Қысқы серуенге шықпас бұрын мына кеңестерді ОҚЫП АЛЫҢЫЗ!

0
4 869

Қысқы серуеннің өзіндік ерекшеліктері бар. Орман мен таулар ақ мамыққа оранып, ауа тазарып, айналаны тынштық басады.


Қысқы серуенге шықпас бұрын мына кеңестерді ОҚЫП АЛЫҢЫЗ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Алдымен, қысқы жорықтардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық


Артықшылықтары:

  • Егер сіз ауа райына сай киінсеңіз суық мүлдем кедергі болмайды;
  • Қыста жер де ауа да тап-таза болады;
  • Қыста серуенге шығатындар аз болғандықтан өзге туристер демалысқа кедергі келтірмейді;
  • Жазда ауызсу мәселесі қиындықтудыратын кездер болады. Ал, қыста барлық су көзі мол әрі қолжетімді болады;
  • Қысқы серуен көңіл көтеруге, ұйқыдан арылуға және өмірге жарқын сәттер енгізуге көмектеседі.

Кемшіліктері:

  • Қыста ауа-райын нақты болжау қиын. Мысалы, күндіз температура +15 градус болса, түнде 0 градустан түсіп кетеді;
  • Қысқы серуенде жаурап қалмас үшін әрдайым қозғалыста болуыңыз немесе жылы көрпеге оранып жатуыңыз қажет;
  • Қысқы серуенге арналған жабдықтар мен киімдердің салмағы ауыр және бағасы қымбатырақ болады;
  • Қысқы жорықтар экстремалды оқиғаларға толы болатындықтан, тәжірибесіз туристер үшін далада түнеу қауіпті болуы мүмкін.


Қысқы серуеннің ең басты қағидасы – сыртта жүретін уақыттың ұзақтығын нақтылау. Сонымен қатар, қосалқы жабдықтар мен тамақ, мықты шатыр және қалың көрпе алып жүру қажет. Өйткені, қыста қандай жағдайға тап болатыныңызды болжау қиын.


Қысқы жорыққа шықпас бұрын мына кеңестерді іске асырған дұрыс:


Маршрут пен жолдың соңғы нүктесі туралы алдын-ала ойланыңыз

Жазғы саяхат барысында маршрутты өзгерту оңай. Өйткені, ол мезгілде діттеген жерге жете алмай қалу аса қоқынышты емес. Кез келген жерге шатырды тігіп жіберіп, түней саласыз. Ал, қыста бұлай істеу қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызға зиян тигізуі әбден ықтимал. Сондықтан, қыста жорыққа шығар болсаңыз, маршрутты алдын ала бекітіп, қараңғы түспей жатып жағдайды реттеп алуға тырысыңыз.

Ауа райы болжамын тексеріңіз

Жылдың суық мезгілінде ауа райы құбылмалы болатындықтан, табиғат неше түрлі «тосынсый» әзірлеп қоюы мүмкін. Ал, оған дайын болмасаңыз, қысқы серуен қолайсыз жағдайға дұшар етеді. Сондықтан қазіргі қолжетімді веб-порталдардан ауа райы болжамын анықтап алу қажет.


Киім

Қысқы жорыққа жылы киіну керек, бірақ оны да ақылмен жасау қажет. Мысалы, дененің жоғарғы бөлігіне жұқа термо-жемпір, жүннен тоқылған киім және жел өткізбейтін сырт киім кию керек. Ал, төменгі жағы үшін жұқа шалбар және су өткізбейтін жылы шалбар киген дұрыс. Сондай-ақ, су өткізбейтін жабыны бар ыңғайлы әрі жылы аяқ киім қолданған жөн.

Қыста дымқыл киімді кептіру қиын болатындықтан, киімнің қосалқы жиынтығын дай сайлап алу қажет және оларды ауа өткізбейтін пакеттерге салыңыз.

Су

Серуен маршрутын сызғанда жолдағы ауызсу көздерін де ескеріңіз. Егер, олар болмаса, таза қарды ерітіп ішуге болады. Сондай-ақ, қыста суды ерітудің ең жақсы нұсқасы өз денеңіздің жылуын пайдалану екенін ескеріп, сырткиімнің ішкі қалтасына шағын ыдыстағы суды салып жүріңіз. Сонда, ол су ешқашан қатып қалмайды.


Тамақ

Қыста да тамақты от жағып, қазанға пісіруге болады. Біра бұл уақыт шығынын арттырады. Сондықтан, жорыққа дайын тамақ алып шыққан тиімдірек. Сондай-ақ, шұжық, көкөніс, жеміс пен жеңіл тағамдар, тәтті нан, кептірілген жемістер және шоколад алып шығуға болады.

Шатыр

Егер сіз орманда түнейтін болсаңыз, қысқы шатырдың қалыңын алыңыз. Ол жылуды сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, мүмкін болса үйде, тіркемеде немесе көлікте түнеу нұсқаларын қарастырыңыз.


Электроника

Біз жорыққа шыққанда электронды құрылғыларды аз қолдануға тырысамыз, бірақ олардың пайдасы туралы ұмытпау қажет. Мәселен, Gps навигаторы маршрутты басқаруға көмектессе, камера естелік суретке түсіреді, ал төтенше жағдайда телефон сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан серуенге шыққанда электрониканың ылғалдан қорғалғанына және дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіп алыңыз. Және құрылғыларды жылы, ауа өткізбейтін қаптамада сақтаңыз.

Қосымша жоспар

Міндетті түрде ауа-райы мен жағдай өзгерген кезде тығырықтан құтқаратын қосымша жоспар ойластырып қою қажет.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Саяхаттың сәтті өтуіне ЖОЛДОРБАНЫҢ ДА әсері болады


САЯХАТ МИСТИКАСЫ: Кәдесыйдың ТЕРІС ӘСЕРІН білесіз бе?