Мүйізі бар әже жайлы білесіз бе?!

0
6 099

Біздің әлемде көптеген қызықты нәрселер бар. Тіпті осы әлемді мекендеген тұрғындардың арасында ғалымдар да, медицина да түсіндіре алмайтын ерекше адамдар бар.


Мүйізі бар әже жайлы білесіз бе?!

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Әлемдегі ерекше жаратылған 10 адам жайында білетін бе едіңіз?!


10. Ең толық адам

Кэрол Энн Ягер қазіргі уақытта салмақ дәрежесі бойынша бірінші орында тұр. Ол туғаннан бергі 20 жылда 727 келі салмақ жинаған.


9. Магнит адам

70 жастағы малайзиялық Лив Тоу Линнің денесі магниттік қасиеттерге ие және металл заттарды (қасықтар, шанышқы, үтіктер және т.б.) қатты тартады. Оның денесі тіпті көлікті де тарта алады. Дәрігерлер мен ғалымдар мұндай феноменнің ерекше қасиетін қалай түсіндіретінін осы күнге дейін біле алмай келеді.


8. Терісі ең созылмалы адам

Негізі адамдарда терінің созылу қасиеті бар. Мысалы, жүктілік кезінде әйелдерде байқалады немесе жасына байланысты тері босаңсып, әжімдер пайда болып жатады. Бірақ бұл жасқа байланысты заңдылық. Алайда, терінің шамадан тыс созылуы деген ауру бар – бұл Элерс-Данлос синдромы деп аталады. Мұндай диагнозды дәрігерлер Гарри Тернер деген адамға қойған, оның терісі 16 см-ге дейін созылуы мүмкін.


7. Алып қолды бала

Үндістанда қолының көлемі үлкен сегіз жасар Калим деген бала тұрады. Бұл құбылыс балаға көптеген қолайсыздық тудырады екен. Өйткені мұндай қолдар тұрмыста немесе балалар ойыны кезінде керекті қызметтерді жасай алмайды. Сондай-ақ, әрбір қолдың салмағы 8 келіге жетеді және бұл жағдайды дұрыстауға медицина қауқарсыз көрінеді, себебі дәрігерлер тура диагноз қоя алмаған.


6. Ең үлкен табиғи омыраулы әйел

Қазіргі таңда кейбір әйелдер үлкен әрі сәнді кеудесі болғанын армандайды. Кейбірі арманына жету үшін, халықтық емдеу әдістерінен бастап, пластикалық операцияларға дейін жасатып жатады. Ал Энни Хокинс 1999 жылдың қаңтар айында әлемдік рекордты бұзып, ең үлкен кеудеге ие әйел болған. Кеудесінің көлемі 175 см-ге тең.


5. Ауыруды сезбейтін адам


Әрбір адамда белгілі бір «ауырсыну шегі» бар, ол оның ауырсыну сезіміне байланысты болады. Ал суреттегі Тим Кридланд бұл ережеге бағынбайды. Себебі, оның денесі мүлдем ауру сезбейді. Сондай-ақ, оның денесі өте жоғары температураға төзімді екен. Қазіргі таңда Тим Америкада көрермендерді керемет трюктермен таңқалдырып жүреді.


4. Аяқсыз туған гимнастика чемпионы

Джон Брикер – аяқсыз туған американдық гимнастшы. Дене кемістігі салдарынан ата-анасы одан бас тартқан. Кейін, ол 16 жасқа толған кезде асырап алған ата-анасы спорт мектебіне жаздырған. Қыз спорттық гимнастиканы сол кезден бастап серік еткен және 27 жасында Джон Брикер спорттық гимнастикадан чемпион атанған.


3. Ұйықтамайтын адам

Белоруссиядағы Минск қаласында клиникалық өлімді бастан кешкен адам тұрады. Ол өмірінің осы жағымсыз сәтінің салдарынан ұйқысынан айрылған. Яков Циперович кәзір мүлдем ұйықтамайды. Бұл адамның маңдайына жазылған өмірі және бұл феномен туралы 70 фильм түсірілген. Айта кету керек, Яковты дәрігерлер тексерген, ғалымдар зерттеген, бірақ емін таба алмаған.


2. Мүйізі бар әйел

Қытайда Хэнань провинциясында Жанг Руи Фанг есімді ерекше әйел тұрады. Ол өзінің жасымен ғана емес (102 жаста), сонымен қатар мүйізі бар жалғыз адам ретінде бәрін таңқалдырады. Бірнеше жыл бойы оның маңдайына мүйіз өсіп келеді, оның көлемі қазір 7 см-ден асқан. Бұл нақты ақпарат, бірақтүсініксізжаратылыс.


1. Тіс патшасы

Радхакришнан Велю Малайзияда тұратын ең күшті тістердің иесі. Ол тросты тістеп, әртүрлі көліктерді жылжытады алады. Оның ең жоғарғы жетістігі – жалпы салмағы 297 тонналық алты вагоннан тұратын поезді тартқан.

Иа, мұндай адамдар біздің ғаламшарымызда өмір сүреді. Бірақ олар артықшылығы немесе кемшілігіне қарамай өмір сүреді, өз қабілеттерін қолдануды үйренеді, өз алдына мақсат қойып, рекордтарды бұзады және атаққа ие бола алады.

Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына тауларды бұрын соңды көрмегенсіз


Желтоқсанда аз ақшамен керемет жағажайда демалуды қалайсыз ба?


Көркіне көз тоймайтын қалаларды көргіңіз келсе...