Бұл ормандар талай адамды ТӘНТІ ЕТКЕН

0
3 418

Тіпті бірнеше мың жыл бұрынғы заманға барғандай боласыз.


Бұл ормандар талай адамды ТӘНТІ ЕТКЕН

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адамдар өз демалысын ну орманның арасында өткізгенді қалайды. Егер сіздің де қалауыңыз сондай болса, бүгінгі мақалада назарыңызға ұсынылатын таңғажайып ормандармен таныса отырыңыз.


Бишілер орманы – Грифино, Польша

Польшаның Грифино қаласындағы орман нағыз қорқынышты киноларды түсіруге арналғандай әсер қалдырады. Себебі, бұл ормандағы 400-ден астам қарағай тамырынан бастап 90 градустық бұрышпен иіліп өсен. Ал, ғалымдар әлі күнге дейін ағаштардың бұлай өскенін анықтай алмапты. Орман әсіресе күн батқан кезде қорқынышты кейіпке енеді.



Грейздел – ерекше мүсіндер саябағы

Грейздел орманы Англияның солтүстік-батысындағы өзендер мен көлдерге толы таулы аймақта орналасқан. Онда көптеген серуендеу жолдары, тіпті шағын мейрамханалар бар. Ал, Грейзделдің басты назар аударарлық орны – ормандағы «Sculpt» көрмесінде орнатылған модернистік суретшілердің мүсіндері. Олардың бірін атақты Йоко Ононың өзі жасаған.



Ормандағы аспалы қонақүй – Харадс, Швеция


Харадс қаласының маңындағы орманда қонақтарға арналған ағаштан жасалған үй-жайларбар. Олардың әрқайсысы ерекше форма мен дизайнға ие. Мысалы, ұсынылып отырған суреттен байқаныңыздай, мына қонақүй ұшатын ғарыш табағы стилінде жасалған.



Религ Глен Орманы, Шотландия

Ағаштары соншалықты тығыз өскен ежелгі қарағай орманы алып ағаштарымен әлемге әйгілі. Ондағы қарт қарағайлардың биіктігі 50-60 метрден асып кетеді.



Дин орманы - Глостершир, Англия

Глостершир округіндегі ежелгі Дин орманына барған адам өзін «ормандар одағында» жүргендей сезінеді. Өйткені ол әйгілі Шервуд орманымен астасып жатыр. Онда демалуға барғандар үшін ағаш үйлерден тұратын бір қалашық бар. Сондай-ақ, жергілікті инспекторлар түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, кәдімгі ормандағы өмір сүру ортасын ұйымдастырады. Мәселен, олар туристерге от жағуды, жеуге жарамды өсімдіктер жинауды және өсімдіктерден арқан тоқуды үйретеді.



Таңғажайып «кілем» - Халлербос, Бельгия

Брюссельден бір сағатқа жуық жерде орналасқан Халлербос орманы сәуір айынан бастап керемет көрініске ие болады. Саяхатшылар ондағы шөптер мен жабайы гүлдердің үйлесімін «тап бір кілем секілді» деп бағалаған.



Жаяу жүретін алыптар – Девоншир, Англия

Дартмурдағы Финглс орманы немесе Девоншир графтығы – нағыз археологиялық құндылыққа бай орман. Тіпті ғалымдар бұл жерде темір дәуірінен бері өсіп келе жатқан тіршілік бар екенін айтқан. Сондай-ақ, орманда жүріп келе жатқандай болып көрінетін алып ағаштар бар. Ал, табиғат таңғажайыбына көршілес орналасқан Вустон қамалының бақылау палубасынан орманның ерекше көріністерін тамашалауға болады.



Каролина голиаттары – АҚШ

Калифорнияның солтүстік-батыс жағалауындағы Каролина штатында Редвуд деп аталатын ұлттық саябақ бар. Бұл – АҚШ-тағы ең әсерлі ағаш алқабы болып саналады. Мұнда барып серуендеген адам өзін бірнеше мың жыл бұрынғы кезеңге оралғандай сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі – Редвуд орманында «Жұлдызды соғыстар» кинасының алғашқы сериялары түсірілген.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Дубайға барғанда БҰЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ!

Күз айларында қайда саяхаттаған дұрыс?