СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ: Адамның БАС СҮЙЕГІМЕН футбол ойнайтындар әлі бар!

0
548

Бұл – адам аяғы жетпеген жерлері бар жалғыз материк.


СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ: Адамның БАС СҮЙЕГІМЕН футбол ойнайтындар әлі бар!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Африка – жер ғаламшарындағы ең ғажайып континенттердің бірі. Кейбір ғалымдар Африкада жердегі алғашқы өмір пайда болды деп санайды. Сондай-ақ, Африканы әлемдегі ең кедей және ең бай құрлық деп айтуға болады. Өйткені, бұл жердегі халықтың өмір сүру деңгейі өте төмен. Бірақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі өте бай. Сондықтан да осы бір жер бөлігі жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.


1. Африка – өркениеттің бесігі. Өйткені бұл адамзаттың мәдениеті мен тұтастығы пайда болған алғашқы континент.

2. Африка – ешқашан адам болмаған жерлері бар жалғыз материк.

3. Африканың жер көлемі 29 миллион шаршы шақырымға тең. Бірақ бестен төрт бөлігін шөлдер мен тропикалық ормандар алып жатыр.

4. ХХ ғасырдың басында Африканың барлық аумағын Франция, Германия, Англия, Испания, Португалия және Бельгия отарлап алған. Тек Эфиопия, Египет, ОАР және Либерия ғана тәуелсіз болып қалған.

5. Африкадағы жаппай отарлау Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана аяқталды.

6. Африкада ең сирек кездесетін жануарлар өмір сүреді. Оларды тасымал арқылы алдырмаса, еш жерде болмас еді, мысалы: бегемот, жираф, окапи және басқалары.

7. Бұрын, бегемоттар Африканың барлық аумағында өмір сүрген. Ал бүгінде олар Сахара шөлінен оңтүстікке қарай ғана кездеседі.

8. Африкада әлемдегі ең үлкен шөл – Сахара орналасқан. Оның аумағы АҚШ-тан үлкен.


9. Бұл құрлықта ұзындығы бойынша әлемде екінші орын алатын Ніл өзен ағып жатыр. Оның ұзындығы 6850 шақырым.

10. Африкадағы Виктория көлі – әлемдегі екінші тұщы көл.

11. "Гремящий дым" — Виктория сарқырамасының негізгі атауы.

12. Виктория сарқырамасының ұзындығы бір шақырымнан, ал биіктігі 100 метрден асады.

13. Виктория сарқырамасының суынан шыққан дыбыс 40 шақырым жерге естіледі.

14. Виктория сарқырамасының шетінде «Ібіліс» деп аталатын табиғи бассейн бар. Оған сарқыраманың суы тартылғанда ғана шомыла аласыз.

15. Кейбір африкалық тайпалар бегемоттарды аулап, олардың етін тағамға пайдаланады. Сондықтан бегемоттар тез азайып бара жатыр.

16. Африка – планетадағы екінші ірі континент. Мұнда 54 мемлекет бар.

17. Африка адамдары өмір сүру ұзақтығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие. Әйелдер орта есеппен 48, ерлер – 50 жыл өмір сүреді.

18. Африка экватор мен нөлдік меридианды кесіп өтеді.

19. Африкада әлемнің бір кереметі – Хеопс пирамидасы бар.

20. Африкада 2000-нан астам тілдер бар, бірақ ең көп таралған араб тілі.

21. Африка Үкіметі біраз жылдан бері отарлау кезінде қойылған барлық географиялық атауларды тайпалар тілінде қолданылатын дәстүрлі атауларға өзгерту мәселесін көтеріп келеді.

22. Алжирде әлемдегі бірегей көл орналасқан. Онда судың түсі сияның түсі сияқты.

23. Сахара шөлінде «Сахара көзі» деп аталатын ерекше орын бар. Бұл сақина сияқты диаметрі 50 шақырымдық үлкен кратер.

24. Африкада да өзінің Венециясы бар. Ганвье деген ауыл тұрғындарының үйлері суға салынған, олар да тек қайықпен қозғалады.

25. Африкалықтар Ховик деген сарқыраманы ежелгі монстрлардың қасиетті мекені деп санап, үнемі басына барып құрбан шалып отырады.

26. Жерорта теңізіні мен Мысарға жақын жерден жуырда Гераклион қаласы табылды.

27. Құрлықтағы Ұлы шөлдің ортасында Убари көлдері бар, бірақ суы теңіздіңкіне қарағанда бірнеше есе тұзды болғандықтан шөлден құтқармайды.

