Бұл елдердің туристік әлеуеті ДҰРЫС БАҒАЛАНБАЙ ЖҮР. Әйтпесе...

0
2 464

Тек танымал елдерге емес, беймәлім бағыттарға да саяхаттап тұрған дұрыс.


Бұл елдердің туристік әлеуеті ДҰРЫС БАҒАЛАНБАЙ ЖҮР. Әйтпесе...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер Еуропада демалғыңыз келіп, бірақ қаржыңыз аздау болып тұрса, саяхаттан бас тартпаңыз. Себебі қарт құрлықта туристік әлеуеті дұрыс бағаланбайтын, тиісінше саяхаттауға аз ақша жұмсалатын елдер бар. Олардың тарихы мен мәдениеті, туризмі Италия, Германия немесе Франциядан кем емес. Тек танымалдылығы төмендеу.


Босния және Герцеговина

Егер сіз саяхаттап жүріп көптеген сәулет ескерткіштерін тамашалауды, ерекше тағамдардың дәмін татуды жоспарласаңыз, Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, халқының саны шамамен 4 миллионды құрайтын Босния және Герцеговина еліне барыңыз. Сапарыңызды Босния мен Герцеговинаның оңтүстігінде орналасқан бірегей қала Мостардан бастаңыз. Онда еуропалық және азиялық екі мәдениет керемет үйлесім тапқан.


Сербия

Бұл ел туристерді өзінің тарихымен, дәстүрлерімен және табиғи сұлулығымен таңқалдырады. Мәселен, сұлулықты сүйетіндер Белградқа міндетті түрде назар аударуы керек. Онда көптеген көрнекті орындар, мұражайлар, ежелгі монастырлар, кез-келген талғам мен бюджетке арналған мейрамханалар бар. Ал, ерекше сахатты ұнататындар үшін Сербияның таулы аймағындағы кішкентай Мокра Гора ауылы қолайлы. Ондағы Белград пен Сараевоны байланыстыратын тар теміржол станциясының жанында әйгілі серб режиссері Эмир Кустурица Мечавник ауылын салған. Ол ауылға барып, Балқан мәдениеті және Кустурицаның фильмдері туралы көбірек мәлімет біле аласыз.


Словакия


Табиғат аясында тоқтаусыз серуендеп, демалуды таңдағандар Словакияға баруы қажет. Орталық Еуропада, Батыс Карпатта орналасқан бұл елде сіз ботаникалық бақтарды, ұлттық саябақтар мен тау үңгірлерін, ерекше тағамдарды, сондай-ақ өте қонақжай тұрғындарды кездестіре аласыз.


Албания

Еуропадағы жабық ел деп саналған бұл мемлекет бүгінде жайлы климат пен жағажай демалысын ұнататындар үшін өте қолайлы орынға айналып келе жатыр. Бір жылдың 300-ге жуық күні саяхатқа қолайлы болатын Жерорта теңізінің жағалауында туризм тым қатты дамымаса да, әр саяхатшы өзіне ұнайтынын таба алады. Тіпті, ондағы Адриатиканың әсем жағажайлары, тиранның жайлы және есте қаларлық астанасы, бай табиғаты мен көрікті жерлері, тағамдары мен төмен бағалары сізді қайта-қайта келуге мәжбүр етуі мүмкін.


Латвия

Сәнді сарайлар, жағажайлар мен курорттары, ұлттық саябақтар және ортағасырлық көне көшелер тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайтын шығар. Ал, мұның барлығын Еуропаның солтүстік-шығысында орналасқан, Балтық жағалауындағы шағын елдердің бірі – Латвиядан таба аласыз.


Люксембург

Ал, хандық, корольдік дәуірді сезінгісі келетіндердің осынау кішкентай ғана елге барғаны дұрыс. Өйткені, Люксембургтің аумағында 100-ге жуық көне сарайлар мен бекіністер бар. Сонымен қатар, бұл елге емдеу-сауықтыру орталықтары үшін саяхаттап баратындар да көп. Ол үшін турист өз маршрутына керемет санаторийлерімен әйгілі болған Мондорф-ле-Бен қаласына аялдауды жоспарлауы керек.


Лихтенштейн

Лихтенштейннің жері ұлтарақтай ғана болғанымен, белсенді демалысты, сонымен қатар, тыныштық пен табиғат аясын іздейтіндерге таптырмас бағыт. Жер бетіндегі ең кішкентай мемлекеттердің бірі болып саналаттын Орталық Еуропадағы князьдік шаңғы спортын ұнататындарға (мұнда шаңғыларға арналған мұражай бар), сондай-ақ орта ғасырлық сарайларды тамашалғысы келетіндерге де ұнауы әбден мүмкін.


Тек танымал елдерге саяхаттай бермей, осындай бағыттарға да назар аударып тұрған абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


РАМАЗАН айындағы саяхат: Сіздің мұны БІЛІП АЛҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС!


ТМД елдеріне саяхат: Бұл тізімде Қазақстан бірінші орында тұр