Азиядағы ЕҢ ТАНЫМАЛ туристік орындар

0
3 696

Адамдар Азияның қай жеріне жиі саяхаттайды?


Азиядағы ЕҢ ТАНЫМАЛ туристік орындар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Азия – әлемдегі ең әдемі туристік орындарға бай көрікті континент. Бұл құрлық түрлі мәдениеттерге бай, әрбір туристік орынның өзіндік тарихы бар. Бұл континентте өткізілген демалыс адамдарды сергітеді және таңғажайып жерлер туралы түсінік алуға, жайбарақат жатқан ландшафттарды көруге мүмкіндік береді. Сондықтан бүгін оқырман назарына Азиядағы туристер ең көп табан тірейтін орындардың тізімін ұсынғанды жөн санадық.


Индонезия-Бали

Бали – бұл тас мүсіндерімен әйгілі Батубулан ауылы орналасқан кішкентай болса да, ғажайып арал. Жергілікті мәдениеті өте бай және жарқын идеяларымен танымал. Ең танымал іс-шарасы Barong dance деп аталады. Жергілікті тұрғындар бұл амалды таңертең Баронг құдаға арнайды. Егер, осы бір іс-шараға куә болсаңыз, зергерлер мен түрлі қолөнершілердің жұмыстарына назар аударғаныңыз дұрыс.


Бангкок

Бұл жер Будда мүсіндерімен және Будда ғибадатханасымен әлемге әйгілі. Бангкокқа саяхаттасағңыз Эраван ғибадатханасына (Erawan Shrine) және ғибадатхананың жанында орналасқан Жылан фермасына баруды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бұл жерде экстремалды сафари, Паттайя және Маржан аралына апаратын турлар ұйымдастырылады.


Үндістан

Үндістан – мәдениеті бай, туристерге өте көп нәрсе ұсына алатын ел. Мұнда барған туристер Ганг өзенінде қайықпен жүзіп, ғажайып Тәж-Махалға барып, Гоаға экскурсия жасап, Қызыл Форттың бекінісін, Гималайды, сонымен қатар Үндістанда орналасқан түрлі ескерткіштерді, храмдар мен шіркеулерді көре алады. Үндістан сонымен қатар әртүрлі тағамдарымен және осы елде аталып өтілетін түрлі фестивальдерімен танымал. Сондықтан бұл ел кез келген туристі қызықтырады.


Катманду

Катмандудағы Дурбар алаңы (Kathmandu Durbar Square) - осы қаланың және оның тұрғындарының мәдениетін паш ететін танымал орын. Мұнда сіз Буданилкантха (Buddhanikantha) және Пашупатинат (Pashupatinath) деп аталатын керемет ғибадатханалармен таныса аласыз. Бір жақсысы – мұндағы ауа-райы жыл бойы қолайлы болып тұрады.


Қытай

Бұл – Азиядағы ғана емес, әлемдегі ең алпауыт елдердің бірі. Бұл елдің бүкіл аумағын аралап өту үшін туристерге көп уақыт қажет. Дегенмен, Қытайға барған адам ең танымал туристік маршруттар арқылы Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына, тыйым салынған қала сарай кешеніне, сондай-ақ аспан ғибадатханасына бара алады. Туристер мен жергілікті тұрғындар арасында Янцзы өзеніндегі круиз де өте танымал. Онда сіз табиғатпен тығыз байланыс орната аласыз. Қазіргі заман талабына сай сәулет туындылары мен көк тіреген ғимараттар да тәнті етпей қоймайды.


Жапония

Токио – Жапонияның ең танымал, туристер үшін өте қызықты қаласы. Кейбір дәстүрлі жапон мәдениеттерін осы қалаға қарасты таулы ауылдардан ғана табуға болады. Сонымен қатар, туристер арасында Жапониядағы ғибадатханалар мен тарихи нысандар өте танымал.



Түркия

Бұл әлемдегі ең әдемі елдердің бірі және ондағы мәдениет сізді таңғалдырады. Түркияда Анадолы өркениеттері мұражайы сияқты көптеген ғаламат мұражайлар бар. Сонымен бірге, Памуккаледегі Иераполис сияқты археологиялық орындары мен көк мешіт сияқты танымал мешіттері де әйгілі. Және туристер Түркияға барғасын әлемге әйгілі түрік шайынан дәм татпай кеткені дұрыс болмас. Ең бастысы – түркия тұрғындарының көпшілігі қонақжай әрі мейірімді болып келеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ғаламшардың ҒАЖАЙЫП үңгірлері


Шетелде жүріп төлқұжатты жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?