28. Африкада «Оойнио Легай» деген әлемдегі ең суық жанартау орналасқан.

29. Африкада Рим дәуіріне салынған Колизей бар. Ол Эль-Джемде орналасқан.

30. Африкада Колманскоп деген елестер қаласы бар. Аңызға сүйенсек, осыдан 50 жыл бұрын ол жерде көптеген адамдар өмір сүріп, кейіннен құм тартып кеткен екен.

31. Африкада "Звездные войны" фильміндегі Татуин планетасы секілді қала Африкада бар және дәл осы жерде аңызға айналған фильмнің түсірілімі өткен.

32. Танзанияда ерекше Қызыл көл бар, оның тереңдігі маусымға байланысты өзгереді және тереңдігіне байланысты көлдің түсі қызғылт түстен қанық қызыл түске дейін өзгеріп отырады.

33. Мадагаскар аралының аумағында ерекше табиғи тастан құралған орман секілді ескерткіш бар. Биік жұқа жартастар қалың орманға ұқсайды.

34. Ганада бүкіл әлемнің тұрмыстық техникасынан қалған қалдықтар төгілген үлкен қоқыс бар.

35. Мароккода ағаштарға өрмелейтін және жапырақ, бұтақтармен тамақтанатын бірегей ешкі мекендейді.

36. Африкада әлем бойынша саудаланатын алтынның жартысы өндіріледі.

37. Африкада алтын мен алмастың ең бай кен орындары бар.

38. Африкада орналасқан Малави көлінде балықтардың көптеген түрі өмір сүреді. Тіпті, теңіз бен мұхиттағыдан да көп.

39. Африкадағы Чад көлі соңғы 40 жылда 95 %-ға азайған. Бұрын ол әлемдегі ең үлкен үшінші көл болған.

40. Әлем бойынша алғашқы кәріз жүйесі Египет аумағында пайда болған.

41. Африкада әлемдегі ең биік және ең кішкентай адамдар бар.

42. Африкада медициналық қызмет көрсету және жалпы медицина жүйесі өте нашар дамыған.

43. Африканың 25 миллионнан астам халқы ВИЧ жұқтырған деп есептеледі.

44. Африкада ерекше кеміргіш мекендейді. Оның жасушалары қартаймайды және 70 жасқа дейін өмір сүреді. Сондай-ақ, денесі кесу немесе күйдіру кезінде ауырсынбайды екен.

45. Африканың көптеген тайпалары өздерін жылан мен егеуқұйрықтан қорғау үшін хатшы құс пен үй құстарын асырайды.

46. Африкада өмір сүретін кейбір қосмекенді балықтар құрғақ жерге көміліп, өмір сүре беруі мүмкін.

47. Африканың ең биік тауы – Килиманджародағы жанартау әлі күнге дейін оянбаған.

48. Африкадағы ең ыстық жер – Даллол. Мұнда температураның 34 градустан төмендейтін кезі өте сирек болады.

49. Африканың ішкі өнімінің 60-80%-ын егіншілік өнімдері құрайды. Әлемге танымалдары – какао, кофе, жержаңғақ, финик және каучук.

50. Африкадағы көптеген елдер әлемдегі үшінші дәрежелі, яғни нашар дамыған елдері болып саналады.

51. Африканың ең үлкен елі – Судан, ал ең кішісі – Сейшель аралдары.

52. Африкадағы «Столовая» тауының шыңы үшкір емес, үстелдің беті сияқты жазық.

53. Афара шұңқыры – Африканың шығыс бөлігіндегі географиялық аймақ. Мұнда жанып жатқан жанартауды көруге болады және жылына 160-қа жуық күшті жер сілкінісі орын алады.

54. «Мыс Доброй Надежды» деп аталатын мифтік орынға қатысты көптеген аңыздар бар, мысалы ұшатын голландтық туралы аңызды алсақ болады.

55. Пирамидалар тек Мысырда ғана емес, Суданда да бар. Бірақ, онда 200 пирамида болғанымен, Мысырдағыдай биік әрі танымал емес.

56. Бұл құрлықтың атауы "Афри" тайпаларының бірінің атауына байланысты шыққан.

57. 1979 жылы Африкадан адам аяғының ең көне іздері табылды.

58. Африкадағы халық ең тығыз қоныстанған қала – Мысыр астанасы Каир.

59. Ал адамдар ең тығыз қоныстанған ел – Нигерия.

60. Бір кездері Африкада Ұлы Қытай қорғанынан екі есе ұзын қабырға салынған екен.

61. Ыстық судың мұздатқышта суық суға қарағанда тезірек қататынын ең алғаш байқаған африкалық бала.

