ӨЗІҢІЗБЕН ӨЗІҢІЗ демалғыңыз келсе, мына жерлерге баруға болады

0
2 707

Күйбең тіршіліктің жүгінен арылтатын мұндай орындар өте сирек кездеседі.


ӨЗІҢІЗБЕН ӨЗІҢІЗ демалғыңыз келсе, мына жерлерге баруға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өмірдің кейбір сәттерінде өзіңізбен өзіңіз қалып, күйбең тіршіліктен жырақта демалғыңыз келеді ме? Онда, Сізге мына үйлерге бару керек. Әрине, мүмкіндік болса. Бұлар жалғыз ғана үйі бар әлемдегі ең тамаша орындар.


1. «Уруп» аралы (Ресей)

Уруп – Үлкен Куриль аумағына кіретін, маяктарға қараушыларды қоспағанда жергілікті халқы жоқ арал. Бұл аралда бір-бірінен 120 шақырым қашықтықта өмір сүретін тек екі отбасы бар.


2. Бьярнар аралы (Исландия)

Бьярнар аралы Исландиядан оңтүстікке қарай орналасқан, он үш кішкентай аралдан тұратын Вестманнаэар архипелагының құрамына кіреді. Ал, аумағы өте кішкентай Бьярнар аралында жалғыз аңшы өмір сүреді. Сондай-ақ, бұл жерде басқа тұрғындар жоқ болғандықтан, адамдар оны білімсіз деп санайды.


3. Муннар (Үндістан)

2000 жылы Керала штатындағы Муннар туристік аймақ болып жарияланған. Себебі, мұндағы шай плантацияларының баурайларында бір-бірден орналасқан өте ерекше үйлер адамдарды тез баурап алады. Тіпті, ол үйлер үйлену тойы кезінде экотуризм әуесқойларына, жас жұбайларға немесе өз демалысын ерекше және тыныш өткізгісі келетіндерге жалға беріледі екен.


4. "Кристалл-Милл" ағаш электр станциясы (АҚШ)

XIX ғасырда Колорадо штатында (АҚШ) орналасқан Кристалл өзеніндегі сарқырамалардың бірінде ағаш үйі бар электр станциясы салынған. Ол 1917 жылға дейін жұмыс істеген және жергілікті кеніштердің қоры таусылғанға дейін бұл аумақта тұрғындар болған. Ал, мына көркем жерде орналасқан ерекше үй бір отбасының қала сыртындағы демалыс орны болған.


5. Дрина өзеніндегі үй (Сербия)


Сербиядағы Bajina Basta қаласына жақын жердегі Дрина өзенінің арнасында ерекше ағаш үй орналасқан. Жергілікті тұрғындар бұл ертегідегідей баспананы 45 жыл бұрын балалар салғанын айтады. Бұл жартас балалардың сүйікті демалыс орны болғандықтан, осындай ерекше үй салуға шешім қабылған көрінеді. Ал, қазір ол үй Сербияның ең танымал және өте көп адам баратын көрікті орындарының бірі.


6. Тристан-да-Кунья аралы (Эдинбург Жеті Теңізі)

Бұл Атлант мұхитының оңтүстік бөлігіндегі жанартаулы архипелагта орналасқан, «Жер ғаламшарындағы құрлықтан ең алыс жердегі мекен» мәртебесіне ие болған орын. Сонымен қатар, Тристан-да-Кунья Англияның теңіз аумағы болып саналады және ол аралда тау ландшафты бар. Сондықтан мұнда өмір сүруге арнап осындай кішкентай баспана салынған.


7. "Жеткілікті орын" аралы (just Room Enough аралы, АҚШ)

Бұл «Thousand Islands» архипелагының бөлігі болып табылатын және АҚШ пен Канаданың шекарасында орналасқан «just Room Enough» деп аталатын өте кішкентай арал. Аумағы 306 шаршы метрді құрайтын осындай шағын аумақта американдық Сайзлендтер отбасы өздерінің ерекше үйін салған.


8. Шығыс Гренландиядағы Кулусук аралы (Дания)

Бұл жалғыз үй Моррис-Джесуп деп аталатын аралдың ең соңғы Солтүстік нүктесінде орналасқан. Онда өз экспедициялары кезінде аңшылар немесе осы жерлерді зерттеушілер мекендейді.


9. Метеордағы ғибадатхана (Грекия)


Ал, мына нысан Грециядағы Фессалия алқабында 400 метр биіктіктегі Метеор шыңында орналасқан. Қазіргі уақытта осы жерге ғибадат жасаушылардан бөлек, тамашалауға немесе демалуға миллиондаған туристер келетін көрінеді.


10. Хуашань тауының шыңындағы ғибадатхана (Қытай)


Аспан асты еліндегі Хуашань тауы (Гүл тауы) ғаламшарымыздың әр бұрышындағы экстремалдар үшін ең сүйікті орындардың бірі болып есептеледі. Себебі оның құзар шыңында жалғыз ғимарат орналасқан және оған жету үшін құр тақтайларда жасалған әлемдегі ең қауіпті өрлеу жолы – "өлім жолымен" жүріп өту керек. Сонысымен де, ол өте танымал және биік шыңға шығып демалудың жөні бір бөлек.

Дайындаған: Б,Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


"Масондар мекен еткен": Құпияға толы "МЫҢ АРАЛ" жайлы не білесіз?


«Автокөлікті өзіне тартады»: Тылсым күшке ие трасса мыңдаған туристер мен ғалымдар назарына іліккен