Шетелге шыққанда бұларды ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

0
2 011

Егер Сіз үнемі саяхаттап, оны өз өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналдыруды қаласаңыз, онда тәжірибелі саяхатшылардың кеңестерін ұсынамыз.


Шетелге шыққанда бұларды ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

● Сізге кері әсер ететін кез келген жағдайда (мысалы такси кешігіп жатса) сабыр сақтауды және күтуді үйреніңіз. Ондай кезде жүйкені жұқартпай, жәй ғана бос уақытты қандай да бір пайдалы іске жұмсауға болады. Сіз ашуланғанмен, көлік немесе ұшақ жылдам жете қалмайды.


● Ерте тұрыңыз, сонда ғана ойыңызда жүрген көрікті жерлерге барып, суретке түсуге немесе жергілікті тұрғындармен тілдесуге және тағы басқаларына үлгере аласыз.


● Кез келген жерде күлімдеп жүріңіз. Себебі көтеріңкі көңіл-күй барлық жерде бейтаныс адамдармен тез тіл табысуға көмектеседі.


● Әрқашан ақщаңыздың бір бөлігін қолжетімді, бірақ құпия жерде сақтаңыз. Өйткені, саяхатшылар күтпеген жағдайларға жиі тап болып жатады.


● Өзіңіз барған жер жайлы мол ақпарат білу үшін жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жасауға болады. Ал, өзге елдің адамымен тез тіл табысудың бір амалы – ағылшын тілін білу немесе іс-қимыл, ишара арқылы түсінісу.

● Жолдорбаңызда шарф болсын. Себебі, ол саяхат кезінде көзге тағатын маска, сүлгі немесе ұсақ заттарды жинап қоятын түйіншектің қызметін атқара алады.


● Кейде, барған жердегі саябақта отырып, айналада не болып жатқанын бақылау да пайдасын тигізеді. Яғни, ондай кезде бір адамдар жан дүниесін демалдырса, басқалары болашақ пен өткенді ой елегінен өткізеді, ойланады. Соның өзі жаңа жетістіктерге жетелеуі мүмкін.


● Барлық маңызды құжаттар: төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен визаның қағаз және электронды көшірмелерін міндетті түрде жасап алыңыз. Өйткені, саяхат кезінде қандай жағдай болатынын ешкім де білмейді.


● Сурет – кез келген адамның ойына естеліктерді түсіріп, ерекше әсер бере алады. Сондықтан жүрген жерде жалғыз болсаңыз да, топпен жүрсеңіз де фотоға түскен артықтық етпейді.


Ең бастысы – әр қадамды аңдап басып, сақтанып жүріңіз.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлемде ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР тұратын ПАТШАЛЫҚ бар


Саяхат СӘТТІ өту үшін ҚАЛАЙ дайындалу керек?