Желтоқсанда аз ақшамен керемет жағажайда демалуды қалайсыз ба?

0
3 735

Желтоқсан – жаңа жыл қарсаңындағы ғажайып саяхатқа арналған тамаша ай.


Желтоқсанда аз ақшамен керемет жағажайда демалуды қалайсыз ба?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Сонымен қатар, сұраныстың төмендігінен осы айдың басында және ортасында әр түрлі елдерге саяхаттау бағасының ең үлкен құлдырауы байқалады. Бұл жағдайды демалуға және жаңа жылды қарсы алу алдында жаңа әсер алу үшін пайдалану керек. Осы мақалада Сіздер үшін желтоқсандағы ыстық, экзотикалық елдер жайлы жазамыз.


Египет – желтоқсан айындағы керемет саяхат бағыттарының арасындағы үздігі. Мүмкін, Сіз осы кезге дейін әртүрлі деңгейлі қонақүйлердегі күлкілі баға ұсыныстарын кезіктірмеген боларсыз. Ал, мұндайға Египетте куә боласыз! Бірақ, желтоқсан айында Египеттегі Шарм-эль-Шейхта және Хургада +15-ке дейін төмендегендіктен салқын ауа райы немесе жел болуы мүмкін. Соған қарамастан, 5 жұлдызды қонақүйде демалудың құны 3 жұлдызды қонақүйдің құнымен бірдей болуы Сізге сөзсіз ұнайды.

Сонымен қатар, Желтоқсан айындағы Хургададан оңтүстікке қарай 271 шақырым жерде орналасқан Марса-Аламдағы Қызыл теңіз жағасы және Коралл рифтерінің жаратылысы тартымды әрі тамаша демалыс сыйлайды.


Тайланд – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан туристердің ең сүйікті елдерінің бірі. Аяқталмайтын жаз, көгілдір теңіз, Күннің керемет батуы, қонақжайлылық және жергілікті тұрғындардың ықыласы, дәмді асхана, жалпы елестетіп көрсең, өзгеше әлем.


Егер Сіз Тайландқа әлі бармасаңыз, желтоқсанда айы керемет мүмкіндік сыйлай алады. Оған себеп – сол елдегі тамаша ауа райы және төмен бағалар бойынша жарысатын демалыс орындары. Желтоқсан айының басы мен ортасында мұндай ертегідегідей саяхаттауға болады!


БАӘ – ең озық технологиялармен жабдықталған, Шығыс сәнімен үйлескен ғажайып ел. Ал Желтоқсан айында Араб Әмірліктеріндегі саяхат тартымды әрі қызықты оқиғаларға толы болатыны сөзсіз. БАӘ-де желтоқсан айында демалу жақсы қонақүйде бүкіл отбасымен демалуға, қызықты экскурсияларға баруға немесе спортпен айналысуға тамаша мүмкіндік сыйлай алады.

Сонымен қатар, желтоқсан айында арабтар көптеген мерекелерді атап өтеді, мысалы, 2 желтоқсанда Тәуелсіздік күні үлкен ауқымда тойланады, ал желтоқсан айының ортасында діни мерекелер тойланады. Сондай-ақ, жаңа жылдық сыйлық немесе кәдесыйлар сатып алатын сауда орындары да жетерлік.


Үндістан – ерекше қызықты ел, әсіресе қыста тартымды, ал желтоқсан - Үндістанға бару үшін ең жайлы айлардың бірі. Себебі, бұл құрғақ маусым кезеңі, Желтоқсан айында онда ауа райы қолайлы, қатты ыстық жоқ, ауа температурасы +25, Су +22 градус – жағажайлық демалыс немесе ел бойынша экскурсиялық сапар жасау үшін өте қолайлы.

Атап айтсақ, жергілікті тұрғындар, табиғат, пілдер, дәмдеуіштер, түрлі-түсті әдемі киімдері, олардың ежелгі мәдениеті мен әдет-ғұрыптары, көруге тұрарлық көрікті жерлер осы елге жыл сайын көптеген туристерді тартып тұрады.


Вьетнамдағы желтоқсан айы демалыс үшін керемет уақыт, бірақ ауа райы әр аудандарында әртүрлі болады. Атап айтсақ, солтүстігінде салқын және құрғақ (+15 – +18), оңтүстік бөлігінде ыстық және құрғақ (+22 – +27), ал орталық ылғалды және ыстық (+20 – +25) болады. Сондай-ақ, туристер желтоқсан айында көбіне Вьетнамның оңтүстік бөлігіне барады.

Өйткені, мұндағы Нячанг, Фантхиет, Фу-Куок аралдарындағы жағажай, Хошиминге саяхат жасау немесе сауда орындарын аралау ерекше демалыс сыйлайды.


Кариб – аралдық табиғаттың сұлулығына, қонақүйдің сән-салтанатына куә болуға, мол ойын-сауықты және қызықты оқиғаларды бастан кешуге мүмкіндік сыйлай алады.


Сонымен қатар, ондағы қарлы жағажайлары бар шағын, жайлы демалыс аймақтары, көгілдір теңіз, тропикалық жасыл желеңмен көмкерілген төбешіктер мен сарқырамалар ерекше әсер қалдырады. Ал желтоқсан айында Кариб теңізінің аралдарында тамаша ауа райы орнайды және саяхаттың бағасы да едәуір төмендейді.


Мальдив – желтоқсандағы керемет саяхатқа арналған ең сәтті бағыттардың бірі. Ол жақта тамаша табиғат аясында тыныш және жайлы демалуға болады, бірақ ауа райы аса қолайлы бола қоймайды.


Сондай-ақ, жағажайлық демалыстан басқа мұнда жұмыс істеп, ақша табуға болады.

Айта кетейік, бұл тізімде желтоқсан айында саяхат бағасы арзандайтын ыстық елдер туралы жазылды. Ал, келесі мақаламызда шаңғы тебуге арналған елдер жайлы жазатын боламыз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