, адамдарды шақыра бастайды. Ал, жұмбақ орынның ерекшелігі туралы әңгіме бірден бүкіл Калифорнияға тарайды.

Бұл жерде салынған үйдегі адамдар әртүрлі бұрыштардың астында бола алады. Үйдегі су жоғары ағады, ал жатқан доп төмен емес, жоғарыға көтеріледі және т.б. ерекше құбылыстар орын алады. Көптеген адамдар бұған себеп – жердің астында жанартаудың шұңқырының болуы деп болжайды. Бірақ ешкім анық тұжырым жасай алмаған. Сондықтан, Санта Круздағы тартылыс күші жоқ жұмбақ орын әлі күнге дейін Калифорниядағы туристер ең жиі баратын мекеннің бірі болып отыр.


3. Арагац Тауы

Арменияның батыс бөлігінде, армян-түрік шекарасына жақын жерде жыл сайын әртүрлі елдерден көптеген туристер келетін тау бар, мұнда да адамдар антигравитациялық құбылыстың куәгері болу үшін келеді. Олар таудың етегіне көліrпен келіп тоқтайды, ал көлік өз бетімен жоғары қарай көтеріледі. Жақын жердегі өзен суы да таудың төбесіне қарай ағады. Көрінісі өте ерекше. Бұл тауда төмен түсуден гөрі жоғары көтерілу оңай. Мамандар бұл жердің неге мұндай екенін әлі анықтай алмай келеді.


4. Канададағы магниттік тау

Канаданың шығысында, теңіз маңындағы Нью-Брансвик провинциясында тағы бір қызықты орын бар, бұл жердегі ерекше құбылыс – көлік өздігінен жоғары қарай қозғалады. Бұл ерекше орын көліктердің пайда болуымен ашылған. Бірақ мұнда ешқандай сиқыр жоқ, көліктің жоғары жылжуы трассадағы еңістердің және көтерілу орындарының өзгеруіне байланысты. Сондай-ақ, мұндай орын Челябі облысында, Орал тауларында бар.


5. Гувер су қоймасы

Бұл Колорадо өзенінің төменгі бөлігінде салынған, биіктігі 221 метр болатын бірегей гидротехникалық құрылыс. Сонымен қатар, АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі басты көрікті орындардың бірі. Осы су қоймасының биігіне шығып, ғажайып эксперимент жүргізуге болады. Ол былай болады: егер бөтелкеге су құйып алып, оны төксеңіз, су жоғары қарай ұшып кетеді. Осындай таң қаларлық эксперимент жасау үшін мұнда да туристер ағылып келіп жатады.

Мұндай жағдай су қоймасы құрылысы мен жер бедерінің өзара әрекеттесуі кезінде пайда болады деп есептеледі. Анығырақ айтсақ, төккен су қатты ауа ағынымен жоғары көтеріледі. Тек су ғана емес, барлық затқа осылай әсер етеді.


Иа, бұл әлемде неше түрлі ғажайыптар бар. Бүгін Cіз соның бір бөлігімен ғана таныстыңыз. Келесі мақалалардан да осындай қызықтарды оқи аласыздар.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлем халқын өзіне шақырған орындар


Ресми астанасы жоқ, тіпті астана салатын жері жоқ елдерді білесіз бе?