Саяхатқа жиі шығатындар осындай КЕРЕМЕТ үй жасап алуына болады

0
3 507

Мұндай үйді тұрғызу үшін табанына іргетас құйып әуре болмайсыз.


Саяхатқа жиі шығатындар осындай КЕРЕМЕТ үй жасап алуына болады

Кешегі бабалардың көшпенді өмір салтын аңсайтындар баршылық. Олар – бір жерге байланғысы келмейтін, еркін әрі өзгеріске толы өмірді жақсы көретіндер. Сондай-ақ, жер-жаһанның бар кереметін өз көзімен көргенді ұнататын саяхатшылар.


Шын қаласа, дәл қазір оған мүмкіндік көп. Ол үшін әр жерге қоныс аударам деп, түкпір-түкпірден үй сатып алу, қонақүйге шашылу, далада, ақшатырда түнеу – мұның ешқайсының қажеті жоқ. Біз бұдан да жақсы нұсқа ұсынамыз. Ол – жаңа заманның жетістіктерінің бірі – мобильді экоүйлер.

Мобильді экоүйлер оны тез құрып, жылдам жинауға ыңғайлы ететін инновациялық технологияларды қолдана отырып құрастырылады. Сондай-ақ, ешқандай ауа райына, табиғат, жер жағдайына қарамастан, қысы-жазы тұрақтауға болатын жағы да ойластырылған. Тіпті көпшілік түрлері сейсмикалық қозғалыстарға да төзімді болып келеді.

Ең кереметі – мұндай үйді тұрғызу үшін табанына іргетас құйып әуре болмайсыз. Олар бұрандалы діңгектерге, бетонды блоктарға немесе басқа да сол сияқты қатты негізге орналастырылады.


Мобильді үй түрлері

Мобильді үйлерді жобалаушы, шығарушы және құрушы компаниялар көп. Сәйкесінше, олардың түрлері де бірнешеу. Мәселен:

  • Ағылшындық мобильді үйлер;
  • Трейлер және автокемпер.
  • Канадалық технология бойынша жасалған мобильді үйлер;
  • «Алеут» типті тұрғын үйлер;
  • Финдік құрастырмалы үйлер;

Әлбетте мұндай түрлердің бір-бірінен айрымашылығы, артықшылықтары мен кемшін тұстары жоқ емес. Сондықтан әрқайсымен жеке-жеке танысып көрейік.


Ағылшын үйлерінің артықшылығы неде?

Мұндай үйлер толыққанды тұрғын үй болып саналады. Өйткені, онда жыл он екі ай қоныстануға болады. Ұзындығы 6-15 метр, ені 2-7 метр аралығында болатын кішігірім және үлкен көлемді түрлері бар. Кішігірім үйді бір көлікке сыйғызып көшіруге болады. Ал үлкендерін бірнеше бөлікке бөліп тасымалдайды. Қажетті елдімекенге орналастырған соң, орталық су құбыры мен кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігі ойластырылған. Жуынатын бөлме, дәретхана, газ жылыту және электр жүйелері – бәрі дайын. Басқа да жиһаздар мен тұрмыстық техникалардың барлығы дерлік үй ішінен табылады.


Канадалық технологияның жетістігі

Канадалық технология бойынша мобильді үй SIP-панельмен тұрғызылады. Мұндай панельдер жылуды жақсы сақтайды, тез бұзылып кетпейді, кез келген ауа райына, сыртқы ортаның трлі агрессиялық әсеріне төзімді. Ауыр салмақты да жақсы көтереді. SIP-панельдің арқасында канадалық мобильді үйлердің құрылысы үшін қатты каркастың қажеті болмайды.


Финдік құрастырмалы үйлер қалай тұрғызылады?

Финдік қозғалмалы құрастырмалы үйлер алдын-ала дайындалған тегіс жерге зауыттық сыртқы панель не модульді блоктармен тұрғызылады. Капиталды немесе уақытша, плита түріндегі бөлшекті іргетас үстіне орнатуға болады.


«Алеут» типті тұрғын жайдың айырмашылығы

Олар өте төзімді болып келетін композитті материалдан құрастырылады. Әрі салмағы да аса ауыр шықпайды. Ылғал өткізбейді. Осындай қасиеттерінің арқасында еш қорықпай кез келген жауын-шашынды аймаққа, ылғалды-батпақты жерлерге, тіпті су үстіне тұрғызып, бас сауғалауға болады. Электр, су және кәріз жүйесіне қосу қарастырылған. Жиһаздар мен тұрмыстық техникалар жағынан да қам жемеуге болады.


Трейлер мен автокемперде тұрар ма едіңіз?

Саяхат, жиі орын ауыстыру үшін ең оңтайлысы – осылар. Мндай көлік-үйлерге әдеттегі тұрғын үйде болатын қажеттің бәрін орната аласыз: жуынатын бөлме, дәретхана жатын бөлмелері, ас бөлмесі сондай-ақ, тынығу орындары... Бәрі өз қиялыңыз бен шеберлігіңізге байланысты. Тек бір қиыны, ол сізге тек жылдың жылы мезгілдерінде ғана баспана бола алады. Ауа райы суыта бастаса, бас сауғалайтын басқа шатыр іздеуге тура келеді.

Осындай мобильді үйлерде өмір сүріп, қалаған уақытыңызда қалаған жерге көшіп-қону сізге ұнар ма еді?

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Бүгін ЖҮРЕК дертінен 15 мыңнан аса адам қайтыс болған - әлемдегі ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР