Саяхаттап жүріп те АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ

0
3 992

Адамнан айла артылған ба?!


Саяхаттап жүріп те АҚША ТАБУҒА БОЛАДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген адам жыл сайын бір апта болсын жұмысты қоя тұрып, табиғаты тамаша жерлерге саяхаттап, демалғысы келетіні анық. Сонымен қатар, олардың арасында саяхаттап жүріп табыс табатын пысық адамдар да бар. Егер, сіз де саяхатқа жұмсаған ақшаның орнын толтыруды жөн көрсеңіз біз ұсынған әдіс-тәсілдерді қолдануыңызға болады.


Өз фотосуреттеріңізбен ақша табыңыз

Кей адамдар саяхаттап жүріп түсірген «керемет» деп саналатын фотосуреттерін түрлі сайттарға, газет-журналдарға сатып, әжептәуір ақша табады. Әрине, адам қызығатын, сирек кездесетін құнды фотолар болса. Мұндай сауда біздің елімізде сирек орын алып жаталды. Дегенмен, кез келген нәрсе адамның қарым-қабілетіне байланысты емес пе?


Жалдаған пәтерді жалға беруге болады

Өзге елге барған адам өз пәтерінде тығылып жата бермейтіні анық. Сондықтан, саяхаттап барған елдің басқа жеріне бірнеше тәулікке кететін кезде жалдап алған пәтеріңізді жалға беріп қоюға болады. Осы әдіспен шығынның бәрін өтей алмасаңыз да, бір бөлігін шығарып алуға болады. Алайда, мұндай жағдайда тұтынушымен егжей-тегжейлі сөйлесіп, келісіп алу қажет.


Итпен серуендеу

Кей елдерде тұрғындар итін серуендететін адам жалдап, оларға қызметақы төлейді. Яғни, біреудің итін жетектеп алып саяхаттап, күніне келіскен ақшаны алып отыруға болады. Бұл қызмет бізге таңсық болғанымен, Ұлыбритания, Испания, Италия, Франция, Германия, Швеция секілді елдердің адамдары үшін үйреншікті іс.


Фрилансерлік немесе қашықтан жұмыс істеу

Егер сізде жұмысты қашықтан істеу мүмкіндігі болса, бұл әдіс тиімділігін көрсетеді. Яғни, демалып, саяхаттап жүріп, сайттарға материал жариялап, аударма жасап, әлеуметтік желілердегі парақшаларды басқарып отыруға болады. Әрі саяхаттайсыз, әрі ақша табасыз.


Лайнермен саяхаттаңыз

Түрлі салада жұмыс істепген адамдар алып кемелерге жұмысқа кіріп, су бетінде саяхаттай алады. Өйткені, мұндай лайнерлер бассейн, бар, казино, сұлулық салоны, SPA, дүкен, кинотеатр, түнгі клуб, тіпті футбол алаңдарына қызметкер іздейді. Дегенмен, ірі круиздік компаниялар АҚШ-та тіркелгендіктен, сізге ағылшын тілін жетік меңгеру қажет болады. Айта кетерлігі – кемелердегі қызметкерлер шамамен 1000-1500 доллар жалақы алады екен. Сонымен қатар, күніне үш рет тегін тамақ беріліп, Кариб теңізінде саяхаттау, Мексикаға, Австралия сынды елдерге бару мүмкіндігіне ие болады. Әлбетте, бұл кей адамдар үшін мүмкін емес нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бірақ, өмірлеріне өзгеріс енгізген қаншама адам осындай іспен айналысып жүргені жасырын емес.


Мәзірдегі қателерді түзету

Кейбір елдердегі тамақтану орындарында тамақ үшін жұмыс істеуге болады. Ол қалай дейсіз бе? Онда біле жүріңіз. Шет елдердегі кей мейрамханалардың қожайындары ұсынылған мәзірдегі қатені түзеткен адамға түрлі сыйлық жасап отырады. Көбіне тегін тамақтану ұсынылады екен. Сондықтан саяхаттаумен қатар, қателіктерді түзетіп жүрген де пайдалы.


Бөтелке өткізуге арланбаңыз

Еуропа елдеріне саяхаттасаңыз, босаған бөлтелкелерді арнайы орындарға өткізіп, қосымша табыс табуға болады. Біреулер үшін бұл ыңғайсыз жұмыс болуы мүмкін. Бірақ, басқа елдерде мұндайға оң көзқарас танытады. Өйткені, ол жақта «бөтелке өткізген адам әрі ақша тауып, әрі табиғаттың тащзалығына үлес қосады» деген түсінік қалыптасқан.


Ең бастысы – саяхаттайтын ел жайлы көбірек ізденіп, қалай табыс табуға болатынын алдын ала анықтап алыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Саяхатқа жиі шығатындар осындай КЕРЕМЕТ үй жасап алуына болады


Туристерге көрсетілетін қызмет құны ҚЫМБАТ БОЛАДЫ - экскурсовод Грузия жайлы айтып берді