62. Африкада да пингвиндер мекендейді.

63. Оңтүстік Африкада әлемдегі екінші ең үлкен аурухана бар.

64. Сахара шөлі ай сайын ұлғайып жатыр.

65. ОАР-да үш астана бар: Кейптаун, Претория, Блумфонтейн.

66. Мадагаскар аралында еш жерде жоқ жануарлар бар.

67. Африкада қызға жақсы пікір айтқан адам оны әйел етіп алуы қажет деген ежелгі дәстүр әлі күнге дейін сақталған.

68. Сомали – елдің де, тілдің де атауы.

69. Африкалық аборигендердің кейбір тайпалары әлі күнге дейін оттың не екенін білмейді.

70. Батыс Африка аумағында тұратын Матаби тайпасы футбол ойнауды жақсы көреді. Бірақ олар доп орнына адамның бас сүйегін пайдаланады.

71. Кейбір африкалық тайпаларды әйелдер билейді, яғни матриархат бар.

72. Африкада 1897 жылдың 27 тамызында 38 минутқа созылған ең қысқа соғыс болған. Занзибар Үкіметі Англияға соғыс жариялап, тез арада жеңіліп қалған.


73. Граса Машел – екі рет "бірінші ханым" атанған жалғыз Африкалық әйел. Біріншісінде ол Мозамбик президентінің, ал екінші рет ОАР президенті Нельсон Манделаның әйелі болған.

74. Ливияның ресми атауы – әлемдегі ең ұзақ ел атауы болады.

75. Африкалық Танганьика көлі – әлемдегі ең ұзын көл, оның ұзындығы1435 метр.

76. Африкада өсетін Баобаб ағашы бес мыңнан он мың жылға дейін өмір сүреді. Ол 120 литрге дейін су жинай алатындықтан отқа жанбайды.

77. Reebok спорттық брендінің атауы кішкентай, бірақ өте жылдам африкалық антилопаның құрметіне қойылған.

78. Баобабтың діңгегі 25 метрге дейін жетеді.

79. Баобаб ағашының іші қуыс болатындықтан, кейбір африкалықтар үй етіп, тіпті мейрамхана ашып алатындары да бар.

80. Африкада өте ерекше нан, сүт, шұжық, сабын, шам ағаштары өседі.

81. Тек Африкада ғана адамдар тамаққа қолданатын гиднора өсімдігі өседі.

82. Африкалық Мурси тайпасы ең агрессивті тайпа болып саналады. Кез келген қақтығыстар күшпен және қарумен шешіледі.

83. Оңтүстік Африкада әлемдегі ең үлкен алмаз табылған.

84. Оңтүстік Африкада әлемдегі ең арзан электр энергиясы тұтынылады.

85. ОАР жағалауында 2000-нан астам батып кеткен кемелер бар, олардың шыққанына 500 жылдан асқан.

86. ОАР-дағы бір көшеде Нобель сыйлығының үш иегері өмір сүрген.

87. Оңтүстік Африка, Зимбабве және Мозамбик үлкен бір қорық құру үшін кейбір ұлттық парктердің шекараларын бұзған.

88. Африкада 1967 жылы жүрек трансплантациясы бойынша алғашқы операция жасалды.

89. Африкада 3000 этнос тұрады.

90. Безгекпен ауырғандардың 90 пайызы Африкада өмір сүреді.

91. Соңғы 100 жылда Килиманджародағы мұздықтардың 80%-ы ериді.

92. Көптеген африкалық тайпалар денеге қару-жарақ бекітілген белдікті ғана тағып, бірақ киім киюді қаламайды.

93. Фесте жерінде 859 жылы құрылған әлемдегі ең ескі университет бар.

94. Сахара шөлі Африканың 10 елін қамтиды.

95. Сахара шөлінің астында жалпы аумағы 375 шаршы шақырым жер асты көлі орналасқан. Сондықтан шөл далада оазистер көп кездеседі.

96. Шөлдің көп аумағын құм емес, тас пен құмды топырақ алып жатыр.

97. Шөлде адамдар түрлі ғимараттарды елестетін орындар бар.

98. Сахарадағы үйілген құм желілері Эйфель мұнарасынан да биік болуы мүмкін.

99. Сусымалы құмның қалыңдығы 150 метрге дейін жетеді.

100. Шөлдегі құм 80 градусқа дейін ысуы мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Табиғатта демалғанда мына ережелерді ҰМЫТПАҢЫЗ!


Әлемдегі ЕҢ ЕРЕКШЕ қонақүйлер Сізді тәнті етеді!

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет