Күз айларында қайда саяхаттаған дұрыс?

0
1 690

Саяхаттауға ешқашан кеш емес!


Күз айларында қайда саяхаттаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер сіз жаз бойы жұмыс істеп, шет елдерге саяхаттай алмаған болсаңыз, ол жоспарды күз айларында орындауға да мүмкіндік болады. Ал, ол саяхатты қай бағытқа жоспарлау керек екенін осы мақаладан оқып біле аласыз. Негізі көптеген туристік орындар жаз мезгіліне қарағанда күз айларында тартымдырақ бола түседі. Сондықтан сіздің назарыңызға қыркүйек, қазан, қараша айларында қайда демалуға болатындығын және осы маусымның негізгі артықшылықтарын ұсынып отырмыз.


Күзгі демалыстың басты артықшылығы – бағасы арзан туристік билеттердің көп болуы. Бұл жылдың осы уақытында туристер саны едәуір азаятындығына байланысты орын алады. Сондай-ақ, бұл кезде ыстық елдердегі ауа-райы өте қолайлы болады. Яғни демалыс жаздың аптап ыстығындағыдай емес, жайлы өтеді. Егер, қазір дәл осы ұсынысты құп көріп отырсаңыз, ғаламтордан арзан турларды іздей бергеніңіз абзал.


Қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап ваучерлердің құны айтарлықтай төмендейді. Сондықтан туристік пакетті сатып алуға асықпаған дұрыс. Себебі, күз мезігіліне ұсынылған турларды егжей–тегжейлі зерттеуге көбірек уақыт болады. Ал, демалыстың басты мақсаты – саяхатты сапалы өткізу, физикалық және психикалық жай-күйіңізді нығайту емес пе?

Енді қай айда, қайда барған тиімді болатынын қарастырайық.


Қыркүйек айында қайда демалған дұрыс?

Қыркүйек – еуропалық курорттарға бару үшін ең қолайлы ай. Бұл кезде Еуропа сізді күн шуақты ауа-райымен қарсы алады және қызықты экскурсиялар, сатып алуға болатын көптеген нәрселер болады. Әсіресе, Еуропаның оңтүстік елдері қыркүйектегі демалысты өткізуге таптырмас орындар болып саналады.

Дәл осы айда сіз Еуропаның көптеген елдерінде жыл сайын өткізілетін мерекелерге, мәдени іс-шараларға және түрлі фестивальдерге қатыса аласыз. Сонымен қатар, жазғы маусым аяқталғандықтан көптеген сауда орталықтары ауқымды жәрмеңкелер ұйымдастырады.


Көптеген туризм сарапшылары күз мезгілінің басында Черногория, Грекия, Италия және басқа да Оңтүстік елдеріне саяхаттауды ұсынады. Бұл жерлерге барып, жылы ауа райында теңізге қалағаныңызша шомыла аласыз. Сонымен қатар, Португалия мен Атлант жағалауы да күздің басындағы демалыс үшін тамаша таңдау болмақ. Ал, дәл осы уақытта ең танымал демалыс орындары Испания, Франция, Хорватия мен Болгарияда болады екен.


Қыркүйек айында Кипрге саяхаттауға да болады. Себебі, бұл мезгілде Кипрдегі ауа райы жаздағыдай болып, теңіз суы жылынады. Оған қоса, Тунис пен Марокко туралы да ұмытпаған дұрыс. Мұндай демалыс аймақтары да күздің басында қолайлы мекенге айналады.



Қазан айында қайда демалуға болады?

Қазан айына демалыс жоспарлаған адамдар үшін жағажай демалысынан бөлек, емдеу-сауықтыру турларын қосу ұсынылады. Егер сіз бойдағы шаршауды шығарып, жүйкеге түскен салмақты, иммунитеттің әлсіреуін жеңгіңіз келсе, онда сізге қазан айындағы демалысты тиімді пайдаланып, емдеу-сауықтыру орындарына да барған дұрыс. Сондықтан, қазан айындағы саяхатты Болгария, Италия, Швейцария, Германия, Чехия, Тунис, Түркия немесе БАӘ елдеріне жоспарлаған тиімді болады.

Әсіресе, қазан айында Туниске барып, қараша айына дейін теңізге шомыла аласыз. Сондай-ақ, дәл осы айда Туниске арналған турларға маусымдық жеңілдіктер көп болады, яғни қаржы үнемдеуге де қолайлы болмақ.



Қараша айында қайда демалуға болады?

Қараша – Египетте демалу үшін тамаша уақыт. Күннің ыстығ қайтады, бірақ теңіз әлі де жылы болады.


Үндістан да қараша айындағы демалыс үшін таптырмас таңдау. Бұл жақтан сіз қарашада жағажай демалысын да, тамашалайтын көрікті жерлерді де таба аласыз. мен ғибадатханаларды да барыңыз. Крит, Маврикий мен Мадейра да қарашадағы демалысқа қолайлы.

Ауа-райының қолайлылығы туристерді жыл бойы қабылдауға мүмкіндік беретін бірқатар елдер бар. Туристер бұл елдердің курорттарында жылдың кез келген уақытында демала ала алады. Олар: Мадагаскар, Ямайка, Сейшел аралдары және Бали.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Еуропада көлікпен саяхаттайтын КЕРЕМЕТ БАҒЫТТАР бар

Дубайға барғанда БҰЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ!